А?ЫЛШЫН Ж?НЕ ?АЗА? ТІЛДЕРІНДЕГІ СЫН ЕСІМНІ? СЕМАНТИКАЛЫ?-??РЫЛЫМДЫ?, СИНТАКСИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ СЫН ЕСІМНІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, СИНТАКСИСТІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Каримжанова М.Б.
Ағылшын және қазақ тілдері екі түрлі тілдік топқа жататындықтан, ондағы сын есімдердің сыртқы формаларында да, құрылымдық, семантикалық ерекшеліктерінде елеулі айырмашылықтар болады.Ағылшын тіліндегі сын есімдердің қазақ тіліндегі синонимдес баламаларын өзара салыстыра отырудың маңызы зор.Ағылшын, қазақ тілдерінде сын есім – заттың, нәрсенің белгісін, қасиетін, сапасын, сипатын, көлемін, салмағын, түсін білдіретін сөз табы. Ол what? – қандай?, what kind of? – қандай? деген сұрақтарға жауап береді.Мысалы: A new firm – жаңа фирма, а wide street – кең көше, а strong companion – берік серіктестік [1,57 -б].
I. Morphological structure of adjectives (Сын есімнің морфологиялық құрылымы) Ағылшын тілінде сын есімдер құрылымына қарай simple (негізгі), derivative (туынды) және compound (күрделі) болып бөлінсе, қазақ тілінде дара (негізгі, туынды түбір) және күрделі болып бөлінеді:
а) Simple (негізгі) сын есімдер (түбір сын есімдерге ешқандай қосымшалар жалғанбайды): Ағылшын тілі: red – қызыл, white – ақ, blue – көк, big – үлкен, old – кәрі. Қазақ тілі: сұр – grey, тар – tight, биік – tall.
ә) Derivative (туынды) сын есімдер: ағылшын тілінде түбірге префикстер, жұрнақтар жалғану арқылы жасалса, қазақ тілінде тек жұрнақтар жалғану арқылы жасалады. Ағылшын тілі: acceptable – қолайлы, тиімді, unable – қабілетсіз, uncountable – саналмайтын, groundless – тиянақсыз, fixed – тұрақты Қазақ тілі: бойшаң, алғыр, білгір, өткір.
б) Сompound (күрделі) сын есімдер екі тілде де екі немесе одан да көп сөзден құралады.Мысалы: Ice – cold – тастай суық ;Snow – white – қардай аппақ ; Dark – grey – қошқыл сұр
Салыстыра келе қазақ тілінде сын есімдер құрылымына қарай дара ,күрделі болса, жасалуына қарай негізгі және туынды сын есім болып бөлінеді, [2,446-б]. ағылшын тілінде құрылымына қарай 3-ке бөлінеді.[1,59- б].
II. Semantic groups of adjectives (Сын есімнің семантикалық топтары)
Сын есімдер заттың әр алуан сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатыстары арқылы да білдіреді. Сол себепті сын есімдер екі тілде де семантикалық жағынан екі топқа бөлінеді:
1) Сапалық (Qualitative) сын есімдер; 2) Қатыстық (Relative)
Заттардың әр алуан түр – түсін, сипатын, сапа белгісін, көлемі мен
аумағын, дәмі мен иісін білдіретін сын есімдер сапалық сын есімдер деп аталады. Мысалы: beautiful – әдемі , cold - суық , black - қара
Белгілі бір заттардың сипаты мен белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сын есімдер қатыстық сын есімдер деп аталады. Мысалы: өткір пышақ – sharp knife, ұзын көше – long street
Ағылшын тілінде сын есімнің есімдікке ұқсас түрлері болады: Possitive adjectives (Тәуелдік сын есім): mу, your, his/her/its, our, your, their. Demonstrative adjectives (Сілтеу сын есім): this/these, that/those. Interrogative adjectives (Cұрау сын есім): whose, what, which. Distributive adjectives (Бөлшекті сын есім): each, every, everyone, everybody, everything, both, either, neither) Quantitative adjectives (Сандық сын есім): many and much, a little/a few and little/few. [7,128-б].
