Мектеп алды даярлы? топтарына арнал?ан математика п?нінен саба? жоспары.Та?ырыбы: Пішіндер ?леміне саяхат


Білім беру саласы ;Таным .Шығармашылық.
Бөлімі ; Математика;Жапсыру.
Тақырыбы ; Пішіндер әлеміне саяхат
Мақсаты ; 1. Балаларға пішіндер мен түстерін қайталап шығу.
2. Пішіндердің түстерін ажыратуға бейімдеу.
3.Ойлау қабілеттерін сақтау және дамыту.
Әдісі; Қайталау .Түсіндіру. сурет бойынша әңгімелеу.
Көрнекіліктері ; Пішіндердің суреті .
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті Жетістігі Кемшілігі
Ынталандыру кезеңі
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Сергіту сәті
Қортынды -Балалар кане күннің көзіне ұқсап дөңгелене шеңберге тұрайықшы.
Шаттық шеңберін жасау.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп өніп толамыз.
Күнге қарай табынып,
Көкке қолын созамыз.
-Балалар казір екі орталыққа бөлінеміз,шығармашылық тобына баратын балалар белгілеріңді алып орындарыңа отыра қойыңдар.Онда балалар әр түрлі пішіндерден Зымыранның бейнесін жапсырасыңдар.
Математика орталығына баратын балалар менімен бірге пішіндер әлеміне саяхат жасайық.
-Балалар біз қайда келдік?
-Балалар тақтада қандай пішіндерді көріп тұрсыңдар?Осы пішіндердің түстері қандай,олар нелерге ұқсайды,осы пішіндерге ұқсас заттар біздің топтың ішінде барма?
-Балалар бізге Сиқырлы қобдиша қонаққа келіпті,балалар ішінде не бар екенін көргілерің келеме?Онда бірге қарайық,қолымызға алайық бұл қандай ойыншыққа ұқсайды?,түсі қандай?,пішіні қандай?
Балалар тағыда бір ойын ойнап көреміз ба?
Ойынның тақырыбы «Орнын тап»
Бұл ойынның шарты кішкентай адасқан пішіндерді сәйкес ойықтарға салу.
Балалар сендер жақсы біледі екенсіңдер
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
Жаттығулар жасасақ
Жақсы сергіп қаламыз.
Балалар менің қолымда әр түрлі суреттермен бейнеленген кубиктар
Бұл ойынның шарты «Сен білесің бе»?
Балалар кубиктағы суреттерге қарап әңгімелеп береді
Балалар бүгін біз қандай пішіндерді қайталадық?
Адасқан пішіндерді қайда қойдық?
Жапсыру сабағындағы балалар сендер қандай пішіндерден жұмыс жасадыңдар?
Балалар сендерге сабақ қызықты болды ма?
Балалар сендер сабаққа жақсы қатыстыңдар .
Пішіндер әлеміне саяхаттап адасқан пішіндерді өз орындарына қойып шықтыңдар.
Балалар сендер сабаққа жақсы қатысқан үшін менің сендерге сыйлығым бар. Балалар шеңбер бойына жиналып ,шаттық шеңберін жасайды.
Үшбұрыш,төртбұрыш,шаршы пішіндерінен зымаранды жапсырады.
Пішіндер әлеміне. Төртбұрыш,үшбұрыш, шаршы.
Көк,қызыл сары.
Үшбұрыш үйдің шатырына,пирамидаға ұқсайды,төртбұрыш үйдің бөлігіне,топқа,кубикқа,кітапқа ұұсайды.
Я, қобдишаның ішінен бір бала сағатты алады ,бұл допқа, басқа,күннің көзіне ұқсайды,ал түі сары ,қызыл, көк,пішіні дөңгелек.
Екінші бала кубикті алады,бұл үйдің бөлігіне,топтың ішіне,төртбұрышқа ұқсайды,түсі көк ,сары.
Үшінші бала пирамиданы алады,бұл үйдің шатрына,
Түсі қызыл ,пішіні үшбұрышқа ұқсайды
Балалар адасқан пішіндерді өз орнына салып қояды
Балалар шеңберге жиналып сергіту сәтін орындады
Үи жануарлары, құстар,ойыншықтар