Ашы? саба? Ж?п дауысты дыбыстар. К?рші ата
Сабақтың тақырыбы: Жұп дауысты дыбыстар. Көрші ата.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Дауысты дыбыстардың түрлері туралы түсініктерін, білімдерін молайту.Дамытушылық: Жүйелі сөйлеуге , сөздік қорларын кеңейту, мәнерлеп оқу, көркем жазу дағдыларын жетілдіре түсу шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, әдептілікке, көркемділікке баулу.Көрнекіліктер: Плакаттар, әр түрлі суреттер салынған плакаттар, қима қағаздар, көрнекі құралдар.Әдісі: СТО стратегияларыТүрі: Ашық сабақ.Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі-Психологиялық дайындықҚуан, шаттан,
Қуан шаттанҚуанатын күн бүгінҚайырлы күн!
Қайырлы таң!
Күлімдеп шықты күн бүгін.Тақтаға назар салып оқиық, мен оқушымын. Сабақты жақсы оқимын. Апайды мұхят тыңдаймын. Сабаққа белсене қатысамын.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге «Нағашы ата» жайында әңгіме жазу, О, қорқайын мен неге? Өлеңін оқуІІ Өткенді қайталап бекіту.Менің білетіндерім. Ережені еске түсіру.
А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү- жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Олар өзара ұқсас дыбысталады.ІІІ Жаңа сабақ.55- жаттығу. Оқулықпен жұмыс
Сөздерді салыстырып оқыңдар.
Ұн-үнтұс-түс құз-күзҰш-үш сұр-сүртұр-түрҰю-үюұғу-үгуқұн-күнБуын дегеніміз не? Буын нешеге бөлінеді? Буынның түрлері? Қандай буынға жататынын ажырату.
Буын санына байланысты тасымалданады. 1 буынды, 2 буынды, 3буынды,4буынды, 5буынды.
Дауысты дыбыстар.
А, о,ы, ұ ә, е, ө, і,үАстық өрікОтан көбелекЫдыс күрекҰлан әжеАрман ҮкіЕрежені оқушылар өздері шығарып қорытындылайды.
Дәптермен жұмыс.Көркем жазуЖуан және жіңішке сөздер56- жаттығу. 1. Өлеңді оқып, көшіріп жазыңдар. (Көшіру диктанты)
Жаңбыр жауар себелеп,
Жолға шығар ебелек.
Гүлге қонар көбелек,
Атқа қонар бөгелек.
Қызыл, көк түсті шеңберлер мен дыбыстық талдау жасау.
Кө-бе-лек, бө-ге-лек буынның түрлеріне тоқталу.«Сәлем- сөздің анасы»
Сәлемдесу, амандасу – әр халық мәдениетінің қайнар бұлағы десек, артық айтқандық емес. Әр елдің әдет-ғұрпы мен тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүріне байланысты сәлемдесу түрлері де өзгеше болып келеді. Мысалы, үнді халықтары қос қолын біріктіріп, маңдайына тигізіп тағзым етсе, жапондықтар бір жерде қалшиып тұрып,қолын беліне, одан кейін иіліп тізесіне қойып жылы жүзбен күлімсірейді. Ал латын американдықтар бір-бірімен құшақтасса, орталық Азия мен Африканың мұсылман халықтары оң қолын жүректерінің тұсына апарып, тағзым жасайтын көрінеді.
Оқулықтан мұғалімнің мәнерлеп оқуы.
Көрші атам мәнерлеп оқуКүнде үйінің қасынанКөрші атамды көремін.
Жүгіріп кеп асыға,
Оған сәлем беремін.
Қолымды ол күліп кеп,
Иіліп тұрып алады.
-Міне, нағыз жігіт!-деп,
Сүйсініп бір қалады.– мұғалімнің оқуы–1 қатар 2 қатар 3 қатар (3 балаға оқыту)
Ғаламторға саяхат. Сәлемдесу, амандасу жайында.
Бұл жөнінде жастар не дейді?
