Дауысты дыбыстарды? жіктелуі. Еріндік ж?не езулік дауысты дыбыстар
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстардың жіктелуі.
Еріндік және езулік дауысты дыбыстар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға еріндік және езулік дауысты дыбыстардың жасалу жолдарын меңгерту, ауызша және жазбаша талдау жұмыстарын жүргізіп, теориялық білімін бекіту. Оқушыларды дұрыс сөйлеп білуге, сауатты жаза білуге, іздендіре отырып нәтижеге өз беттерінше жеткізуге үйрету.2) Дамытушылық: дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру дағдысын қалыптастыру, дұрыс сөйлеуге машықтандыру.3) Тәрбиелік: ана тілін қадірлеуге, білімділікке, сауаттылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: араласСабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ - жауап, интерактивті әдісПәнаралық байланыс: әдебиет, ағылшын, орыс тілі, математика,өзін-өзі тану.Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу. Сыныптағы оқушыларды сабаққа даярлау. Жағымды ахуал қалыптастыру.
Қима қағаздардағы мақал-мәтелдерді құрастыру арқылы топқа бөліп алу.II. Үй тапсырмасын сұрау.1. Дауысты дыбыстар дегеніміз не?2. Ашық және қысаң дауысты дыбыстар дегеніміз не?Жаңа сабақІ тапсырма «Бәйге»(Оқушылар қойылған сұрақтарға 1 минут ішінде тез жауап беруі тиіс.)І топ «Сырнай» тобына сұрақтар1. «Термин» қай тілдің сөзі (латын тілі)2. Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)3. Сөз мағынасын не зерттейді? (лексика)4. «Фразеология» сөзінің баламасын табыңыз. (тұрақты тіркес)5. Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)6. Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)7. 42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады? (әліпби)8. Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар? (42)9. «Ерінбесең - емерсің» тақырыбы не? (еңбек ету)10. Қосарлы дыбыстардың саны нешеу? (3)ІІ топ «Домбыра» тобына сұрақтар1.«Лексика» сөзі қай тілден енген (латын тілінен)2.Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын)3.«Жаны зәр түбіне жету» мағынасы не? (қорқу)4.Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (еріндік, езулік)5.Дауыстылардың саны қанша? (12)6.Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс? (Ж)7. «Әліпби» сөзі қай тілден енген? (араб тілі)8. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)9. Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді? (ашық, қысың)10.«Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас» тақырыбы не? (дос)«Бәйге» сөзіне соның ішінде дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен дыбыстық мінездеме жасаймыз.о - дыбыстардың белгісі□ - дауысты дыбыс белгісі▲- дауыссыз дыбыс белгісі1. О,ө,у,ү,ұ дауыстыларын айтқанда, ерін сүйірленіп, ілгері қарай жылжуын еріндік дауыстылар деп атаймыз
2. А,ә,е,и,ы,і,э дауыстыларын айтқанда, ерін тартылып, екі езу кейін, құлаққа қарай жылжуын езулік дауыстылар деп атаймыз.
Сөздерді айтқанда сөздің алдыңғы буынындағы еріндік дауыстылар кейінгі буындағы езулікке әсер етеді, оны өзіне қарай бейімдеп еріндік дауысты дыбысқа айналдырады. Мысалы: жұлдыз- жұлдұз, ұлыс-ұлұс, Өткел-өткөл, ұшқыш-ұшқұш, т.б.
Кітаппен жұмыс247 - жаттығу. Төмендегі жұмбақ өлеңдердің шешуі қай дауысты дыбыстар екенін табыңдар. Өздерің осы тәрізді жұмбақ өлең шығарып көріңдер.248-жаттығу. Мына өтірік өлеңдегі еріндік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек, езулік дауыстылары бар сөздерді бір бөлек,еріндік пен езулікдауыстылар аралас келген сөздерді өзінше бір бөлек топтап жазыңдар.
ІІ тапсырма. «Полиглот»(Тиісті сөзді қойып, бірнеше тілде айту.)Слайдта бірнеше мақал - мәтел жазылады.1. Отанды сүю ……… басталады. /отбасы – семья- family/
2. Жаздың бір күні
……. мың күнін асырар. /қыстың – зима – winter/
3. Жылай – жылай арық қазсаң,
Күле –күле ….. iшесің. / су – вода – water/
4. Қыз өссе елдің көркі, …. өссе жердің көркі. / гүл – цветок – flower/
Отбасы, қыстың, су, гүл – осы сөздердің ішіндегі еріндік дауыстылардың астын бір сызықпен, езулік дауыстылардың астын екі сызықпен сызыңдар.
Сабақты бекіту. «Ғажайып алаң» ойыны1. Фонетика нені зерттейді? (тіл дыбыстарын зерттейді)
2.Қазақтың төл дауысты дыбыстары нешеу? 9(а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү)
3.Қазақ тілінде дыбыс саны нешеу? (37)
4.“Салқындау”сөзіне фонетикалық талдауды математикалық тәсіл арқылы жасаңыз. 9o=3■(2а,ы)+6▲(с,л,қ,н,д,у).
5.Ерін мен езудің қалпына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
6.Жақтың қатысына қарай дауыстылар нешеге бөлінеді? ата (2-ге, ашық,қысаң)
7.Еріндік дауыстыларды ата. (о,ө,ү,ұ,у.)
8.«Әліпби» сөзі қай тілден енген? (Араб тілінен)
9.Дербес емес дауыстыларды ата. (и,у)
10. Өз құрамында үш буын, жеті әріп бар, Жалпы қарауындағы әріптері құрамындағыдан алты есе көп. Ол-не? (Әліпби)
11.Қазақ әліпбиі неше рет өзгерді? (1929 жылға дейін араб,1940 жылға дейін латын, 1940 жылдан бері кириллица)
12.Дауысты дыбыстар неден тұратындықтан, созылып айтылады? (үннен)
VIІІ. Бағалау. Оқушылар білімдеріне қарай бағаланады.
Үйге тапсырма беру. Ереже, 249-жаттығу.