Ағылшын және қазақ тілдерінде сын есім жіктелмейді, септелмейді жекеше, көпше түрге бөлінбейді, оның тек үш шырай категориясы болады. [1,60-б].
III. Degrees of comparison of adjectives (Сын есімнің шырай категориясы) Сын есімнің өзіне ғана дербес грамматикалық белгісі шырай категориясы болып табылады. Шырай дегеніміз – заттың белгісі немесе сипаты (түсі, түрі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы т.с.с.) біркелкі болмай, рең жағынан әртүрлі дәрежеде болатынын, яғни бір затта артық, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары.
а) Positive Degree (Жай шырай).
Екі тілдеде жай шырай түбір күйінде басқа шырай формаларына негіз болады. Мысалы: short – қысқа , кең – wide, fat – толық жеңіл – easy, happy – бақытты ,ұзын - tall
ә) Comparative Degree (Салыстырмалы шырай) заттың бір тектес сапасы мен белгісінің арасындағы сәл кем немесе сәл артығырақ екенін білдіреді.
Салыстырмалы шырай ағылшын тілінде жай шырайға –er жалғаулығы мен more сөзінің қолданылуы арқылы жасалса, қазақ тілінде -рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау,-деу, -тау, -теу,-қыл, -шіл т.с.с. жұрнақтар арқылы жасалады. Ағылшын тілі:shorter- қысқарақ, fatter-толығырақ, happier-бақыттырақ. Қазақ тілі: кеңірек-wider, кішілеу-smaller, қаттырақ-harder.
Ағылшын тіліндегі сын есімнің салыстырмалы шырайы тікелей сын есімдер арқылы және арнаулы сөздер арқылы жасалады.Мысалы: as … as тіркесінің қазақша тікелей аудармасы жоқ. Орыс тілінде такой … как деген аудармасы бар. Қазақша мағынасын “сияқты (секілді)+сын есім” деген арнаулы тіркеспен білдіруге болатын секілді. Мысалы: Aizhan is as tall as her brother — Айжан ағасы сияқты ұзын (бойлы).
not so … as тіркесі as … as секілді. Бірақ мағынасы керсінше, яғни, болымсыз түрде. Орыс тіліндегі аудармасы “не такой … как” болады. Ал қазақша мағыналық баламасы “сияқты (секілді)+сын есім+ емес” Мысалы:
Abai is not so brave as Oraz — Абай Ораз секілді (сияқты) батыл емес.
Салыстырмалы шырай+ than сөзі бір зат есімнің сынын екінші бір зат есімнің сынымен салыстырғанда қолданылады. Орыс тілінде “чем” деген аудармасы бар. Қазақша баламасы: “шығыс септігінің жалғауы (-дан, -ден; -тан, -тен; -нан, -нен)+ салыстырмалы шырай“. Мысалы:Sabyr is cleverer than Aizhan — Сабыр Айжаннан ақылдырақ.Салыстырмалы шырай+ than тіркесіне қатысты тағы бір қазақша баламасын атап өтуге болады. Ол — “барыс септігінің жалғауы (-ға, -ге; -қа, -ке, -на, -не)+ қарағанда+ салыстырмалы шырай“. Мысалы:Sabyr is cleverer than Aizhan — Сабыр Айжанға қарағанда ақылдырақ.
The + салыстырмалы шырай the + салыстырмалы шырай деген тіркес күрделілеу көрінгенімен, шынында, өте оңай. Орыс тіліндегі аудармасы “чем, тем” болады. Қазақ тіліндегі баламасын “неғұрлым …, солғұрлым” деген сөздермен немесе “сайын” деген сөзбен ұқсатуға болады. Дұрыс түсіну үшін мысал келтірейін.The farther south you go, the warmer the weather becomes — Неғұрлым оңтүстікке ұзағырақ барған сайын, ауа-райы солғұрлым жылырақ болады.
