саба? жоспары «Паскаль – программалау тілі»,«Паскаль тілінде программа дайындау жолдары».


«Паскаль тілінде программа дайындау жолдары»тараулары бойынша
ұлттық ойындардың тиімділігі 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Паскаль – программалау тілі»,«Паскаль тілінде программа дайындау жолдары».
Мақсаты:
Білімділігі:Оқушылардың өткен тараулар бойынша алған білімдерін жинақтау, ұлттық танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұлттық ойынның мазмұнын үйретіп, салт дәстүрімен таныстырады
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың жүру барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топқа бөлу.
ІІ. «Блиц-турнир» үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар Шаңырақ кестесі бойынша сұрақтарға жауап береді.

1. Бос оператор дегеніміз не?
2. Меншіктеу операторының қызметі3. Құрама оператор дегеніміз не?
4. Таңдау операторының қызметі5. Қайталау командасының қызметі6. Стандартты типтер түрлерін атаңдар.
ІІІ. Есептер шығару кезеңі.
Ойын «Арқан тартысу»
Ойын шарты:
Тақтаға керілген арқанға қызыл бау байланады. Тақтаны 2 оқушыға деп 2-ке бөліп, дайындап қоямыз Бір мезгілде 2 оқушы 2 топтан тақтадағы тапсырманы орындайды. Қай топтың есебі дұрыс болса қызыл бау сол топ жағына жылжиды. Нәтижесінде жеңімпаз топ анықталады.
1. Екі санның қосындысын табу программасын құру керек.
2.Екі санның бөліндісін табу программасын құру.
3. Үш санның кішісін табатын программасын құру керек.
4. Екі бүтін сандың пернетақтадан енгізіп, олардың көбейтіндісін табу программасын құру

Ойын «Қыз қуу»
Мақсаты: Қызды қуып жету
Ойын шарты: Әр топтан бір қыз бала және бір ұл бала шығып, кесте толтырады. Қайсы оқушы дұрыс және жылдам кестее толтырса, сол оқушы мақсатқа жеткені болып есептеледі.

(4,285-3,75)*(5,8-3,2)+7,5 4)c2=a2+b2-2ab cosγ
2)ex + sin2 x 5) R=abc:4S
3)D=b2-4ac 6) C=2πR
Ойын «Теңге ұтып алу»
Ойын шарты: Әр топтың оқушысы теңге таңдау бойынша жасырылған сұрақтарға жауап береді. Егер оқушы қателескен болса, онда келесі топтың оқушысы дұрыс жауабын айтуға болады.

ІV.«Бәйге» ойыны
Әр оқушы өздерінің компьютерлеріне құйылып тұрған электрондық тест тапсырмаларына жауап береді. Жауап беріп болған соң, компьютер оқушының жауаптары бойынша бағалайды. Қайсы топтың оқушылары жылдамтық танытып әрі дұрыс жауабы мол ұпайын жинаған топ жеңімпаз болады.

1. Егер y:=x+y және х=10, y=x болса, онда y-тың мәні неге тең?
А) 10 Б) 20*В) 60
2. Егер х:=0, х:=х+1, х:=х*х болса, онда х-тың мәні неге тең?
А) 0 Б) 1*В) 2
3. Паскаль тіліндегі логикалық айнымалылар типінің жазылуы.
А) char Б) boolean* В) real
4. Паскаль тіліндегі символдық берілгендер типінің жазылуы.
А) char* Б) integer В) string
5. Паскаль тіліндегі айнымалылар бөліміА) label Б) var* В) type6. byte типті айнымалылар қай аралыққа жатады?
А) [0;65535] Б) [-128;127] В)[0;255] *
7. Егер m - нақты сан болса, онда m+1 өрнегінің мәні қандай болады?
А) real* Б) integer В) boolean
8. 100 mod 10 өрнегінің мәні қандай типке жатады?
А) real Б) integer* В) byte
9.Егер y - бүтін сан болса, онда x:=1.2*y өрнегінің мәні айнымалылардың қандай типіне жатады?
А) real* Б) integer В) char
10.«Немесе» логикалық операциясының жазылуы.
А) or* Б) not В) and11.«Және» логикалық операциясының жазылуы.
А) or Б) not В) and*
12. Параметрдің алғашқы, ақырғы мәндерін және қадам мәнін белгілейтін оператор.
А) for* Б) repeat В) while
13. Программа бөлігіндегі m-нің мәнін анықтаңдар.
m:=0;
While m<3 do
m:=m+1;
А) 3* Б) 4 В) 2
V. Бағалау .
Әр топтың капитаны өз командасындағы оқушының дұрыс 5 жауабына «5» ұпай, 4 жауабына «4», 3 жауабына «3» ұпайларымен бағалайды. Қайсы топтың жинаған ұпайы көп сол топ жеңімпаз болып аталады.
VI.Үйге тапсырма: 72 беттегі тапсырмаларды орындау.