Бейнелеу ?нері п?нінен саба? жоспары: Таби?и жары?та ??мыраларды? суретін салу.


Сабақты құру және жоспарлау кестесі.
Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні Жұлдыз Аманбаева 5 сынып Ақмола облысы Бурабай ауданы Сәкен Сефуллин атындағы орта мектеп
8 апта 4 сабақ 10.40.-11.35 № дәрісхана
Сабақтың атауы Табиғи жарықта құмыралардың суретін салу.
Сілтеме Қ. Болатбаев, Ұ Ибрагимов 5 сынып оқулығы Балалардың салған суреттері
Жалпы мақсаттары Бейнелеу өнері деген не, оның адам өміріндегі маңыздылығы, оның басқа өнер түрлерімен байланысы. Блик, рефлекс терминдерімен таныстыру. Суық және жылы түстерді айыра білулерін үйрету. Оқушы алған білімі өз дамуына әсер ету өмірде алған білімін қолдана алу.
Міндеттері 1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
2. Жаңа тақырыпқа  оқушылардың білетін білімі арқылы кіру, барлық білетін түстерін қайталау.
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау. 
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының  өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО   
Күтілетін нәтиже 1. Блик рефлекс жайлы ұғым, білімінің негізін қалау.
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды колорит туралы өздерінің білімдерін кеңейту
3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру   
Тапсырмалар Бейнелеу өнері оқулығы.
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 
Сто сұрақтары Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-Мақсаты
-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
Оқушылардың логикалық ойларын дамытуға тағы мынандай ойындарды қолдануға болады. Оқушыларды кез келген түсті айтып, сол түсті бес нәрсені тез арада айтуларын талап ету. Бір минуттың ішінде бес нәрсені атай алмаған бала ойыннан шығады. Аталған нәрселерді қайталауға болмайды. Бала тез ойланған арқылы түстерді қайталайды.
Мұғалім сұрағы: Біз осы ойынды не үшін ойнадық? Қалай ойлайсыңдар? Ойлануға уақыт беріледі. Жауаптары қабылданады
Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? Мұғалімнің іс-әрекеті:
-әрі қарай  не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
ІІ мағынаны тану
Натюрморт жанрын қайталау
Әр-түрлі заттарды қағаз бетіне дұрыс композиция құрастырып орындауға тапсырма беру.
Табиғи жарықта құмыралардың суретін салуға тапсырма беру.
Сурет салу  
Мағынаны ажыра-ту сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылар-дың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқы-сын жасай білу қабі-леттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу Сурет салу, тапсыма орындау. Бірнеше дұрыс үйлестірілген натюрморттардың суретін ұсыну. Сол суреттерге қарап дұрыс композиция құрастыруға тапсырма беріледі. Балалар шағын топта сурет салады.
Суретті салып болған соң балаларға мәтін тарату.
Мәтін топтағы талантты, дарынды балаға беріледі, оқығаннан кейін ол өзінің түсінгенін топтағы оқушыларға айтып береді де суретке жаңа мағына береді. Шағын топта өздері ақылдасып бір тұжырымға келеді. Сабақ бойы не туралы айтылғаны туралы бір шешімге келеді.
Мәтін. Натюрморт (фр. nature morte – өлі табиғат) – бейнелеу өнері жанрының бірі; қоршаған ортадағы бір құрылымға топтастырылған түрлі тұрмыстық заттар мен жеміс-жидектерді, өсімдіктер, тағамдарды бейнелеу.Натюрморт – жансыз заттар мен әр түрлі бейнеленген көркем сурет құралымен орындалған көркем шығарма болып табылады. Натюрморт -қарапайым, күрделі болып екіге бөлінеді.Қарапайым натбрморт екі, үш заттан аспайтын, күделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым заттардан, бұйымдардан тұрады.Ал, күрделі натюрморт көптеген заттардың жиынтығынан құралады. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғасырдың басында Голландияда пайда болады. Суретші қарабайыр тұрмыстың ең бір қарапайым көрнісін бейнелеген мен қаншалықты сұлулық , қаншалықты поэзия таба алады. Жай нәрсенің өзінен елең еткізер сұлулық баба білу суретшілердің төл мінезі болып табылады.Қазақ суретшілері арасында Айша Ғалымбаеваның ұлттық натбрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады. Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады. Сарамандық жұмыс: • Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.
Натюрмортты шағын топта бірігіп саламыз.• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.• Суретті қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастаймыз. • Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялықденелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.• Натюрмортты орналастырып болған соң, артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға дайындаймыз.• Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояймыз.
Шағын топтағы салған суреттерін шығып бірге қорғайды.
Толғаныс (рефл-я)
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу Оқушылардың ойларын сұрап, сыныппен ақылдасып, жасаған жұмысты қорытындылап, сабақты тұжырымдаймыз. Сабақты қорытындылау.

Сабақты аяқтау түрлері-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру... Үйге тапсырма беру:
Келесі сабаққа қарындаш, бояу, қылқалам, су құятын ыдыс, альбом, әкелу.
Балалар сабақ бойы білгендерін, танысқандарын қорытындылайды.