б) Superlative Degree ( күшейтпелі шырай) екі тілде де заттың алғашқы қалпын, сапасын тым асыра, көтере немесе кеміте көрсету үшін қолданылады. Мыаслы: the happiest-ең бақытты,the longest- ең ұзын; Ағылшын тілінде күшейтпелі шырай -est, -st жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Күшейтпелі шырайдағы сын есімнің алдында міндетті түрде the белгілі артиклі тұрады: young – (the) youngest [3,36-б].
Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықтарында 3 (жай, салыстырмалы, күшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4 түрі (асырмалы) беріледі. Бұлайша жіктеу олардың мағыналық реңктеріне байланысты: аппақ пен керемет ақ немесе тым аппақ деп айту оның ерекше аппақтығын білдіру, бір ғана түстің түрлі дәрежесі мен сапасын жеткізу мақсатынан туындаған. Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен. [5,387 -б].
Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.
Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды. Қазақ тілінде сын есімнің барлығы бірдей шырай тұлғасымен түрленбейді, яғни кез келген сын есімге шырай тұлғалары жалғанбайды. Сын есімнің шырай тұлғалары сапалық сын есімдерге жалғанады. Қазақ тілінде тіптен сапалық сын есімдерге де шырай жұрнақтарының бәрі бірдей жалғана бермейді. Мысалы, «көк» деген сын есімге «шіл» жұрнағын қосқанда «көкшіл» деген шырай мағынасы жасалса, «жасыл» деген сөзге «шыл» жұрнағын қосып, «жасылшыл» деуге болмайды.
Бұл – қазақ тіліндегі сын есім шырайының ерекшелігі. Сапалық сын есімнің қазақ тілінде төрт шырай формасы болса, ағылшын тілінде үшеу. [4,784- б].
IV.Syntactical functions of adjectives ( Сын есімнің синтаксистік қызметі) Ағылшын тілінде сын есім анықтауыш, баяндауыштың есім бөлігінің қызметін атқарады. Мысалы: The large box is on the table. - Үлкен қорап үстелдің үстінде тұр ( анықтауыш) .The box is large. –Қорап үлкен ( баяндауыштың есім бөлігі)
Қазақ тілінде сын есім анықтауыш қызметін атқарады.Мысалы:Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).Сын есімдер заттанған кезде табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келіп , толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Жақсыға сұқтан, жаманнан сақтан.Сын есім сөйлемдегі етістіктің алдында тұрып, қимыл әрекеттің сынын білдіріп , пысықтауыш болады. Мысалы: Мына хаттан ана көңілінің алаңы анық білінеді. Заттанған сын есім атау септігінде тұрып бастауыш болады. Мысалы: Жақсылар байқап сөйлер, білімсіздер шайқап сөйлер.Сын есім жіктік тұлғада тұрып , сөйлемнің баяндауышы да болады.Мысалы: Үйдің іші мұнтаздай тап-таза. [5,42 -б].
Келтірілген мысалдардан екі тілде әр түрлі мағыналық топтардың құрамына кіретін атаулар қолданылатыны көрінеді. Олардың қолдану аясында әр тілге тән ерекшеліктермен қатар, екі тілге де ортақ белгілері де кездеседі. Туыстас немесе туыстығы жоқ тілдердегі сын есімдерді салыстыра зерттеу арқылы олардың тілдердегі ұқсастығы мен ерекшеліктерін ашудың маңызы зор .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. Баданбекқызы З.Ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасы.-Алматы «Бастау»,2010. 57-69б
2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Қазақ тілі мен оқу ағартуға қатысты еңбектері. –Алматы: Ана тілі, 1992. – 446 б.
3.Рысбаева Г.К Ағылшын тілі грамматикасы . - Алматы «Өлке» , 2006. 36-45б.
4. Қазақ грамматикасы. Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис /
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Е.Жанпейісов т.б. – Астана: Елорда, 2002. –784 б.
5. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы: Мектеп баспасы, 1964. –389 б.
6. Смирницкий А.И. Морфология английского языка. –Москва: Изд-во лист. На иностр яз, 1959. – 440 с.
7. Ағылшын тілінің грамматикалық ережелері мен жаттығулары / Оқу əдістемелік бағдарлама Алматы -2013 123-бет