Бейнелеу ?нері п?нінен саба? жоспары: Шар ж?не циллинд т?різді заттарды ?р т?рлі к?ріністерде бейнелеу.


Сабақты құру және жоспарлау кестесі.
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Жұлдыз Аманбаева 5 сынып Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп
7 апта . 4 сабақ 10.40.-11.35 № дәрісхана
Сабақтың атауы Шар және циллинд тәрізді заттарды әр түрлі көріністерде бейнелеу.
Сілтеме З. Айдарова 5 сынып оқулығы, ноутбук
Жалпы мақсаттары Шар және циллинд тәрізді заттарды әр түрлі көріністерде бейнелеу. Олардың басқа заттарға ұқсастығын талдау. Оларды қағаз бетіне дұрыс орналастырып салу. Жарық пен көлеңкелерін жазықтықта бейнелей алуларын жаттықтыру. Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.
Міндеттері 1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
2. Жаңа тақырыпқа  оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, барлық білетін түстерін қайталау.
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау. 
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының  өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО   
Күтілетін нәтиже 1. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды үйлестіру туралы өздерінің білімдерін кеңейту
2. Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру   
Тапсырмалар Бейнелеу өнері оқулығы.
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, / сәлемдесу 
Сто сұрақтары Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері? -Мақсаты
-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
Оқушыға берілген сұраққа жауап беру үшін қосымша уақыт алуына мүмкіндік беру
Оның өзара қарым-қатынастан алар пайдасын бақылау
Ауызекі сөйлеу дағдысы жетілген балалармен қарым-қатынас жасауына, олармен түрлі тақырыпта диалог құруына жағдай жасау.
Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? Мұғалімнің іс-әрекеті:
-әрі қарай  не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
Ой қозғау мақсатында сыныпқа көптеген геометриялық денелерді алып келемін.
ІІ мағынаны тану
Шар және цилинр тәрізді заттарды әкеліп балалардың алдына қоямын
Балалар қызығушылықпен сұрақтар қоя бастайды.
Қойылған сұрақтарды барлық сыныппен талданады.
Заттардың пішімдерін, орналасуларын талдауға бағыт беріледі.
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу Сурет салу, тапсыма орындау.
Берілген заттарды сурет дәптеріне дұрыс үйлестіріп салу талап етіледі.
Тапсырма әр оқушыға жеке орындауға тапсырылады.
Нобайлар салғанан кейін балалар шағын топта ортақ сурет салады. Суреттері шар және цилиндр тәіріздес заттарға байланысты болады.
Топтағы дарынды балалар салған суреттеріне әңгіме құрастырады.
Салып болғаннан кейін балалар суреттерін тақтаға апарып жабыстырады.
Толғаныс (рефл-я)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру Оқушылардың ойларын сұрап, сыныппен ақылдасып, жасаған жұмысты қорытындылап, сабақты тұжырымдаймыз. Сабақты қорытындылау.
Бағалау түрлері Балалар бір бірінің жұмыстарын стикерлер жабыстыру арқылы бағалайды.
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру... Үйге тапсырма беру:
Келесі сабаққа альбом, қарындаш, бояулар, палитра әкелу.
Балалар сабақ бойы білгендерін, танысқандарын қорытындылай келе айналадағы қоршаған заттарды сезіне білуді үйренеді. Үйде нобайлар салуға тапсырма беріледі.