Мазм?ндама Араларды? досты?ы 1 сынып


Сауат ашу 1 «Ә» сыныбы Тақырыбы: Мазмұндама «Аралардың достығы»
Мақсаты:
Оқушылардың жазбаша байланыстырып сөйлеу дағдысын, жазбаша тілін қалыптастыру, есту арқылы мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін сақтай отырып жазуға үйрету.
Логикалық ойлау, есте сақтау қабілетін, зейінін жетілдіру; өз ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.
Қоршаған ортамен ізгілік қарым-қатынас орната отырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.ІІ. Мақсат қою кезеңі:1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкерлерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;ІІІ. Мәтінмен жұмыс:-Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы;-Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы;-Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау;содан кейін мәтінді қайталап оқу.-Жоспар құру.-Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою;-Түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою. (міндетті түрде істелетін жұмыстар).«Аралардың достығы»
Орманда бір топ ара тұрыпты. Бәрі еңбекқор болыпты. Үнемі гүлден шырын теріпті. Өздері тату тұрыпты. Содан балдай тәтті өмір сүріпті. (20) («Балдырған» журналынан)
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: шырын, балдай тәтті өмір.
Мазмұндама жоспары:
Орманда қанша ара тұрыпты?
Бәрі қандай болыпты?
Үнемі не теріпті?
Өздері қалай тұрыпты?
Содан қалай өмір сүріпті?
ІҮ. Сұрақта бар дайын сөздермен жауап беру арқылы жазу.