Бекзат ҚапановС. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті:
Мен өзімнің достарыммен «Қалайсың?», «Қалың қалай?» деп амандасамын. Бұрындары «Ассалаумағалеикум» деп, төс қағыстыра отырып амандасқан ғой, ал қазір енді заманына сай адамы ма әйтеуір күнделікті «Привет» деген сөздер әдетке айналдырып алдық. Қыздармен амандасқанда жақсы араласатын бойжеткеннің бетінен сүйіп, ал қалғандарына жай ғана «Привет» деп сәлемдесіп жатамын.
Жалпы біздің қоғамда олай амандаспа, былай амандасу керек деген қағида немесе заң жоқ, Сондықтан да, әр адам өзі біледі деп есептеймін.
Индира ОңғарбаеваШҚАУ «Есеп және аудит» мамандығының 2-курс студенті:
Мен жастар ортасында көп жүргендіктен көп жағдай да «Hi», «Hello» деп амандасып жатамын. Бұл жаңа заманға сай үрдіс деп ойлаймын. Ал өзімнен жасы үлкен адамдармен міндетті түрде «Сәлеметсіз бе?» деп амандық сұрасамын.
Қазір көңілім толмайтыны көптеген қыз балалар мен жігіттердің бір-бірімен бетінен сүйіп амандасуы. Ол мәдениетсіздік деп ойлаймын. Меніңше біз өзіміздің ата бабамыздан келе жатқан «Ассалаумағалейкүм» деп амандасқанымыз жөн деп есептеймін. Алла соған жеткізсін.
Жадыра МейірбаеваУниверситеттің биылғы жылғы түлегі:
Мен өзімнің жақын құрбыларыммен, жора-жолдастарыммен «Сәлем» деп жымия күліп, бетінен сүйемін. Менің ойымша қыз бен жігіттің бетінен сүйіп амандасқанында ешқандай дөрекілік көрмеймін. Алайда оны аға буын өкілдері жат қылық деп есептейді. Мен онымен келіспеймін. Қазіргі заман солай болып кетті ғой.
Қазіргі жастардың амандасу мәдениетін бес балдық жүйемен есептегенде толық төрт деген баға берер едім. Ал жігіттер жағы өзінен үлкен адамдарға «Ассалаумағалейкүм» деп аман-саулық сұрасқандары жөн деп есептеймін. Ал өз ара олар «Қалайсың?» деп қол берісіп амандасып жатады.
Құмар ЗиятханС.Аманжолов атындағы ШҚМУ «журналистика» мамандығының 3-курс студенті:
Ер азаматтармен амандасқанда жастар дос, жолдас, үлкендерді сыйлап амандасамыз. «Асса-лаумағалейкум!» деген сөз «Алланың нұры жаусын» деген мағынаны білдіреді екен. Ал «Уағалейкум-ассалам!» деп жауап қайыру өзіңе де “Алланың нұры жаусын” деген мағынаны білдіреді. Қазір біздің «қалың қалай деген сөз?» науқас адамның қалын сұрағандай әсер қалдырады. Қазақ қыздарының беттерінен сүйіп амандасуы батысқа еліктеушіліктен туған. Өз басым оны құптамаймын. Амандасу салтын өзгерту үшін әрқайсымыз өзімізден бастаған жөн болар.
Мәтінмен жұмыс: Сәлем бере білейік.
Сәлемдесуге байланысты сөздерді оқушылар күн шуағына қойып, бірнеше амандасудың түрлеріне тоқталды.
Барлық оқушы уәде беріп мынадай өлең жолдарымен түйіндеді.
Біздер сәлем беремізАлдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Үй тапсырмасы: 57- жаттығу, Көрші ата мәнерлеп оқу, Сәлем бере білейік оқу.
Бағалау: сабақ барысында дұрыс, жылдам, толық жауап берген оқушыға үлестірмелі жұлдызшалар берілген. Сол жұлдызша арқылы оқушылардың білімдері бағаланды.