«Информатика ?леміне саяхат» атты информатика п?нінен интеллектуалды шоу.


Тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат» атты информатика пәнінен интеллектуалды шоу.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды тапқырлыққа, табандылыққа, іскерлікке дағдыландыру.
Дамытушылығы: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, өз бетімен
қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін
арттырып үлкен жетістіктеріне жетуіне тәрбиелеу
Түрі: Танымдық ойын сабағы
Пән аралық байланыс: Орыс тілі, ағылшын тілі т.б.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, бейне жазбалар, демонстрациялық құралдар.
Барысы:
жүргізуші : Армысыздар, бүгінгі кешке жиналған информатиканы сүюші қауым! Бүгінгі біздің «Информатика әлеміне саяхат» атты информатикалық интеллектуалды шоуымызға қош келдіңіздер!
Мінеки залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Информатика жайында
Кешімізді бастаймыз.
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрінде –
Ақпараттық заманың.
Интеллектуалды шоу 6"в" және 6"г" сынып оқушылары арасында өтеді.Яғни,1топ-6в сынып оқушылары «Ақпарат» тобы, 2топ - 6г сынып оқушылары «Компьютер» тобы. Шоу жоспарымен танысайық.
Жоспар: І бөлім:
I -тур: «Таныстыру»
II -тур: «Құпия сандық»
III – тур: «Информатика әлеміне саяхат»
IV – тур: «Қанша тілді білесің?»
V – тур: «Кім жылдам?» ойыны »

жүргізуші:
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21-ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды , - дей келе ортаға сайысымызға қатысушы 2 топ оқушыларын бір-бірлеп шақырамыз. Сайыскерлер дайын болсаңыздар, алғашқы айналым информатика пәні бойынша «Құпия сандық» турынан бастаймыз , яғни екі топтан оқушылар бір-бірлеп келіп құрылғынын атын,атқаратын қызыметін айту керек.Әр сұраққа толық жауап берген оқушыға 2 балл,жартылай жауап берген оқушыға 1балл есептелінеді.
1.модем-компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы.
2.жүйелік блок- ақпаратты өңдеу және сақтау құрылғысы
3.флеш жады-ақпарат тасығыштар.
4.сканер-мәтінді және графикалық ақпаратты оптикалық оқу тәсілі арқылы компьютерге енгізуге арналған құрылғы.
5.дыбыс коланкалары-компьютерде дыбыспен жұмыс жасау үшін қажет.
6.Принтер-ақпаратты компьютерден қағазға басып шығаруға арналған құрылғы.
7.монитор-ақпаратты шығару құрылғысы
8.тышқан-компьютердің қосымша құрылғысы
9.перне тақта-ақпаратты енгізу құрылғысы
10.дискжетек-ақпаратты сақтауға арналған құрылғы.
І тур: «Құпия сандық» (құрылғының атын, атқаратын қызметін айту)
жүргізуші:
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа
Қолыңды бекерге бос, соға берме
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме.
Зерделеп, сұрақ – жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске.
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға , – дей келе кезекте келесі айналым «Информатика әлеміне саяхат»
І топ:
1. Компьютерлік кезең қай уақытта басталды? (XX ғасырдың 80-жылдарының ортасында дами бастады.)
2. Алғашқы есептеу құрылғылары қанша амал орындады?(4 амалды ғана орындай алды.+,-,*,/)
3. Ақпараттың қасиеттері? (нақты, сенімді,толық,өзекті,пайдалы,түсінікті,қолжетімді)
ІІ топ:
1. ЭЕМ-нің буындаы қандай және нешеу?(4 буыны бар,Жаңа элементтік база,жаңа өндірістік техналогия,жаңа программалық пқолданба,жаңа қолдану саласы)
2. Г.Холлерит құрастырған машина қалай деп аталды?( Холлериттің табуляторы )
3. Компьютердің түрлері?(суперкомпьютерлер, үлкен компьютерлер,дербес компьютерлер,серверлер)
жүргізуші:
Келді кезек жұмбақтарды шешуге
Жауаптарын үш тілдерде беруге.
Қазақ,орыс, ағылшынды білсеңіз,
Ұпай жина, шәкірт саған несібе , – дей отырып, келесі айналым «Қанша тілді білесің?»
