Информатика ?леміне саяхат(7 сынып)
Тақырыбы: «Информатика әлеміне саяхат» интелектуалдық сайысы- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Информатика әлеміне саяхат» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.Сайыстың мақсаттары:Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын,ақылдылығы мен жылдамдығын, көптің ортасына салып, бақтарын сынату, алған білімдерін пысықтау.Дамытушылық: Оқушыларды компьютерді пайдалана отырып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерлік сауаттылығын дамыту.Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденуге, талпынуға, дара болуға тәрбиелеу.Сайыстың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.• Оқушылармен амандасу• Олардың назарын сайысқа аудару• Тыныштандырып, сайыс кезеңдерімен таныстыруОйын толқын, айналған қатты ағысқаТабылғандай танымда, жат дауыстаБіреу озып келеді қатарынанБіреу қалып жатады асығыстаОйын толқын жатқанда асып, тасыпБіреу мығым, біреулер шалыс басыпБұл ойыннан өтеді ғұлама ойларЖеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – деп сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайын.Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:1 ші кезең – «Өзім туралы» таныстыру сайысы2 ші кезең – «Бәйге» сайысы3 ші кезең – «Ғажайып алаң»4-ші кезең – «Сурет салу» сайысы5-ші кезең – «Мен саған, сен маған» сайысыҚатысушыларды марапаттауҚорытындылауКөңілді тапқыштар, білгіштер,
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәдік шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты
Сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен танысып алайық.
1.Қайырбекова Гүлжан – ком.төрайымы
2.Қаражанова Айнұр – ком.мүшесі
3.Еркінбекова Айнаш – ком.мүшесі
«Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол Еңбектену жалықпау»1 - кезең – «Өзім туралы» таныстыру сайысы. Қатысушылар өздерін таныстырып өтеді, бұл сайысты әділ-қазылар алқасы бағалайды. Көрермен жиналған бұл тамашағаҚұр қарап жай отыру жараса ма?Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емесСоқ қолыңды білімді жас талантқа.
Алдағы біз баратын бағыт анық,Озат жан екеніңді тағы танытИнформатика әлеміне аяқ басып,Компьютер тілінде біз жарысалық.2 - кезең – «Бәйге» сайысы. Сіздерге ортақ сұрақтар беріледі. Сол сұраққа қол көтеріп, жауап бересіздер. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
1. Информацияның өлшем бірлігі? (бит, байт)2. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (Интерфейс)3. Компьютердің ақыл –ойы? (процессор)4. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал (Компьютер)5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (256)6. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)8. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)9. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)10. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел)11. Мәтін жазуға арналған редактор (Word)
12.Windows жүйесін жасаушы - ........компаниясыМәңгі бақи есте қалар,Ғажайып бір кеш болсын!Білімдірек шәкірт озарҚиынырақ сұрақ болсын.3 - кезең – «Ғажайып алаң»(Мұнда сұрақтар информатика пәні бойынша келеді, әрбір сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетілген, ал ұпайлар ұяшықтың ішінде жасырылған).1. Операциялық жүйе дегеніміз не?2. Бит дегеніміз не?3. Принтердің түрлерін ата?4. 1 Байтта қанша бит бар?5. Пернетақтада қанша перне болады?6. Біздің компьютерлер қандай операциялық жүйеде жұмыс жасайды?7. Компьютердің атасы кім?8. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?9. Бос орыс тастау пернесі?10. «Орта» деген сөзде неше байт бар?11. 1 символда неше бит бар?12. Компьютерлік дискілерді ата?13. Флешка дегеніміз не?14. Өшіріп, жазуға болатын дисктің аты?15. Компакт дискіні оқитын құрылғы?16. “Диск” сөзінде қанша бит бар?Білімнің ұшқырлығын танып сен,Асып, тасып, асықпа, қалыспа сенУақыт деген зымырап, зулап жатырШапшаңдық бұл сайыста керек екен.4-кезең: «Эссе» жазу сайысыСіздердің алдарыңызда 3 топқа арналған карточка жатыр. Сіздер қалаған карточканы таңдап, жасырылған тапсырманы орындауларыңыз керек.
1.Егер мен программист болсам....
2. Егер мен математик болсам....
3.Егер мен физик болсам....
Көрермендермен жұмыс
Информатиканың сырлары Қызықтырды біздерді Ойынға бірге қатысуға Шақырамыз сіздерді.
Жұмбақтар:
1. Білімнің жолбасшысы
Шәкірттің қолбасшысы ( мұғалім)
2. Төрт қырлы өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ ( бор )
3. Ілулі тұр кең алаң,
Керегімді мен одан
Жазып алам көшіріп,
Сүртемін сосын өшіріп ( тақта )
4. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан)
5.Тамақ іше қоймайды
Тек адамша ойлайды (Компьютер)
Білім деген биік шың Бақытқа сені жеткізер Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер Жорға, жорға, жорғала,Шапшаңдыққа таң қалма.Ойын деген арпалыс,Жеңілемін деп ойлама - дей отырып, келесі ойын кезеңін бастаймыз.5 кезең: «Сен маған, мен саған» сайысы.Бұл сайыста оқушылар үйден екі сұрақтан дайындап алып келеді. Сол сұрақтарын қалаған қарсыласына қояды. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.
Сонымен бүгінгі сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Келесі кезек, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазы кім екенін анықтау үшін, сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.Сайысымызды қорытындылау.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ, Үйрендік білмегенді осы жолы, Тағы үйренеміз аман болсақ Шыңымыз биік болар, білім қусақБүгінгі көріп тамашалаған «Информатика әлеміне саяхат» атты интелектуалдық сайыс ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.Рахмет!
Сасан би атындағы орта мектеп КММ
«Информатика әлеміне саяхат»
(сыныптан тыс жұмыс)
Информатика пәні мұғалімі: А.Карипжанова
Құмкөл ауылы
2014 жыл