?ызы?ты физика Кластан тыс ж?мыс
Қызықты физика
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білу
2.Дамытушылық: сайысқа қатысқан оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай дамытады.Қазақтың салт – дәстүрлері мен мақал – мәтелдері мен жұмбақтарын толық пайдаланып, көріністер мен ойындар қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілеті дамиды.
3.Тәрбиелік: оқушы өзінің ой – өрісі кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, өз ойын ашып айтуға үйренеді.
Сабақтың түрі: Жарыс
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, сызу, информатика, музыка
Көрнекіліктер: плакаттар, интерактивті тақта, квн рольдер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Әр топ өзін – өзі таныстыру (ұран,эмблема)
Сырлы сауалдар (талас сұрақтар)
Ғажайып қоржын (сұрақтар)
Байқап қал (суреттер)
Мақал – мәтелдер (сәйкестендіру)
Орамал тастамақ ойыны
Есептеп көр ерінбей
Жұмбақ шешіп, жұлдызша алу
КВН
Жүргізуші:
Ассалаумағалейкум халайық,
Сайыстың бетін ашайық.
Сұраққа шешу табайық,
Жер ұйығы білімнің.
Физика деген ғылымның,
Жәннат жеріне барайық.
Бұл думанды кеште біз
Нәр білімді, бар өнерді
Мақал – мәтел,жұмбақтар
Ғажайып қоржын сұрақ бар
Суретке қарап байқап қал
Сырлы сауал сұрақтар
Орамал тастап айналып,
Есепті шығар ойланып
КВН мен күліп ойналық
Жеңіске жетіп екі топ
Думанды кешті тойлайық
Құрметті ұстаздар, оқушылар біздің физикалық шоуға қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Ойдың білім атасы
Көрегенді данасы
Көп алғысы бар батасы
Әділқазы алқасы деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, әділқазы алқасымен таныстырып өтейік.
1.Мектеп директоры
2.Мектептің оқу ісі меңгерушісі
3.Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
4.Бірлестік жетекшілері және пән мұғалімдері
Жүргізуші:
Сұраққа жауап беріп айтысайық
Сауалды іліп алып тартысайық
Бәрін айтпа бірін айт алдыменен
Жобасымен сайыстың танысайық
Әр топ өзін – өзі таныстыру (ұран, эмблема)
Сырлы сауал (талас сұрақтар)
Ғажайып қоржын (сұрақтар)
Байқап қал (суреттер)
Мақал – мәтелдер (сәйкестендіру)
Орамал тастамақ ойыны
Есептеп көр ерінбей
Жұмбақ шешіп, жұлдызша алу
КВН
Жүргізуші:
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу
Алға қойған мақсатты
Әрқашанда мектепте
Шығып жүрген жақсы аты
Жиналған ылғи дарындар
Жүректе от, көздерінде жалын бар
Қайтпас, қайсар топтарын
Қол соғып қарсы алыңдар – дей келе сайысымыздың бірінші бағыты бойынша әр топ өз – өзін таныстырып өтсін, топ басшылары ортаға шығып, өз тобын таныстырады.
Қайсар тобы:
Армысыздар ағайын
Бармысыздар бауырлар
Ағайын тілін табайын
Жеңілдер сұрақ ауырлар
Есенсіздер ме ұстаздар
Ойынымызда мықты ұстам бар
Құрметке ие үлкендер
Батаңды бізге үлкен бер
Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып,
Отырған анау ойланып
Бәріңізге мың сәлем
Бұл сайысты көптен бері күткенбіз
Жалындаған жаспыз, жас көктембіз
Мақсатымыз биіктерден көріну
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз
Армандарға қол созумен келеміз
Білім теңіз жүзіп келеді кемеміз
Білімменен қаруланған тобымыз
Қарсыласты қалайда біз жеңеміз.
Ұраны: Математик физикпіз
Шетінен ойлы жүйрікпіз
Жеңіс үшін қайсар алға
Қарсыластан қалма
Қайтпас тобы:
Бүгін үлкен қуаныш барша үшін
Жүректе бар әнменен әсем гүлің
Миф апталығы басталды деп
Айтамыз қуанышты мектеп үшін
Құттықтаймыз шын жүректен баршаңызды
Әндетейік, жырлайық ұлы күнді
Апталықтың мезеті жақсылыққа
Тола берсін демекпіз асыл нұрға
Қасиетті аяулы ұлағатты
Бас иеміз құрметті ұстаздарға
Шақырып жарыстарға сан саналды
Қайтпас топ жалындап, жар салады
Ту етіп достықпенен татулықты
Қарсылас қайсар тобын қарсы алады
Тобымыз биіктерде шарықтасын
Жеңісіміз көк аспанда қалықтасын
Жеңіс туы желбіреп алауласын
Жеңісті бізден ешкім ала алмасын
Ұраны: Көңілден әнді тербейміз
Біліммен өсіп гүлдейміз
Біз ешқашан осал емеспіз
Намысты қолдан бермейміз
Жүргізуші:
Ағатын мөлдір бұлақтар
Білімнен кім бар жырақтар
Тақтаға қарап үңілсең
Сырлы сауал сұрақ бар – дей келе сайысымыздың екінші бағыты бойынша сырлы сауалдарға кезек берейік.
