Дыбыстар мен ?ріптер ?леміне саяхат атты ашы? саба? жоспары
Талғар ауданы Тұздыбастау ауылы
№ 13 орта мектеп шағын орталық
Аға тәрбиешісі Рзина Н Д
Тақырыбы: Дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат
(ересектер тобы 5-6 жас)
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық»
Бөлімі: Кіріктірілген оқу іс-әрекеті
Сауат ашу және жазу негіздері,ҚМТҚ,Жапсыру
Мақсаты: Дыбыстар мен әріптерді қайталату;
Сөздерді буындарға бөлу, балалардың тілдерін дамыту;
Өткенді қайталата отырып, балалардың білімін тиянақтау.
Қажетті құрал – жабдықтар, көрнекіліктер: Жұмыс дәптері, әріптер
жиынтығы, сандар жиынтығы, түрлі түсті қағаздар, желім.
Сөздік жұмысы.:Саяхат.
Билингвальды компонент:Саяхат-путешествие;орамал-платок,ыдыстар-
посуды,дыбыс-звук,қолғап-варежка,сәбіз-морковь,жеміс жидек-фрукты ягоды.
Әдіс-тәсілдер:Сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру,жұмбақ,маұал-мәтел.
Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
Арайлап атқан таң нұры
Жарқырайды күн бізге
Жылуын шашып төгіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Тәрбиелі болайық
Амандасып алайық
«Сәлеметсіз бе,-дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме қонақтар!» Балалар қол ұстасып шаттық шеңберіне тұрады.
Қонақтармен амандасады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,бүгін бізде ерекше оқу іс-әрекеті,бізге қонақтар келді.
-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
-Қай ай?
-Бүгін аптаның қай күні?
Біз бүгін «Дыбыстар мен әріптер әлеміне саяхат» құрайық.
-Балалар,осы уақытқа дейін қандай дыбыстармен таныстық?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар қандай дыбыстар?
- Дыбыстарды көре аламыз ба?
-Әріптерді ше?
Адамдардың айтатын сөздері әртүрлі болады.Кейбір дыбыстар ауыз қуысынан еркін шықса,ал кейбіреуі кедергіге ұшырайды. -Қыс мезгілі
-Ақпан айы
-Бейсенбі
-А,Т,С,Б,Н,М,Қ,Е....
-Дауысты,дауыссыз дыбыстар екіге бөлінеді.
-А,Ә,О,Ы,.....
-Естиміз
-Көреміз,оқимыз,жазамыз
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Тыңдаңыздар балалар,бізге біреу келіп тұр есік қағылды.
-Кім екен келіп тұрған?
Балалар,таныдыңыздар ма,бұл «Білгір» ғой бізге қонаққа келіпті.
-Сәлеметсіздер ме,балалар!
-Мен Білгірмін
Білерім көп менің,
Ілім,білім үйренем десең
Сауат ашып білем десең
Аттанайық саяхатқа
Тоймайық біз қызыққа
Дос болайық балақай,
Үйренейік алақай!
-Балалар мен сендермен қызықты тапсырмалар арқылы ойын ойнауға келдім. «Дыбыстарды ажыратып білеміз бе?» әртүрлі сөздер айтайын,сөздерге дыбыстық талдау жасап көріңіздерші.
-Саяхат
-Дыбыс
-Орамал
-Ыдыстар
-Жарайсыңдар,балалар!Ақылды білгір балалар екенсіңдер.
Педагог,балалар осы сөздерді буынға бөлейік және орысша аудармасын айтайық.
Билингвальды компонент:саяхат-путешествие,дыбыс-звук,ыдыстар-посуды,орамал-платок,сәбіз-морковь,жеміс жидек-фрукты ягоды.
-Енді балалар біз «Білгірді» таң қалдырып тура және кері қарай 1- ден 10-ға дейін санайық.
«Білгір» балаларды мадақтап,қоштасады.
-Кездескенше балалар! Таңқалыспен,назарларын есік жаққа аударады.
Балалар қонақпен амандасады.
-Сәлеметсіз бе!
-«Білгір»
-Балалар қызыға тыңдайды.
-Ойнайық,білеміз.
-С-дауыссыз
-А-дауысты
-Я-дауысты
-Х-дауыссыз
-А-дауысты
-Т-дауыссыз
Са-я-хат,о-ра-мал
-Санауды білеміз
-1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
-10,9,,8,7,6,5,4,3,2,1
-Кездескенше, Білгір
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,сендер жұмбақ жасырғанды жақсы көресіңдер.Кәне,балалар жұмбақ жасырайық.
1.Бойын жерге жасырған
Бұрымы бар жайылған
2.Аспай піскен
Қайнамай түскен
3.Тонын киіп туған
Жалап бетін жуған
4.Қос қолға киемін
Жып-жылы жүремін
5.Қоймасын қыс ақтарып
Жерді жапты ақ мамық
Сергіту сәті.