«Қанша тілді білесің?» (Жұмбақтың жауабын үш тілде айту)
Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тінтіуір, мышь, mouse)
Компьютермен енеді
Қағазға басып береді. (баспа құрылғысы, принтер, printer)
Мәліметті сұраған
Экранға шығарған (бейнебет,монитор,monitor)
Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді (терезе, окно,windows)
Қабат – қабат қаттама
Ақылын болса аттама (кітап, книга, book)
Ақпараттың қайнар көзі (табиғат,природа, nature)
Қоршаған орта орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер (ақпарат, информация, information)
Жіпке ілдім мен өзім
Кіп – кішкентай күн көзін ( шам, лампа,lamp)
жүргізуші:
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін алдарына салады
Кім білімді болса егер
Бүл кезеңнің жеңімпазы болады -дей келіп, соңғы айналым «Кім жылдам»
«Кім жылдам» (топ басшылары шығып 15 сұраққа тез жауап беріп өзінің жылдамдығын көрсету керек)
1-топ:
Компьютерде жұмыс істеу неше минуттан аспау керек? (45 минуттан)
Көзден экранға дейінгі ара қашықтық? ( 55-65см)
Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады? ( есту мен көру)
Ақпарат дегеніміз - ? (сақтау, түрлендіру,жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер)
Дыбыстық ақпаратты қандай құрал арқылы жеткіземіз? (радио)
Адам үшін ұялы телефон - ол? ? (Байланыс құралы)
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)
1 гбайт қанша мегабайтқа тең? (1024 Мбайт)
Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады? (видео)
Ноутбук компьютердің қай түріне жатады? (дербес компьютер)
Неше функционалдық перне бар? (F1-F12)
Ақпаратты енгізу құрлғысы? (пернетақта)
Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне? (capslock)
Еnter пернесі не үшін қажет? (енгізу)
Принтердің неше түрі бар? (бүріккіш және лазерлік)
2- топ
Операиялқы жүйе дегеніміз не? (компьютердің жұмысын басқаратын басты программа)
Ақпараттың ең үлкен өлшем бірлігі қандай? (байт)
Ақпаратты шығару құрлғысы? (монитор)
Винчестер дегеніміз не? (қатты дискі)
Дыбыстық ақпаратты шығару үшін қандай құрылғы қажет? (дыбыс калонкалары)
Мәтінді тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады? (бос орын,пробел)
Нетбук деген не? (алақан компьютері)
1 байт неше битке тең? (8битке)
Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады? (мәтін)
Интернет деген не? (әлемдік желі)
Компьютердің жұмыс істеуіне кедергі келтіретін программалар қалай деп аталады? (компьютерлік вирус)
Вирустан қорғайтын қандай программаларды білесің бе? (детектор- прогр.доктор -прог.фильтр-прогр. ревизор-прогр.)
Орындалатын кезде программа қайда сақталады? (жедел жадыда)
Файл дегеніміз не? (байттардың аты бар қандайда бір тізбек)
Paint бағдарламасын қалай іске қосамыз? (бастау-барлық программа-стандарттық- Paint)
Біздің келесі тапсырмамыз « Корермендермен жұмыс» болып есептелінеді,мұнда оқушыларға сұрақ қойылады дұрыс жауап берген оқушы өзінің 1 баллын қалаған тобына береді.
Оның үш түрі бар, оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді
ұнатады. Оның істеген жұмысының нәтижесін
тек қағаздан көруге болады.Бұл не? принтер
Олар компьютердің қосымша бөліктері. Олар ағалы-інілі.
Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді. дыбыс калонкалары
Жіпке ілдім мен өзім,
Кіп-кішкене күн көзін. Шам
Ас – адамның арқауы, ал компьютердің асы .. Ақпарат
  Есепті дұрыс шешеді,
өзге тілдің сөзі ол,
жауабын дұрыс береді,
ойлан тапшы тез бол. Интернет
жүргізуші:
Информатика - болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып ХХІ ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Талаптанайық жас достар ғылым деп,
Ғылыммен ұлтымыз да ұлт болып білінбек.
Ғылыммен тереземіз теңдік ап,
Болашақтың атар таңы күлімдеп, - дей келе, әділ қазылар алқасына сөз кезегін берейік.
жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар, уақыттарыңызды бөліп, келгендеріңіз үшін рахмет!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Уақытта біраз жерге таяп қалды.
Хош болып тұрыңыздар, жолыққанша,
Осымен біздің сайыс аяқталды.