1.Айдын бетінде тұрып «аққан жұлдыздарды» көруге бола ма?
Жоқ, қйткені айда атмосфера жоқ.
2.Сарқыраманың қай жерінде судың температурасы жоғары?
Сарқыраманың табанында
3.Альпенистер жоғары биіктікте тамақ дайындады, уақыты жеткенімен бірақ тамағы піспеді. Не үшін?
Атмосфералық қысым төмен болғандықтан.
4.Марс планетасында жұмыртқаны пісіруге бола ма?
Болмайды, өйткені атмосфера өте сирек.
5.Сынапты термометрмен бір тамшы ыстық судың температурасын өлшеуге бола ма?
Болмайды, бұл жағдайда тамшының температурасы лезде өзгереді.
6.Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?
Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады.
7.Еденге аққан суды құрғату үшін неліктен оны еденге жағады?
Кебу бетін кеңіту кебу жылдамдығын арттырады.
8.Мұз қандай жағдайда жылытқыш болуы мүмкін?
Басқа дененің температурасы мұздың температурасынан төмен болғанда
9.Не үшін адамдар қоланы темірден бұрын қолданған?
Қоланың балқу температурасы темірден төмен
10.Теңіз суы 0℃ - та неге қатпайды?
Тұзды судың қату температурасы 0℃ - тан төмен
Жүргізуші:
Түйе мен ақсақал келеді
Сендерге ұрпағым деп сенеді
Ғажайып қоржын тартуын
Екі топқа үлестіріп береді – сайысымыздың үшінші бағыты ғажайып қоржын (екі топқа номерленген асықтар үлестіріліп беріледі)
Қайсар тобы:
Екі адам тоғыз құмалақты 2сағатта ойнаса, әр сағатта ойнайды? (2сағат)
Түнгі сағат онда жаңбыр жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін бе? (мүмкін емес, жоқ түнде күн шықпайды)
Жанұяда 5 ұл әр ұлдың бір – бір қарындасы бар, жанұяда неше бала бар? ( алты бала)
Столдың 4 бұрышы бар, бір ұшын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 бұрышы қалады)
Қос ат 40 км жол жүрсе, бір ат қанша км жол жүреді? (40 км)
Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр, әрбір мысықтың алдында 3 мысық . Үйде мысық жиыны қанша? (4 мысық )
Қайтпас тобы:
8 – наурызда екі шешеймен екі қызына, әжеймен немересіне 3 орамал сыйға таратылды, бұл қалай? (әжесі, шешесі,қызы)
Дорбадан 10 асықты 10 бала бір – бірден алды, сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (асықты бір бала дорбасымен алды)
1 жұмыртқаны 3 минутта пісірсе, 5 жұмыртқаны неше минутта пісіреді? (3 минут)
4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)
Ағаштың басында 10 торғай отыр, мылтықпен біреуін атып түсірсе, ағашта қанша торғай қалды? (қалғандары ұшып кетеді)
Қалай 7 ті этаждан секіріп жараланбауға болады? (1 этаждан секірсе)
Жүргізуші:
Қаруланып жарысқа жауабыңды сайлап бар,
Қиялыңды ойыңа шешілместей байлап бар.
Көргеніңді қайталап, жаз ұмытпай,
Көрген өткір көздеріңмен байқап қал - дей келе сайысымыздың төртінші бағыты байқап қал кезеңіне жол берейік.(суреттерді лезде көріп атын жазады)
Сөзге бай қазақпыз ғой жанымыз,
Келіспей ме мақал менен сәніміз
Сәйкестіріп бағыты сызықтармен,
Физикалық құбылысты табыңыз –дей келе сайысымыздың бесінші бағыты мақал – мәтелдерді сәйкестіру кезеңіне кезек берейік.
