Мазм?ндама ж?не шы?арма жина?ы 1 сынып


Мазмұндама және шығарма.
Оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізуге үйрету мазмұндама, шығарма жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Ауызекі және жазба тілде мазмұндау, шығарма жұмыстары берілген тақырып, тірек сөздер, суреттер, саяхатта көргендері және т.б. бойынша жүргізіледі.
I жартыжылдықта Әліппеден кейінгі кезеңде 1рет мазмұндама үйрету мақсатымен алынады.
II жартыжылдықта кем дегенде 2 рет үйрету мақсатындағы мазмұндама (20-25 сөз) және 2 рет үйрету мақсатындағы шығарма жұмыстары алынады.
Мазмұндамаға арналған сөз саны: 1 сыныпта 25-28 сөз (жылдың соңында)
1 сынып мазмұндама шығарма
І тоқсан - -
ІІ тоқсан 1
(үйрету мақсатымен) -
ІІІ тоқсан 1
(үйрету мақсатымен) 1
(үйрету мақсатымен)
ІV тоқсан 1
(үйрету мақсатымен) 1
(үйрету мақсатымен)
жылдық Мазмұндаманы жалпы бағалауда мынаны ескерген жөн:
мазмұны (автор мәтінінің негізгі мазмұны қалай жеткізілген: толық, негізгі көріністерді қалтырмай, бұрмалаусыз);
мәтіннің құрылымы (мазмұндау барысы, азат жолдарды белгілеу, бөлімдердің орналасуы)
сөйлемдердің құрылымы, сөздер ретін сақтау, мәтін лексикасы (сөздерді өз мәнінде қолдана білу)
емлелік және пунктуациялық сауаттылық
Шығармашылық жұмыстарды (мазмұндама, шығарма) бағалау критерийлері:
1-2-3 сыныптарда үйрету мазмұндама мен шығармаға журналда мазмұнына ғана 1 баға қойылады. Ал бақылау мазмұндамасына, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына, мысалы 4/5). 4 сыныпта үйрету және бақылау мазмұндамаға, шығармаға 2 баға қойылады (мазмұнына, сауаттылығына (5/5).
Сауаттығына байланысты бағалау критерийлері:
«5» - емле және тыныс белгілерінен қате жоқ, бірақта 1-2 түзетушілік болса;
«4» - 2 емле, 1 тыныс белгісі қателері жіберілсе және 1-2 түзетушілік болса;
«3» - 3-5 емле, 1-2 тыныс белгісінен қате болса, 1-2 түзетушілік болса;
«2» - 6 дан астам емле, 3-4 тыныс белгілерінен қателер, 3-4 түзетушілік болса.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
тірек сөздер, сюжетті картиналар арқылы 4-5 сөйлемнен тұратын әңгіме құра алады;
картина арқылы елестеуі (қиялдауы) бойынша шығарма жаза алады (4-6 сөйлем
Мазмұндама
ІІ тоқсан (1сағат)
Мақсаты: - өз ойын жазба тілде тиянақты түрде сұраққа жауап беру арқылы жеткізуге үйрету;
- кіші, бас әріп элементтерін жазу, оларды каллиграфия нормасын сақтай отырып, бір-бірімен байланыстырып, жазуға үйрету;
«Жаңа жыл»
Жаңа жыл – қуанышты мереке. Оған арнап шырша құрылады.
Балалар шыршаны айналып, өлең, тақпақ айтады.
Аяз ата мен Ақша қар келеді. Олар сыйлық таратады. (23 сөз)
Сұрақтар:
1.Жаңа жыл қандай мереке?
2.Жаңа жылға не арнап не құрады?
3.Балалар Жаңа жылды қалай қарсы алады?
4.Кімдер келеді?
5.Олар не таратады?
Жоспар:
1.Жаңа жыл шыршасы.
2.Жаңа жылды қарсы алу.
3.Сыйлық.
ІІІ тоқсан (1сағат)
Мақсаты: - тыңдағанын түсініп, сұрақтарға толық жауап беруге үйрету;
әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, естіген мәтінін өз сөзімен жазуға бейімдеу;
«Орман»
Орман қандай тамаша! Оның іші әсіресе жаз кезінде көңілді. Құстар сайрап ән салады. Самал жел соғып,ағаштар тербеледі. Орман адамға пайдалы.
Ағаштардың көлеңкесі жанға жайлы. ( 25сөз)
Сұрақтар:
1.Орман іші жаз кезінде қандай?
2.Құстар қайтеді?
3.Қандай жел соғады?
4.Орман кімге пайдалы?
5.Нелердің көлеңкесі жанға жайлы?
Жоспар:
1.Орман.
2.Құстар.
3.Ағаштардың пайдасы.
ІV тоқсан (1сағат)
Мақсаты: - заттарды, жануарды сипаттап,оның пайдасын білуге үйрету;
сөздік қорын молайту.
«Қойдың пайдасы»
Қой – өте пайдалы мал. Оның биязы жүнді түрі көп өсіріледі. Жүніннен маталар тоқылады. Терісінен аяқ киім, тон тігеді. Қой етінен әр түрлі тағамдар дайындайды. Сүтінен ірімшік, құрт, май жасайды. (28сөз)
Сұрақтар:
1.Қой қандай мал?
2. Оның қай түрі өсіріледі?
3.Оның жүнінен не тоқылады?
4.Терісінен не тігеді?
5.Етінен нелер дайындайды?
6.Сүтінен не жасайды?
Жоспар:
1.Пайдалы мал.
2.Оның пайдасы:
а) жүні
ә) терісі
б) еті
в) сүті
Шығарма
ІІІ тоқсан (1сағат)
«Ана – өмірдің жүрегі»
Мақсаты: - анаға деген сүйіспеншілігін арттыру;
- ананың қадірін білуге, сыйлауға тәрбиелеу;
- оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту
ІV тоқсан (1сағат)
«Отан»
Мақсаты: - оқушының бойында адами құндылықтарды: Отанға деген сүйіспеншілікті, елжандылықты, патриоттық сезімді дамыту