?аза? тілінен мазм?ндама Мемлекеттік тіл (7 сынып)


Сынып: 7 А, Б
Мерзімі: 26.09.2016; 28.09.2016
Сабақтың тақырыбы:  Мазмұндама «Мемлекеттік тіл»
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша   алған  білімдерін  пысықтау, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету; ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, сыйлауға,  адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;
Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін  нәтиже: мемлекеттік тіл жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың  барысы:
І. Ұйымдастыру  бөлімі: - Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі
ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру
«Мемлекеттік тіл» тақырыбы  бойынша  білімдерін пысықтау
ІІІ. Жаңа  сабақ
  Қажетті сөздер: мінезі, бет-әлпеті, ермегі, бойы, бос уақытында,    жасы, т.б.
 
Мазмұндама
Мемлекеттік тіл
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол — халық тарихымен бірге жасап, ұрпактан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі — Қазакстанда ғана емес, басқа да елдерде, шетелдерде тұратын қазақтардың да ана тілі.
Қазак тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың  ұлтаралық ортақ тілі.
Қазақстан Республикасында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.
Елбасымыз айтқан «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.
ІV. Бекіту бөлімі:    Сұрақтар қою арқылы  бекіту
V. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау
VІ. Бағалау бөлімі: Мазмұндама  бойынша  бағалау.
VІІ. Сабақты  қорытындылау