Мазм?ндама Кітап — асыл ?азына 7 сынып


7 сынып Қазақ тілі 29.09.16 жыл
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама « Кітап –асыл қазына» 120 - 140
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушыларды шығармашылық қабілеттерін бекіту.
2.Тәрбиелік: Кітапты ұқыпты ұстап, қадірлеуге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: оқушылардың жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Оқушыларды мазмұндама мәтінімен таныстыру.
Кітап - асыл қазына
Кітап - асыл қазына. Әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Кітап – біздің рухани құндылығымыз, өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін теңдессіз байлығымыз. Тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерін де кітаптан білеміз.Талай оқиғалардың куәсі, талай жаңалықтардың көзі –осы кітаптар. Адам баласы сол байлықтың көзін «Кітап» деген құдіреттен тапты.
Кітапты ең жақсы сыйлық ретінде қабылдайтын адамдар қазір де кездеседі.
Кітапты туған күнге де, мерекеге де, балаға да, үлкенге де сыйлауға болады. Қазіргі таңда сыйға беретін полиграфиялық туындыларды да таңдап алуға болады. Балаларға қазақша, орысша немесе үш тілді энциклопедиялар сыйлауға болады. Үйінде бай кітапханасы бар адамдардың коллекциясына әйгілі авторлардың шығармалар жинағын сыйға тартуға болады.
Ғылым мен техника, жоғары технология дамыған XXI ғасырда да бәрінің бастау алар қайнар көзі – кітап.Кітап қай заманда да болсын ең жақсы сыйлық болып қала бермек.
 Мазмұндау жоспары:1. Рухани қазына.
2. Кітап – ең жақсы сыйлық.
3. Кітап – ғылы мен техниканың қайнар көзі.
Сөздік жұмысы: қазына- сокровище
Рухани - духовная
Ғылым кереметтері – чудеса науки
ІV. Сабақтың аяқталуы.