8-сынып?а арнал?ан ?аза?стан тарихы авторымен Сыр с?хбат
Тақырыбы: «Геродот ізбасарлары»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушы тұжырымдарын өмірде пайдалану дағдыларын қалыптастыру арқылы білімділікке қол жеткізу.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Өз ойын анық жеткізе алатын,қажырлы тұлға қалыптастыру
Сабақтың түрі: Сыр -сұхбат
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа сай плакат,суреттер,буклеттер
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақтың барысы.
ІІІ.Қорытындылау .
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушының дайындап келген сұрақтарын сараптау.
ІІ. Сабақтың барысы:.
Мұғалім : Меніңше кез келген адам ол өзінше жұмбақ әлем. Ал сұхбат арқылы осы «жұмбақтың» шешімін табуға болады.Ендеше бүгінгі жұмбақ кісіміз ҚР БҒМ мақұлданған 8 сыныпқа «Қазақстан тарихы» оқулығының авторы, тарих ғылымының докторы, профессор: Зиябек Қабылдинов
”ӨМІРДІ ҚАЙТА БАСТАСАМ, БӘРІБІР ТАРИХШЫ БОЛАР ЕДІМ” деген екен. Ендеше қарсы алайық!
Мұғалім : Өмірбаяны оқылады:
Ресей Федерациясының Омбы облысында туған Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы 1991 жылы Омбы мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді.
1996-2003 жж. ҚР Ішкі істер министрлігі Павлодар Заң университетінде түрлі мамандықтарда қызмет етті, «әділет майоры» атағы бар.
2004 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ тарих кафедрасының меңгерушісі, ректордың кеңесшісі, тәрбие ісі жөніндегі проректор, әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, әкімшілік-шаруашылық жұмыстары жөніндегі проректор. Қазіргі уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Евразия» ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
Ғылыми-зерттеу жұмысымен өнімді еңбек етіп жатыр.
1997 жылы кандидаттық диссертация,
2003 жылы қазақ диаспорасын құру проблемалары, Батыс Сібір мен Ресей империясының ішкі губерниясы аумағындағы ирреденттер тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Профессор З.Е.Қабылдинов 250-ден астам ғылыми мақалалардың, үш монографияның («Казахи Западной Сибири во второй половине XVIII – начале XX веков», «Казахи внутренних губерний России во второй половине XVIII – начале XX веков», «Казахи России во второй половине XVIII – начале XX веков»), жеті оқу құралының, Қазақстан тарихы бойынша терминологиялық сөздіктің авторы. 2008-2012 жылдары оның авторлығымен ҚР БҒМ мақұлданған 8 сыныпқа «Қазақстан тарихы» оқулығы шығарылды.
Қазақстан халқы ассамблеясы бойынша қоғамдық жұмыспен белсенді айналысады, мемлекеттік наградалары бар.
Ия, Зиябек Ермұханұлы кешімізге хош келдіңіз!! Анам немерелеріне: « Апа, 4 сабақтан бес әкелдім» десе, «Әкем-ау оның бәрін қалай котеріп келдің деп отырады. Сол сияқты біраз ғылыми атағыңыз бар екен ,сіз қалай көтеріп жүрсіз ,оған қалай жеттіңіз жеңілдіктері мен қиындықтарын баяндап берсеңіз.
Зиябек Ермұханұлы сізбен кездесу болады дегенді естігенде мен бұл сыныптың қабылдауына таң қалдым бәрі бір ауыздан қол шапалақтап қуаныштарын білдірді (бұл имандай шыным)
Сондықтанда , жас ұрпақ санасына сіңіретіндей ,құнарлы жауап айтарсыз деп сенемін!!
Ендеше сөз кезегі оқушыларда.
Оқушылар кеш қонағына төмендегідей сұрақтар қойды.
Сұрақтар:
1)Сіз келеді деген соң сіз туралы интернеттен ақпарат іздедім ,оралман екенсіз, ендеше өзіңіз,балалық шағыңыз туралы,сол ауылдың қазақтары туралы айтып берсеңіз, олар қазақ екендігін мақтан тұта ма әлде , орыстанып кеткен бе?
2)Туған жер сізге несімен ыстық, туган жер туралы ән немесе әңгіме ,өлең оқып бере аласыз ба?
3)Қазіргі жастарға көз қарасыңыз .......замандастарыңыз сияқты «өй қазіргі жастар...» дей көрмеңізші өтініш?
4) Жалпы оқулықты өзіңіз жазғыңыз келді ме әлде бұл тапсырма ма?,
5)Жалпы әкелер өзі қай мамандықпен жұмыс жасаса сол мамандыққа «Балам сен мен сияқты болма» деп жатады,сіз балаңызға ғалым бол деп кеңес бересіз бе?
6)Археологиялық қазбаларға қатыстыңыз ба?
7)Алдағы армандарыңыз жайында айтыңызшы?
8)Кенесары ханның әскерінің қабірі туралы интернетте бір дау жүріп жатыр, сол туралы айтып беріңізші.
9)Оқулық жазуда қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
10) Төбелесіп көрдіңіз бе, жас кезіңізде бұзық болдыңыз ба?
Мұғалім :Өзіңіз айналысқан бір спорт түрінен әдіс көрсетсеңіз.
11)Сіз кітап құрастырғанда өз руыңызды,болмаса кей жайларды алға тартып бұрмалаушылықтар жасаған жоқсыз ба?
12)Жалпы тарих пәніне оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін қандай шаралар жасар едіңіз?
13)Уақытты ұтымды пайдалана аласыз ба?
14)Электронды кітапқа көзарасыңыз қандай?
15)Өмірлік ұстанымыңыз қандай?
16)Сіздің ойыңызша Қазақстан тарихының қай кезеңі аз зерттелген,мен, ғылыми жоба қорғағым келеді,қандай көмек көрсете аласыз?
17)Абай атамыздың «өзіңе сен өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап» дегеніне қалай қарайсыз,Өзіңізге сенімді адамсыз ба?
18)Сыйласатын достарыңыз кімдер?
19)Алғашқы ұстазыңыз кім еді,мектепті сағынасыз ба?20)Бак кз-ке берген интервюіңізде «егер мен президент болсам» депсіз , кімге еліктейсіз?
21)Тамақ істеп кір жууға қалайсыз?
Мұғалім : Асық ойнап көрейік.
22) Пір тұтатын адамыңыз бар ма?
23)Жақында шыққан Елбасының жолдауына көзқарасыңыз қандай?
24)Қолыңыздан домбыра тарту келе ме,немесе қандай өнер , кандай қырыңыз бар?
25)Тарихшылар шығармашыл адамдарға жата ма?
26) Қазақ елінің 550 жылдығы сіздің ойыңызша қаншалықты дәл дата?
27)Қазақты қалай қазақтандыруға болады?
28)Адамның рухани, сұлулық сезімдеріне қандай көзқарас қалыптастырдыңыз?
Мұғалім : Қыз қуу ойынын ойнап көрейік. Қонақ мұғалімдердің қатысуымен.
29) Ресейде 180-нен астам ұлт өкілдерінің ішінен жоғарғы білімділер 1-ші еврейлер
2-ші Қазақтар екенбіз депсіз сол ойыңызды ашып айтып берсеңіз
30)Қазақ хандығының 550 жылдығына қандай тілек айтар едіңіз
31) Біз қазақтар «Ұлтпыз» ба әлде, «Халықпыз ба»?
ІІІ-Қорытынды.
Мұғалім : Бағанадан бері әр түрлі сұрақтар қойылды. Сол сұрақтардың ішінен өзіңізге ой салған ұнаған сұрақтар болса сұрақ иесіне қолтаңбаңызды жазып мына сұраймын.
Енді мына смаиликтің ішінен біреуін таңдап алып осы кездесуден алған көңіл күйіңізді көрсетсеңіз.
Кеш қонағы осы сұрақтардың барлығына балалық шақтан бері қарай өмірі жайлы, басынан өткен оқиғалар жайлы, өмірден түйгендері жайлы әңгімеледі.
Қосымша тапсырмалар берілді.
Смайликтер арқылы кештен алған әсерін, көңіл - күйін көрсетті.оқушылармен ескерткіш суретке түсті.
Жалпы әлем тарихынан, қазақ тарихынан атыңыз Геродот сияқты бірегей орын алсын деген ниетпен таңбалы тасқа өз қолтаңбаңызды қалдырсаңыз.
Өзіңізбен сырласқанымызға жарты сағаттың уақыты болып қалыпты, оқырманыңызға айтар тілегіңіз...
Мұғалім :Менде соңғы сұрақ :Өмір жолыңызда сіздің сағыңызды сындырып,жолыңызды кес-кестеген
адамдар кездесті ме?
Қанатыңыз қайрылып , сағыңыз сынбасын,ондай жағдай өміріңіз түгілі түсіңізде болмасын деген тілекпен
қаламыңыз ұштала берсін деп сыйлыққа каламымыз бар еді қабыл алыңыз.
Сөзімізді жерге тастамай уақыт тауып келгеніңізге,айтқан әңгімеңізге көп рахмет
Міне балалар, бүгінгі кездесуіміз де аяқталып қалды. Бүгінгі кездесуден үлкен әсер алдыңдар деп ойлаймын.
Мағжан Жұмабаев айтқандай:
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты ,
Мен жастарға сенемін!- дегендей Егеменді еліміздің көк байрағын биік ұстайтын,мерейі үстем, мәртебесі жоғары азамат болыныздар!!!