Математика. Та?ырыбы: Білімдерін тияна?тау Саба? жоспары


Ертегілер еліндегі ғажайып математика
ШҚО обласы,Көкпекті ауданы,Самар ауылыЖ.Болғанбаев орта мектебі
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі: Айткенова .Н.А
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санаутүсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика, әлеуметтік орта, шығармашылық
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар, санауға арналған қонжық маскалары, алма ағашының макеті, шығармашылық ойынға арналған пішіндер салынған кілемшелер, алманың муляжы, үйшік макеті, ертегі кейіпкерлері, слайд.
Сабақты ұйымдастыру:
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балаларБалалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс айыТәрбиеші: Қыс айларын ата?
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпанТәрбиеші: Қымбатты балалар, қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян»
Тәрбиеші: Олай болса, Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!
Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша; Асылым:
О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Осы кезде біреу есік қағады.
Аю: (Бекұлан) Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне ұқсайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1 - тапсырма. Бір аптада неше күн бар?
Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбіде доп ойнадым даладаСейсенбіде серуен құрдым қаладаСәрсенбіде сурет салдым сәндетіпБейсенбіде би биледім әндетіпЖұма күні жидек тердім ағаштанСенбі күні кино көрдім клубтанЖексенбіде үйде болдым дем алдымОсылайша өте шықты бір апта.
Біздің балаларда апта күндерін айтып береді.
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Бір кезде Қасқыр келеді.
Қасқыр:(Ақмерей) бұл сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
2 - тапсырма1 - ден 5 - ке дейін тура, кері санап бер.
0 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1 0
Маша: Дұрыс, үйге кіре ғойОйын: Көршісін тап
Қоян(Айша): Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қоян: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім., оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды.
Маша: мм, қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3 - тапсырма.
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаңҚалады онда неше алма.
Қоян: 0 алма.
Маша: Дұрыс айтасын, кіре ғой.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен?
Төрт қонжық ормандаКеле жатты қорбандапБіреуі шаршадыӘрмен қарай бармады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі(Данара). Мен түлкімін. Менің қолымдағы шаршы пішіні.
Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін санамақ айтып бер.
Данара:
Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлімҮш дегенім үміт,
Үміт артар жігітТөрт дегенім төзім,
Төзе білім өзімБес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші: Жарайсың Түлкі.
Енді біздің балаларда санамақ білетін болар, қане кім айтып береді?
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұстаЕмін - еркін тыныстаОң қолыңды соз алғаҚол ұшына қарадаҮшбұрыш сыз ауадаСол қол босқа тұрмасынШеңбер жасап тынбасын.
Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
5 - тапсырма. Саусақпен санап үйренейік:
Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім мамаға,
Бір кәмпитім папаға.
Өзімеде жете ме?
Қорытынды.
Тәрбиеші: Балаларға пішіндерге ұқсас заттарды теледидардан көрсету.
Балалар пішіндер туралы тақпақтар айтайық:
1. Пішіндерді үйрендімҚабырғасы тік сайлы.
Үш бұрыш бұл үйлердіңШатырына ұқсайды.
2.: Бөлініп - ап екіге,
Отырған сәт шетінде.
Төртбұрышта ұқсайдыҮстелдердің бетіне.
6 - тапсырма. Балаларға логикалық сұрақ:
Айгүлдің мамасы дүкеннен екі төртбұрышты доп сатып әкелді. Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі қалды?
Ағашқа бес торғай қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
Сандар шығып тақпақтарын айтады:
1.: Мені білгін келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
2. Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
3. Екіден соң әрқашанҮш саны боп қаламын.
Қос мүйізі майысқанҰлттық ою саламын.
4.: Достар мені төрт дейдіБеске бірім жетпейдіБірақ үшке ағамынЖақсысымын бағаның5. Әр қолда саусақ бес - бестенШықпас тегін ол естенБіліп санның шамасынМысал ойлап табасың.
7 - тапсырма. Балаларға шығармашылық ойын: «Кілемшені толтыр»
Тәрбиеші:
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Біздерге қонаққа нелер келді?
Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.
Тәрбиеші: Балалар сіздерге машаның кәмпиті бар екен.
Балаларды Маша мадақтайды.
Рольдегі балалармен таныстыру:
Маша - АсылымАю - Бекұлан. С
Қасқыр - МергенҚоян - Айша.
Түлкі - ДанараОсымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
Балалар: Қол ұстасып тұрайықШеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай білді,
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады