Разработка урока по казахскому языку на тему Жалпы ж?не жал?ы есімдер. ?аза?стан ?арыш саласыны? дамуы
Пәні бойынша күнтізбелік жоспары/ Поурочный план по предмету ___ қазақ тілі.
Тобы/ Группа __СЭГГ-116_________________________
Сабақ №/№ урока __31
Сабақ тақырыбы/Тема урока: Жалпы және жалқы есімдер . Қазақстан ғарыш саласының дамуы
Сабақтың мақсаты/ Цели урока:
Білімділік/ Образовательная: Жалқы және жалпы есім туралы түсінік бере отырып, жаттығулар орындау арқылы, сөйлем ішінен оларды таба білуге үйрету. Оқушылардың ғарыш жайындағы мәліметтерін толықтыру
Дамытуушылық/ Развивающая: Сөздік қорын, тіл байлығын дамытуға , дүниетанымын кеңейтуге ықпал ету. Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік/ Воспитательная: Ғалам құпияларын оқып, білуге шақыру. Жұппен жұмыс жасай білуге , бірлікке, ұйымшылдыққа, бірін-бірі тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі/Тип урока: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі/ Метод түсіндіру, сұрақ- жауап, топтық, шығармашылық, Постер әдісі.
урокаПәнаралық байланыстар/ Межпредметные связи Психология, астрономия, биология_
Пәнішілік байланыстар/ Внутрипредметные связи: орыс тілі, география
Біліктілік талаптары/ Квалификационные требования:
Білімділік /Должен знать: Жалқы және жалпы есімдер тулалы орыс тілінде ережені білу, ғарыштың мақсатын айта алу, дәлелдеу, жинақтау
Біліктілік /Должен уметь: Мәтіннен ішінен жалқы және жалпы есімдерді ажырату, салыстыру орыс тілі грамматикасымен. Ғарыш туралы сөздік қорын молайту.
Оқытудың құрал-жабдығы/ Материальное оснащение: оқулық қазақ тілі 11-сынып, 2015ж, тақта, ақ қағаз, фломастерлер, презентация, тест сұрақтары, тапсырмалар, смайликтер.
Сабақтың барысы/Ход урока:
№ Сабақтын кезеңі
/Этапы урока Мазмұны/Содержание
1 Мотивациялық- мақсаты/ Мотивационно-целевой Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады. (1-топ Ғарыш)
(2-топ Байқоңыр)
2-і Спикер сайланады.
Психологиялық дайындық: 2мин
Әрбір адам – туысым,досым, жұрағат,
Әрбір сабақ- үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің- тірлік,тірек, адамдық
Әр Эмоциялық көңіл-күй білдіру. Балалар, сендерге жақсы көңіл- күй сыйлаймын бір сөздерің– шындық, бірлік,адамдық болсын!
2.Үйге берілген тапсырмаларды жинақтау.
Энциклопедиядан (ғарыш жайлы деректер) 3. Оқитын газет-жорналдар («Математика көшбасшысынан» алынған 86-89 бет.
4. «Балалар әлемінен» Оқыңдар,қызық! 15 мин
Жаңа сабаққа шығу. Ойын арқылы шығу.
«Ой қозғау »( сұрақтар арқылы )
3. Жаңа сабақ. Жалпы және жалқы есімдер . Қазақстан ғарыш саласының дамуы.
Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір – бірімізді сыйлап, тыңдап Жалпы және Жалқы есім туралы білетін боламыз. (суреттер көрсету) 10мин
4. Оқулықпен жұмыс 2- жаттығу. Қорытын жасау. Кесте. 73-бет
«Ой қозғау »( сұрақтар арқылы ) Жалпы және жалқы есім.
1. Оқушылар дәптерге сөздік жұмысын жазады.
Ғарыш- космос 5мин
әуе кемесі-воздушный корабль
ғарыш айлағы-космический космодром
тұңғыш ғарышкер-первый космонавт
ғарышқа жол- дорога в космос
сынақшы-ұшқыш- летчик-испытатель
ғарыш алаңы-космическая площадка
2. Сұраққа жауап береді. 1-тапсырма 72-бет,3-тапсырма.
Қорытын жасау. 15мин
3. Презентация көрсету. Ғарыш айлағы туралы.
Балалар, суретте не көрдіңдер?
Ғарыш туралы не білеміз?
Ғарышкерлер туралы мәлімет? Кім оқыды?
Оқушылардың жауаптары: 10мин
Ай- Жердің табиғи серігі. Жерге ең жақын аспан денесі
Күн- қызған газды шар. Жерге ең жақын жұлдыз. Күн жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып көрінеді.
Жұлдыз- өте қызған газдан тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан. Күнге ұқсас, аспан денелердің бірі.
1991 жылы 2 қазанда тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров «СоюзТ-13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді.
Ресеймен бірлескен бағдарлама бойынша қазақ ғарышкері Т.А.Мұсабаев ғарышта 2 рет ( 1994,1998) болды.
Сергіту сәті: көзге арналған жаттығу 2 мин
2 Операциялық- орындау/ Операционно-познавательный Шығармашылық жұмыс.
Мәтінмен жұмыс. Постер арқылы қорғау. 15 мин
Ақ қағазға тек негізгі мәселелерді сурет арқылы,кесте, тірек сөздер арқылы мазмұндайды,қорғайды.
топ Байқоңыр айлағы жайлы түсінік
топ Байқоңыр айлағының экологиялық мәселелері
Байқоңыр – Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы. Іргесі 1955 жылы қаланған. Ғарыш алаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы,экватор жазықтығына жақындығы ,ракета ұшырудың қауіпсіздігі ,қайтып оралатын ғарыштық обьектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы ескеріледі. Байқоңырдан Күннің ,Айдың; Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, «Восток», «Союз», «Прогресс» ғарыш кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық станциялары, жұмыстар жүргізуге арналған «Протон», «Зонд», «Прогноз», байланыс мақсаты үшін пайданылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған «Молния», «Экран», «Горизонт», «радуга», «Метеор» жасанды серіктері ұшырылды.Байқоңыр ғарыш алаңын салуға әр жылдары түрлі мамандықтағы көптеген қазақстандықтар қатысты. Байқоңыр ғарыш алаңы 1991 ж Қазақстан Республикасының иелігіне өтіп, 1993ж Ресей Федерациясына 20 жылға берілді.
Байқоңыр айлағының әкологиялық мәселелері.
Байқоңыр кешенін пайдаланудың экологиялық зардаптары кең тарала бастады. Байқоңыр кешенінен Қ.Р-сы аумағында 30-35 мың тонна улы заттар таралады. Ракеталардан түскен қалдықтар Қарағанды ,Павлодар , Шығыс Қазақстан облыстарына зиян келтіреді.Ғарыш аймағынан зымырындар ғарыш кеңістігіне қарай басты- 5 түрлі мақсатпен ұшыралатынын білеміз. Біріншісі : зерттеу жұмыстарына арналған ғарыш кемелері.Негізінен алғанда онда зерттеушілер жұмыс істейді.
Екіншісі: тасымал кемелері. Онымен құрал- жабдықтар мен аппаратуралар, адамдардың өмір сүруіне қажетті азық- түлік , су, киім- кешек оттегіне дейін осы зымырандармен жерден тасымалданады.
Үшіншісі- әскери мақсаттағы зымырандар
Төртіншісі: байланыс- жер серіктері
Бесіншісі: планетааралық ғарыш кемелері
3 Бақылау-бағалаулық/ Контрольно-оценочный
Бекіту: Тест жұмысы 5-мин
Ғарышқа ұшудың мақсаты неде?
А) аспанды саяхаттап айналып келу
Ә) аспанды зерттеп, оның жұмбақ, түсініксіз жақтарын ашу
Б) әр ғарышкер өзінің батыр, мықты екенін көрсету
2. Ғарыш алаңы қалай аталады?
А) Астана
Ә) Байқоңыр
Б) Арал
3. Тоқтар ағаның ізін басқан ғарышкер кім?
А) Талғат
Ә) Гагарин
Б) Фибон
4. Ғарышкерлер мейрамы қашан тойланады?
А) 22 наурыз
Ә) 9 мамыр
Б) 12 сәуір
5. Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
А) 1962 жыл
Ә) 1991 жыл
Б) 1992 жыл
Тексеру. Бағалау. Стикерлер (топ бойынша)
4 Рефлексия Рефлексия. « Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорыту. «Ыстық орындық» әдісі (3 минут)
Екі топтан бір оқушыдан шығады екі топ оқушыға кезекпен өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Бағалау: Спикер арқылы өз ойларын білдіру . 5мин
Әр топтан бір спикер өз тобын бағалайды. (смайликтер дайындау) бес саусақ ( смайликтер таратады)
5 Үй жұмысы/
Домашнее задание 1. Ережені білу, сөздерді жаттау 73-бет бәріне.
2. ІІІ-деңгей: 74-бет мәтінге сұрақтар дайындау
3. ІІ- деңгей: Мәтінге жоспар құру.
4. І деңгей: Қосымша әдебиеттерден «Байқоңыр туралы» мәліметтер жинап, мәнжазба дайындау. 3мин
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
«ПАВЛОДАР МҰНАЙГАЗ КОЛЛЕДЖІ» МЕКЕМЕСІ
УЧРЕЖДЕНИЕ «ПАВЛОДАРСКИЙ НЕФТЕГАЗОВЫЙ КОЛЛЕДЖ
Утверждаю
Методист _______________
И.Н. Лобко
«__» ______________ 2016 _ г.
«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘЗІРЛЕМЕСІ
РАЗРАБОТКА ОТКРЫТОГО УРОКА ПО ДИСЦИПЛИНЕ «ҚАЗАҚ ТІЛІ»
ТАҚЫРЫБЫ / НА ТЕМУ
«ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЖАЛҚЫ ЕСІМДЕР ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ»
(2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ)
Оқытушы құрастырды/
Разработала преподаватель: С.С. Манабаева
Тобы/группа СЭГГ-116
Өткен мерзімі
Дата проведения 09.12._2016ж
Павлодар к.
г. Павлодар.