Информатика п?нінен сыныптан тыс ж?мыс Информатика ?леміне саяхат (8 сынып)


Сыныбы: 8 «А», «Ә»
Сыныптан тыс жұмыс тақырыбы: Информатика әлеміне саяхатМақсаты:1. Ақпарат және ақпараттық технологияға байланысты оқушылардың алған білімдеріннығайту, тиянақтау бір жүйеге келтіріп, тексере отырып, қорытындылау;2. Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіптіұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;3. Оқушылардың компьютер туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнгеқызығушылығын арттыру.Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, логикалық тапсырмалар.
Сайыс кезеңдері: Бұл сайыс 7 кезеңнен тұрады:І кезең. Таныстыру
ІІ кезең. Үй тапсырмасы. Компьютерге байланысты дикілерден таныстырылым құру«Кім епті?» (команданың бір мүшесі шығып, тақтадағы антивирустың суретіндегі жұмбақты табу керек)ІІІ кезең. «Дешифратор»
IV кезең. «Кім тапқырлық» жұмбақ
V кезең «Кім жүйрік?» (алдарыңызға берілген құралдар мен жабдықтарды дербес компьютерге жалғау керек. Жалғанған компьютер дыбыстық, жеке файлдармен жұмысты қамтамасыз ете алуы тиіс. Тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі).VI кезең. «Тапқырлық». Сұрақ-жауапVІIІ кезең. Қорытынды, марапаттау.
Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысымызға әділ төрелігін береді деген үмітпен шақырылған әділ - қазыларды таныстырайын.1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ___________________________2. Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары ___________________________3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: ___________________________4. Мектебіміздің ______________________________________________________Бізде балдық жүйе 5, 10 деп алынып отыр. 5 - бұл жерде төменгі ұпайды білдіреді, 10 - ең жоғарғы ұпайды білдіреді. Сайыстың әр кезеңінен кейін ұпай саны бірден беріліп отырады.Өмірге өзек болған нақты ғылымӘлемге ақпараттың шашты нұрын.Келеді тәрбиелеп еркін елдің,Ертеңгі алғыр қызын, тапқыр ұлын
Бүгінгі кеште өз білімдерімен сайысқа түскелі келіп отырған сайыскерлерімізді таныстырып өтелік. 8 – «А» «Ә» сынып оқушыларынан құрылған «---------------» тобы, «--------------------» тобыІ кезең. «Таныстыру» кезеңі
ІІ кезең «Үй тапсырмасы».
ІІІ кезең «Дешифратор»Ойынның шарты: Әр командаға 15 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.І командаға1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)11. Компьютерде жұмыс жасау үшін операциялық жүйенің қажеті жоқ. (жоқ)12. 1 Мегабайт 8 байтқа тең. (жоқ)13. ЭЕМ дамуының І буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (ия)14. Адамға ақпарат дыбыс, мәтін, графикалық түрде берілмейді. (жоқ)15. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)ІІ командаға1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)11. 1 Кбайтта 1024 Мбайт бар. (жоқ)12. Процессор - ол компьютердің миы. (ия)13. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)14. 1 Килобайт 8 байтқа тең. (жоқ)15. ЭЕМ - нің даму тарихы 7 буыннан тұрады. (жоқ)ІҮ кезеңіміз «Кім тапқыр?». Сайыстың шарты бойынша әрбір командаға антивирустың сурет көрсетіледі. Команданың әрбір мүшесі шығып, әрбір антивирустың сұрағына жауап береді Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.«Жұмбақ шешу»Жануарға ұқсас атым бар,Бағдар көрсетер затым бар.Кілемше үстінде тұрамын,Ең қажетті құралмын... (тышқан)Жұртты өзіне қаратқанАқпаратты сақтап, таратқан...(компьютер)Мәліметті сұраған,Экранға шығарған....(монитор)Егер білсең, айта қойшыБұл қандай құрылғыАқпаратты қағаздағыКомпьютерге енгізеді....(сканер)Бір сарайда тұрады екен,Бес атаның балалары.Қыдырмашы біреуі,Бір күн бар да, бір күн жоқ.Соны есепке алсақ.Ұзын саны жүз жеті...(пернетақта)Бұтақ орнында мың бір инесіКомпьютер жаны мекені...(кактус)
Армандарға қол созумен келеміз,Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.Білімменен қаруланған тобымыз,Қарсыласты қалайда біз жеңеміз, - деп, сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз.
Ү кезең. «Кім жүйрік?». Алдарыңызға берілген құралдар мен жабдықтарды дербес компьютерге жалғау керек. Жалғанған компьютер дыбыстық, жеке файлдармен жұмысты қамтамасыз ете алуы тиіс. Тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі.VI кезең. «Тапқырлық»Келесі кезеңді бастайықҰяшықтарды ашайық.Асығыстық қылмаймыз,Ұпайларды жинаймыз –Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.І топ1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор)4. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон)5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор)6. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (Алгоритм)7. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауда қолданылмайтын ұғым (ұяшық)8. Ақпараттың өлшем бірлігі (бит, байт)9. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы (файл)10. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)ІІ топ1. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж)2. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD - ROM)3. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы (Интернет )4. Компьютерде орындалатын программалар қандай топтарға жіктеледі? (Жүйелік, қолданбалы, программалау).5. Дүние жүзіндегі ең бай адам? (Билл Гейтс)6. Аталған байттар тізбегі (файл)7. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас (Интерфейс)8. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус )9. Бос орын қалдыру пернесі (пробел)10. Стандартты программалар (Блокнот, Word Pad, Paint, Калькулятор)VІІ кезең. Қорытынды, марапаттау.Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Осы сайысымызды қорытындылау үшін ортаға директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары ---------------------- шақырамыз.Информатика нық басып ғаламатта,Ой бөлісіп заманды саралапты.Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,Қайта айналып көріскенше саламатта.Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды! Баршаңызға көп - көп рахмет!