Қайсар тобы:
Қарыстан сүйем жақын жылу өткізгіштік
Тонның жылуы терісінен емес жүнінен физикалық шама
Қимылдаған қыр асар заттың агрегаттық күйі
Таумен тасты су бұзар, механикалық қозғалыс
Адамзатты сөз бұзар
Аяқ сүрінсе басқа салмақ түсер жылдамдық
Шапшаң озар, инерция
Жатқан қалар
Қайтпас тобы:
Жеті рет өлшеп бір рет кес диффузия
Көсеу ұзын болса қол күймес физикалық шаманы өлшеу
Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді жылу өткізгіштік
Отқа салса темірде балқиды жылдамдық
Аттыға жаяу жолдас болмас заттың агрегаттық күйі (балқу)
Дән себілмей астық өнбейді булану конденсация
Дария буланбай шық түспейді
Жүргізуші:
Жанайық мәңгі сөнбейік
Мынаған көңіл бөлейік
Орамал тастап ойнайық
Сұраққа жауап берейік –дей келе сайысымыздың алтыншы бағыты орамал тастау ойынына кезек берейік. (әр топтан 7 адамнан шығып ойнайды)
Ойынның сұрақтары:
Зат неден тұрады? (молекуладан)
Біз қоршаған орта? (табиғат)
Ең жақын жұлдыз? (күн)
Молекулалардың бір –біріне өту құбылысы? (диффузия)
Температураны өлшейтін құрал? (термометр)
Мұз қай температурада ериді? (0℃)
Аспан денелері туралы ғылым? (астрономия)
Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)
Дене пішінін немесе өлшемдерін өзгертуі? (деформация)
Диффузия қай күйде тез өтеді? (газда)
Дененің жүріп өткен жолы? (траектория)
Қай планетаның сақинасы бар? (сатурн)
360 минутта неше сағат бар? (6 сағат)
Судың қатты күйі? (мұз)
Жүргізуші:
Қалмаңдар білімде көрінбей
Ұлдар мен қыздар өрімдей
Топ басшыларына беремін
Есепті есептеп көр ерінбей –дей келе сайысымыздың жетінші бағыты есептеп көр ерінбей кезеңіне береміз.
Қайсар тобы:
1-есеп .Массасы 10 кг тас көмір толық жанғанда, қанша жылу мөлшерін береді? (тас көмірдің меншікті жану жылуы 2,7∙107 джоль/кг)
Жауабы: 2,7∙108 джоль/кг
2- есеп.Алматыдан шыққан автобус Ұзынағашқа дейінгі 60км жолды 1сағат жүрді, автобустың қозғалысын бірқалыпты деп ұйғарып, оның жылдамдығын анықтаңдар;
Жауабы: 60 км/ сағ
Қайтпас тобы:
1-есеп .Массасы 4 кг балқу температурасындағы қалайыны балқытуға қанша жылу мөлшері керек? (қалайының меншікті балқу жылуы 0,59·10 5 джоль/кг)
Жауабы: 236 к/джоль
2- есеп. Жер күнді айнала 30км/с жылдамдықпен қозғалады, 1 сабақ өткенде яғни 45 мин ішінде жер қандай жол жүреді? (81000 км)
Жүргізуші:
Шыңына ойдың қонайық
Көңілге қуаныш алайық
Берілсе сырлы жұмбақтар
Шешуін бірден табайық – дей келе сайысымыздың сегізінші бағыты кезекті жұмбақ шешіп, жұлдызша алу кезеңіне берейік.
Қайсар тобы:
Жай көзге көрінбейді
Қозғалуға ерінбейді (молекула)
Жоғарламайды ешқашан
Түрлендірсең егерде
Басқа күйге ауысса,
Жұмыс істейді әрқашан (энергия)
Өзі затты құрайды
Теңелуге таразыны сұрайды (масса)
Қайтпас тобы:
Көтерілсе жоғары
Ерітер мұхит мұздарды
Төмен түссе шамалы
Сездірер суық ызғарды (температура)
Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді
Өлшем бірлігін қарасаң
Ньютонға келеді (күш)
Оңынан оқы тіршілік нәрі
Солынан оқы онсыз адам
Өсімдік, аң, құс
Тұншығып бәрі (ауа)
Жүргізуші:
Армандардың ағыстарын бойлайық
Өз мүмкіндігімізді жоймайық
КВН мен әзіл ойнап көрейік
Өзімізше қызық қылып ойнайық – дей келе сайысымыздың соңғы айналымы квн –ге кезек берейік.
КВН командасының аты: Қайтпас – Қайсар
КВН – нің таныстыруы:
Тоқпен қазан астырған
Миллион гектар астықты
Комбайнмен бастырған
Физика емей немене?
Техниканы үйреткен
Роботтай адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Физика емей немене?
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген
Физика емей немене?
Аспанға темір ұшырған
Адам айға қол созып,
Жерден сәлем ұсынған
Физика емей немене?
Көп білім сияр бұл миға
Айта берсең лирика
Бәрін айтта бірін айт
Ғылым пірі физика!
КВН – нің қойылым кезеңдері:
1.мұғалімдердің оқушылардан сабақ сұрауы
2.ағылшындар мен қазақтардың футбол ойнауы
3.екі достың амандасуы
4.мұғалімнің емтихан алуы
5.жаңа мектептің салынуы
6.қазақпен Африкалықтың боксы
Жүргізуші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену, жалықпау
Шеберлік пен білімді
Сарапқа сап көріңіз
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңіз
Әдәл қазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме. Жеңімпаз топ марапатталады.
Жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар, сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.
Ғылым дами берсін ғаламдағы
Білімді үйренейік жаңа замандағы
Аман сау тұрыңыздар осыменен
Физикалық шоуымыз тәмамдалды.