Кластан тыс ж?мыс Математикалы? білім тол?ынымен


Сабақтың тақырыбы: «Математика білімі толқынымен»
Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын, танымын арттыруда сыныптан тыс жұмыстардың тигізер пайдасы өте мол. Сайысқа ойлау қабілеттері, логикасы дамыған, пәнге деген қызығушылықтары мол оқушылар қатынасады.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімін, білімділігін, белсенділігін, ізденімпаздығын арттыру. Жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Білімділік міндеті: Математикадан алған білімдерін шыңдау, логикалық есептер шешуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Әрбір жеке тұлғаның ақыл ойының дамуына, математика пәні бойынша танымдарын арттыруға жағдай жасау. Білім алушының өзіндік ізденісін дамыту.
Тәрбиелік міндеті: табандылыққа , тез ойлауға тәрбиелеу.
Көрнкекілігі: Плакаттар, суреттер, кестелер, интерактивті тақта.
(Ойын барысында ұпай санын қадағалап отыратын эксперттер: Математика, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері)
Ойын барысы: I. Бәйге (әр дұрыс жауап-10 ұпай)
II. Көптілділік. 20 ұпай.
III. Дода.
IV. Семантикалық карта.
V. Жорға. (2 оқушы)
VI. Қорытындылау.
1-жүргізуші:
Ғылымдардың патшасы аталғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен қаталдансың.
Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән-математика аталғансың- дей отырып «Математика білімі толқынымен» атты сайысымызға қатысушыларды ортаға шақырамыз.
1.Абаева Мөлдір, 6-класс
Сүйікті пәні: математика, биология, дене шынықтыру
Ұстанымы: Ешқандай қиындыққа бой ұрмай тек қана алға!
2. Карагулов Бекзат, 6-класс
Сүйікті пәні: Математика, Әдеиет
Ұстанымы: Кітап әлемнің азығы.
3.Оразмаганбетов Мұхтар, 6-класс
Сүйікті пәні:Ағылшын тілі, дене шынықтыру, математика
Ұстанымы: Тәтті жеңіс, ащы жеңілістен тұрады.
4.Қуаныш Айша, 6-класс
Сүйікті пәні: Әбебиет, тарих, информатика
Ұстанымы: Ақылды кісінің өзіде, сөзі де сүйкімді.
5.Құттығұл Іңкәр, 6-класс
Сүйікті пәні: Әдебиет, дене шынықтыру
Ұстанымы: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
6.
Сүйікті пәні:
Ұстанымы: Ойында жеңілсем де , өмірде жеңілмеймін!
7.
Сүйікті пәні:
Ұстанымы: Жамандық пайда етпейді,
Жақсылық зая кетпейді.
8.
Сүйікті пәні:
Ұстанымы: Тек қана алға!
9.
Сүйікті пәні:
Ұстанымы: Құнды сөз құнарлы ойдан туады.
10.
Сүйікті пәні:
Ұстанымы:Тәуекелсіз жеңіс жоқ.
2-жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын- дей отырып «Бәйге» бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде сайысқа қатысушыларға ортақ сұрақтар қойылады. Кім бірінші белгіні көтерсе сол жауап береді. Әр дұрыс жауап-10 ұпай.
Шеңбердің қақ ортасы (центр)
Қандай сан бөлшектің бөлімі бола алмайды?(0)
8-санының бөлгіштерін ата.(1,2,4,8)
Тік бұрыш неше градус?(900)
Ең үлкен екі таңбалы сан (99)
Санның 1100 бөлігі (%)
Қолыңыздағы ең кішкентай саусақтың аты (шынашақ)
Үлкен кіші сандарды сен, ажыратқың келсе егер,
Қандай таңба қояр едің, кәне, ойлан ,куәгер.(теңсіздік)
Үш түйеқұс ұшып келе жатқан,аңшы біреуін атып алды, қаншасы қалды?(Түйеқұс ұшпайды)
Координаталық түзудің санақ басына қандай сан сәйкес келеді?(0)
1-жүргізуші:
Білім деген биік шың.
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер.
2-жүргізуші:
Л. Толстой «Тіл-ұлттың жаны. Тіл идеяның, сезімнің, ойдың жанды көрінісі»-ендеше «Көптілділік» бөлімін бастаймыз.20ұпай.
1. Жоқ өзінде бас та, қас та,мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш, линейка,aruber-
2. Қабат-қабат қаптама
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book-
3. Нүктеден, екі сәуледен
Құралған айтшы бұл не екен?(бұрыш, угол,
1-жүргізуші:
Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін
Есеп-қисап, сан-цифр термек үшін
Көрсетіп есептердің жолын қалай
Келіп тұрмыз жауабын айтып бермек үшін- дей отырып ойынымыздың келесі бөлімін бастаймыз.
«Дода»-бұл бөлімде төмендегі кестеден ұпай санына сәйкес деңгейде сұрақтар дайындалған. Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады. Әр сұраққа 1 минут беріледі.
Ұпайы аз 5 оқушы ойыннан шығады, оларға рахмет.Бөлімді 5 оқушы жалғастырады.
Ғалымдар 20 30 40
Формулалар 20 30 40
Логикалық есептер 20 30 40
Сандар және мақалдар 20 30 40
Бөлімді ұпайы аз оқушыдан бастаймыз,әрі қарай жауабын тапқан оқушы жалғастырады,жауапты ешкім таппаса, келесі ұпайы аз оқушы жалғастырады.
Ғалымдар:
20- «Математика – барлық ғылымдар патшасы,
ал арифметика – математика патшасы»?
(К.Гаусс)
30- Қатынастар мен пропорциялар теориясы грек математигі
Евклидтің қандай кітабында баяндалған? («Бастамалар»)
40- Математика ғылымының дамуына көп еңбек сіңірген ғалым,
ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі (Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков)
Формулалар:
20- Р=2(а+b) (Төртбұрыштың периметрі)
30- S=vt (Жол)
40- С=2¶R (Шеңбер ұзындығы)
Логикалық есептер:
20- Ағаш үстінде 100 торғай отырды, аңшы 10 торғайды атып алды, нешеуі қалды? (10 қалды, қалғаны ұшып кетті)
30- Үш ат жегілген шана 1 сағатта 15 км жүріп өткен, әр аттың жылдамдығы қандай? Өлшем бірлігімен айт. (15км/сағ)
40- Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай тең бөліп жейді? (атасы, әкесі, баласы)
Сандар және мақалдар:
(Мақалды жалғастыр)
20- Бір елі ауызға- (екі елі қақпақ)
30- Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
40- Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл)
2-жүргізуші
«Ой-толғаныс» (3 мин)
Математика, математика қандай қиын
Оқымасаң шешілмейді ешбір түйін
Ал өмірде тек соның көмегімен
Орындалар заңдылық, байлам, түйін-деп, семантикалық картамен жұмыс жасаймыз.
Есептердің дұрыс жауабын тауып, тұсына «+»-белгісін қой.
3 16325ұпай
14×23=20
335÷57=20
х 10=186030
Музыкалық үзіліс.
Эксперттер ұпайларын санап, қорытынды жасайды, сонан соң ұпайы аз 3 оқушы ойыннан шығады.
Келесі бөлімді 2 оқушы жалғастырады.
«Жорға»
1-жүргізуші:
Бұрышты өлшейтін құрал.(транспортир)
Екі нүктені қосатын түзу.(кесінді)
Ұзындықтың өлшем бірлігі.(Метр)
1 жұмыртқа 3 мин. Піссе, 4 жұмыртқа ше?(3 мин)
1 кг неше гр. бар?(1000 гр.)
Жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар екі таңбалы сан (10)
Төрттен үшке кері сан (үштен төрт)
8×9 ? (72)
70-тің 50% (35)
8-дің ½ бөлігі (4)
-4 ке қарама-қарсы сан. 4
Алымы 3 болатын дұрыс бөлшек.
60-тың 25% ?(15)
72 ?
3-тің алғашқы үш еселігі (3,6)
«Жорға»
2-жүргізуші:
Ұзындықты өлшейтін құрал (сызғыш)
Бір нүктеден басталатын шегі жоқ түзу (сәуле)
Салмақтың өлшем бірлігі (кг)
Самолет А қаласынан В қаласына дейінгі қашықтыққа 1 сағ. 20 мин. ұшад. Алайда кері қайтқанда 80 минутта ұшып келеді.Неліктен?
1км. неше метр? (1000)
Жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар үш таңбалы сан (100)
Жетіден беске кері сан (бестен жеті)
9×8 ?
90-ның 50% ?
6-ның 1/3 бөлігі?
-3 ке қарама-қарсы сан. 3
Бөлімі 5 болатын дұрыс бөлшекті ата?
80-нің 25%?(20)
82?
4−тің алғашқы үш еселігін ата (4,8)
Қорытынды.
Ойын нәтижесіне қарап қорытынды жасалады. Үздік нәтижеге жеткен оқушы марапатталады.
Қосымша сұрақтар:
1.Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдаса
Қандай атау болады (дәреже)
2.Түзудің бір бөлігі
Екі шеткі нүкте көрігі
Ұзындығы және бар
Айтшы сыйлық сенікі (кесінді)
3.Үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады.
4.Үстел беті 4 бұрыш, оның 1 бұрышын кесіп алса неше бұрыш қалады.(5)
Елек орта мектебі
Математика апталығы
«Математикалық білім толқынымен»
6, 7-кластар
Өткізген: Математика
пәні мұғалімі-Иманова М.Қ.
2015-2016 оқу жылы
Есептердің дұрыс жауабын тауып, тұсына «+»-белгісін қой.
3 16325ұпай
14×23=20
335÷57=20
х 10=186030
Есептердің дұрыс жауабын тауып, тұсына «+»-белгісін қой.
3 16325ұпай
14×23=20
335÷57=20
х 10=186030
Есептердің дұрыс жауабын тауып, тұсына «+»-белгісін қой.
3 16325ұпай
14×23=20
335÷57=20
х 10=186030
Есептердің дұрыс жауабын тауып, тұсына «+»-белгісін қой.
3 16325ұпай
14×23=20
335÷57=20
х 10=186030
Есептердің дұрыс жауабын тауып, тұсына «+»-белгісін қой.
3 16325ұпай
14×23=20
335÷57=20
х 10=186030
Есептердің дұрыс жауабын тауып, тұсына «+»-белгісін қой.
3 16325ұпай
14×23=20
335÷57=20
х 10=186030
Бәйге Көптілділік Дода Семантикалық карта Жорға Қорыту
Мөлдір Бекзат Мұхтар Айша Іңкәр