Бойды сергек тік ұста,
Емін еркін тыныста.
Деміңді ішке тез ал да,
Оң қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Сол қол босқа тұрмасын,
Шеңбер жасап тынбасын.
-Жұмбақ жасырайық,
-Сәбіз
-Жеміс-жидек
-Мысық
-Қолғап
-Қыс
-Іс қимылмен жасап көрсетеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Қызықты тапсырма
-Балалар,алдарыңызда түрлі түсті қағаз қиындылары тұр.Осы қиындылардан алдарыңыздағы парақтарға әріптерді құрастырып жазайық,желіммен жапсырайық.
-Балалар осы уақытқа дейін өткен оқу іс-әрекеттеріндегі мақал -мәтелдерді есімізге түсірейік.
1.Ер дәулеті.......
2. Еңбек түбі -береке.......
3.Ер қадірін -ел біледі........
4.Елі байдың-.............
5.Бірлік болмай,.........
6.Әдептілік белгісі-........
Дидактикалық ойын: «Қалаларды тез ата»
Педагог өтілген әріптер бойынша дыбысты айтып,балалар сол дыбыстан басталатын Қазақстан қалаларын атайды.Мысалы:
-А.......
-Қ.......
-О.......
-Т.........
-Ж.......
-К......
Дәптермен жұмыс:№ 35 тапсырма бойынша орындалады.
Жеке жұмыс жүргізеді.
Балалар тапсырманы мұқият аса қызығушылықпен орындайды.
-еңбек
-Көптің түбі мереке
-Зер қадірін зергер біледі
-жері бай
-тірлік болмас
-иіліп сәлем бергені
Ойынға барлық бала қызығушылықпен қатысады.
-
Алматы,Атырау,Ақтау,Астана
-Қарағанды,Қызылорда
-Орал
-Талдықорған,Теміртау
-Жезқазған,Жамбыл
-Көкшетау
Берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік -Бізге қонаққа кім келді?
-Қандай сөздерге дыбыстық талдау жасадық?
-Дауысты дыбыстар қандай дыбыстар?
-Дауыссыз дыбыстар қандай дыбыстар
Балаларды мадақтап,оқу іс-әрекетін қорытындылау. - «Білгір» келді.
-Саяхат,дыбыс,орамал,ыдыс...
-А,Ә,Ы,О........
-Т,Қ,С,Р,Ғ................
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:әріп қималарымен сөздер құрап жазуды,сөздерге дыбыстық талдау жасауды;
Түсінеді:ойын шарттарын;
Қолданады:дыбыстарды дұрыс ажырата алуды.
\
Өткізілетін күні,айы,жылы:
Тақырыбы: «Гүл» жапсыру
Мақсаты: Жапсыру іскерлік,дағдыларын қалыптастыру,қию әдіс-тәсілдеріне машықтандыру.
Түрлі түсті қағаздардан гүлдерді қиып,композиция құра білу дағдыларын дамыту.
Бір-біріне кедергі жасамай,бірлесіп,ұқыпты жұмыс істеуге,еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:түрлі түсті қағаздар,желім,қылқалам,қайшы,ақ қағаз және әліппе-дәптер,гүлдердің суреттері және муляждар.
Барысы:Педагог балаларға сұрақтар қоя отырып,әңгімеге тартады.Білетін гүлдерді атайды,олардың түстері жайлы сұрайды.
Түрлі-түсті қағаздан кімнің қандай гүлдер,қиятынын анықтап алып,қажетті нұсқаулар береді.
Үлгі суреттерді көрсетіп талдау жасайды,түймедақ-түсі ақ,раушан гүлі,пішіндері алуан түрлі.
Балалар суреттердегі үлгіге қарап жұмыс жасайды.
Жұмыс барысы:
Қағазды түсіне қарай екіге бүктейді
Жартылай пішінінің суретін бүктелген қағаздың жартысына салады
Салынған суретті қайшымен қияды
Арнайы ыдыс желімденген екі параққа жемістерді және көкөністерді бөлек жапсырады.
Педагог желімдеудің әдіс-тәсілдерін естерін түсіріп,балалар жұмысына басшылық жасап,жекелей көмектер береді.
Дидактикалық ойын.
Лото (жемістер мен көкөністер) (Педагогикалық сыр сандықта).
Қорытынды.
Педагог балалармен бірге жұмыстарды қорытындылап,
Жұмбақтар шешкізеді.Сабақ соңында (егер уақыт қалса) немесе
Күннің екінші жартысында көкөністерден салат жасауды ұсынуға болады.
Балалар дәмнен ауыз тиген соң, Жарнамалап ойнаймыз,яғни көкөністер жарнамасын ойлап табады.