Ашы? о?у іс-?рекетіні? та?ырыбы: «?дептілік еліне саяхат»
Тақырыбы: «Әдептілік еліне саяхат»
Мақсаты:Үлкендерді сыйлау,кішіге қамқор болу,жауапкершілікті сезіну,байланыстара сөйлеп,диалог құрау білуді үйреніп,сөзді тындап, тақпақты мәнерлеп айтуға дағдыландыру.Балаларға «Амасың ба?», «Сау болыңыз» сөздердің мағынасын түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер:ойын,сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Керекті құрал:орман декорациясы (ағаштардың, доп, қоян, тиін, кірпі, аю, түлкі атрибуттары, аңдардың жұмсақ ойыншықтары.
Оқу іс-әрекет барысы:
Ертеңгілік шеңбер:
Армысың,
Қайырлы күн,
Қайырлы таң,
Қайырлы Жер-Ана
Қайырлы достарым
Сендерді көрсем қуанамын.
-Жапырағы жайқалған орманда аю, түлкі, тиін аңдар өмір сүріпті(бетперделерін кигізу). Олар сондай шыдамсыз,бір орында отыра алмайды екен.Жан-жағын ластап, саңырауқұлақтарды құлатып, гүлдерді басып,жұлып тастайды екен (Балаларға көріністер көрсетіледі).Бір күні орманда қызықты оқиға болыпты.Әдептілік еліне ұшып бара жатқан Сыпайылық ханшайымының қолшатыры сынып, орманға қонуға тура келіпті (Ханшайым келеді).
Ханшайым:Қолшатырыма не болды,мен қайда тап болдым? Мынау,әдепсіздер орманы емес пе? Саңырауқұлақтар жұлынған,гүлдер тапталган.Мұнда әдепсіз, тентек аңдар тұрады екен ғой.Осылай жалғаса беретін болса,ормандағы бүкіл өсімдік:ағаш,саңырауқұлақ,гүлдер құрып кетеді. Балалар,ормандағы мына әдепсіздікке не істеуге болады? Сиқырлы таяғымен сыпайылық елінен достарымды шақырайын.
-Сыпайылық еліндегі Қоян мен Кірпі,екі дос ренжісіп отырады екен.
Қоян:Мен кірпімен дос болмаймы.Өйткені,ол әдепсіз.Оған сәлем, досым десем, жауап бермейді.
Кірпі:Сол сөзді күнде айтасың,сені кеше ғана қөрдім ғой.
Тәрбиеші:Кірпі,оның не?Сәлеметсіз бе,деген сөз денсаулығының жақсы ма,дегенді білдіреді.
Қоян:Сен өзің ғой, мені қыл деп мазақтай бересің.
Кірпі: Сен өзің менің атымды атамай,эй сен деп айқайлайсын.
Тәрбиеші:Достар бір-бірін сыйлап,құрметтеу керек.
Қоян:Кірпі,кешір досым.
Кірпі:Сен де,мені,кешір,қоян досым.Енді екеуіміз татуласайық.
-Балалар,егер біз ренжісіп қалсақ, «Татуласу» тақпағын айтып достасамыз.Солай емес пе?(Балалар бір-біріне қарап,қолдарын шапалақтап,тақпақты айтады.)
Татуласу
Әкел, досым қолыңды
Татуласқан орынды
Өкпелесіп не таптық
Көрсет,кене сонынды
Қол ұстасып жүрейік
Татулықтың белгісі
Кел,қосылып күлейік.
-Міне, қараңдаршы, әдептілік елінде қандай ақылды балалар тұрады.Кәне сендер орманды тәртіпке келтіріп,саңырауқұлақ, гүлдерді жинап оны санайық(1-5-ке дейін, тура, кері).(Аңдар жинайды)
Ойын: «Кім қандай сиқырлы сөздер біледі»(Допты алған бала сәлеметсіз бе,болама, сау болыңыз,өтінемін,беріңізші сөздерді айтып кері лақтырады )
-Орманда аю ауырып қалды.Оның көңілін сұрау үшін достары келді. Балалар ойыншыктарды алып көңілін сұрайды.(Тез жазылып шық,салқын тиіп қалмасын,жылы жүр,ауырма),әдептелік туралы тақпақ айтады.
Анаң сенің базардан,Алма сатып әкелді.Ең үлкенін, жақсысын,Саған таңдап әперді.Не деп барып жеу керек?Балалар: «Рахмет!» - деу керек.
Балалар жүр көшеде.
Естіледі айқай-шу.
Сен шыктын,көшеге
Қағып кеттің байқамай,
Не деу керек?
Кешіріңіз деу керек.
Кім үлкенді тыңдаса
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзін де.
Добын апар Назардың
Деді ағаң.Бармадың.
Тамжылмадың.Сазардың
Аға тілін алмадың
Сен қай сөзді айтпадың?
Рахмет деу керек.
Мақал-мәтел білесіңдер ме? Кім айтады?
1.Ақыл азбайды, білім тозбайды.
2.Бастаған істі тастама.
3.Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала-сорлы бала.
Әдепті бала ақылды,білімді болуы керек.
Ойын: «Сөйлемді аяқта.»
1.Аю күзде ұйықтайды,ал көктемде(оянады).
2.Жүргізушілер қызыл түске тоқтайды, жасыл түске(жүреді).
3.Кешке күн батады,ал таңертең (таң атады).
Сендер қандай бала болғың келеді?(Ақылды,әдепті,таза).
Корытынды: Бірге жүріп жаман әдеттерді ұмытамыз.
Бір ауыздан бәріміз тазалықты құптаймыз.
Бір-бірімізге көмектесеміз.
Достармен ренжесіп,таласып ұрыспаймыз.
Үлкендерді сыйлаймыз.
Кішілерге қамқор боламыз.
Бір-бірімізді жақсы көреміз.
Сау болыңыздар.
Жапсыру