Урок на тему Себет


Білім беру саласы:Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:Құрастыру
Тақырыбы:Себет
Мақсаты:Б.М:Ұзынша қыиылға қағаз қиындалырынан себетті әсемдеуге үйрету.
Д.М:Құрастыру негізінде түр-түс үйлесімділігі арқылы эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Т.Б:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру көрсету, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер:Себеттің суреті.
Билингвалды компонент:себет-карзина
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық кезең
Іздеу-ұйымдастырушы-
лық кезең
Сергіту сәті
Балалар –ау,балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып.
Құстар келді жыр салып.
-Балалар бізге қонақ келген сияқты. Қане есікті ашып көрейін. Жүр кіріңіз кім боласыз?
-Менің атым Айжан. Гүл теруге бара жатып жолда себетімнің ұстағышын үзіп алдым. Енді гүлдерімді неге жинаймын деп ойланып келе жатып сендердің топтарыңа кезіктім.
-Айжанға көмектесейік пе балалар?
-Міне Айжанның себеті. Оның несң бар екен балалар?
-Ұстағышы және ортасы бар екен.
-Айжан біздің балаларға себет не үшін қажет екенін айтып берші?
-Себет гүл теру үшін және тамақтар салуға болады. Менің әжем әдемі жіптерін себетке салып қояды.
-Балалар мен шаршап кеттім біраз ойын ойнайықшы.
Жалығуды білмейміз,
Жабығуды білмейміз.
Жауқазындай көзді тартып,
Жайраң қағып билейміз.
-Балалар ал енді сендердің алдарыңда не жатыр?
-Жақсы. Қағаздарыңның пішімдері қандай?
-Көріп тұрғандай алдарыңда әр түрлі қағаздар жатыр. Қазір мен сияқты қағаздарыңды көденеңінен және ұзынынан орналастырыңдар.
-Жақсы. Келесі екі ұзынша қағазды алып бір-бірімен айқастырыңдар.
-Екі шетіне желім жағып себетке апрып жапсырамыз.
-Келесі жаңағы орналастырған қағаздарыңды да желімнің көмегімен жапсырыңдар.
-Ой рахмет балалар менің себетімнің бауы бар мен енді гүл теруге барайын сау болыңдар. Балалар жылулық шеңберінде тұрып орындайды.
-Иә көмектесейік.
-Ұстағышы
Балалар Айжанмен бірге орындарынан тұрып қимылмен орындайды.
-Қағаз.желім,
Қылқалым
-Ұзынша
-Сау болыңыз
Рефлексивті түзетуші кезең -Бүгін бізге кім қонаққа келді?
-Айжан бізден қандай көмек сұрады?
-Себет не үшін керек бізге?
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:Құрастыру дағдылары қалыптасқан.
Нені игеру керек:Себет деген не, оны не үшін пайдаланатынымыз туралы білді.
Нені біледі:Тәрбиешінің нұсқауымен құрастыру тапсырмаларын орындай біледі.