А?ЫЛШЫН Ж?НЕ ?АЗА? ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕТІСТІКТЕРДІ? ША? ФОРМАЛАРЫНЫ? ??САСТЫ?ТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫ?ТАРЫ


АҒЫЛШЫН ЖƏНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ ЕТІСТІКТЕРДІҢ ШАҚ
ФОРМАЛАРЫНЫҢ ҰҚСАСТЫҚТАРЫ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ

В этой статье излагаются сопоставительные моменты казахского и английского языков и прилагаются разные варианты примеров по сопоставлению категории глагольных форм из двух языков.
Given article is devoted to various systems of models in comparing of verbs English and Kazak languages.

Мектепте шетел тілін оқыту үдірісін жандандыру, жаңа оқу-тəсілдерін айқындап, қызықты, əсерлі əдістерді қолдану, оқу əдістемелік комплексінің ұсыныстарына шығармашылықпен қарау да оқушының шет тіліне қызығушылығын арттырады. Олай болса оқушы қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіру, алған білімді тұрақты есте сақтау шараларын жолға қою керек болады. Тіл дамыту жаттығуларын, ойын элементерін жəне көрнекіліктер қолданылып, электрондық оқулықтар жасау, жаңа технология енгізу-бүгінгі күннің басты талабы.
Шетел тілдерін оқыту мəселелерін қарастырғанда ең алдымен ана тілінің алар орны туралы мəселе сөз болады. Бұл жайында мұғалімдер арасында екі түрлі көз-қарас бар. Оның бірі шетел тілін оқытуда тек ана тіліне сүйене, ана тілімен салыстыра отырып оқыту қажет деп санаса, екіншісі шетел тілі сабағын ана тілінің көмегінсіз тікелей меңгеру керек дейді. Негізі шетел тілін меңгеруде ана тілінің ерекшелігін ескеру, оқушы үшін тілде кездесетін қйындықтарды түсіну үшін өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін осындай қиындықтарды жоюға болады. Шетел тілінде жаттығулар жасау арқылы сабақта ана тілін қолданбауға болады, бірақ ана тілі оқушытердің санасында сақталады. Ал егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көңіл бөлмесе, оқушытердің шетел тілін меңгеруіне кей жағдайларда зиян келуі мүмкін. Яғни сабақ тек шетел тілінде ғана болса, оқушылар үшін түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол оқушылардың шетел тілін меңгеруге қызығун төмендетеді. [ 1,17 бет]
Шетел тілін оқытуда ана тілінің рөлі жоғары, сондықтан шетел тілін ана тілімен салыстыра отырып оқыту жөн деп есептейміз. Біз қарастырып отырған мəселе ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі осы шақтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Ағылшын тілін үйренуде оқушыерге елеулі қиындық тудыратын грамматиканың бір саласы- етістік. Етістік заттың, құбылыстың - əрекетін білдіретін сөз табы. Етістік ағылшын тілі сөз таптарының ішіндегі, қолданыс аясы кең, аса бай грамматикалық категориясы. Етістік қазақ тілінде жақтарға, шақтарға байланысты Не істейді? Не істеп жатыр? Не қылды? тағы басқа
сияқты сұрақтарға жауап берсе, ағылшын тілінде де шақтарға, жақтарға
байланысты what does (he, she, it (smb.) do? I
We
What do You do?
I
We
What did You do? [2, 76 бет]
They
He
She
Етістік іс қимылды, əрекетті білдіре отырып, осы іс- əрекеттің сөйлеушінің сөйлеп тұрған сəтімен байланысты өту кезеңін де көрсетеді. Қазақ тілі тəрізді ағылшын тілінде де етістіктің жақ, сан, шақ категориясы бар. Негізінен етістіктер жекеше түрде осы шақта үшінші жақта ғана өзгеріске ұшырайтындықтан, етістіктің жаңа категориясы көп қиындық тудырмайды. Тек To be етістігінің жіктелу ерекшеліктерін есте сақтау керек. Ал шақ категориясы өте күрделі. Active voice-те 16 шақтың формасы, Passive voice-те 10 шақтың формасы бар. Осы шақтың формаларының барлығын бір бірімен шатыстырмай жаттап алу оқушытерге қиындық тудырады. Мұғалімнің міндеті оқытудың неғұрлым тиімді əдіс-тəсілін қолдана отырып, оқушылардың өздігінен қызығушылықпен жұмыс істей білуге үйрету. Шақтық формалар белгілі бір қағиданы сақтай отырып жасалады. Осы қағиданы мұғалімдер оқушыларға жете түсіндіріп берсе, бұл оқушының материалды меңгеруін оңайлата отырып, осы шақтық формаларды оқушының өзі саналы түрде жазып шығаруына мүмкіндік берер еді. Ағылшын тіліндегі етістіктің шақтары басты 4 шаққа: Present, Past, Future, Future in the Past негізделеді. Бұл топтар мағынасы жасалуына қарай əрқайсысы 4 түрге бөлінеді. Енді ағылшын жəне қазақ тілдеріндегі осы шақтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарына тоқталайық. Соның ішінде Present Continuous Tense-ті қарастыратын болсақ. Ағылшын тіліндегі Present Continuous дəл қазір болып жатқан іс-əрекетті қимылды білдіретін етістік формасы.
To be + V ing [ 3, 543 бет]
Present Continuous шағы To be етістігімен ( am, is, are ) негізгі етістікке ing жалғауын жалғау арқылы жасалады.
Мысалы : My son is reading now. You are speaking.
Қазақ тіліндегі нақ осы шақ қимылдың, іс-əрекеттің сөйлеп тұрған сəтте болып жатқанын білдіреді.
Мысалы : Оқушылар лекция тыңдап отыр. Аққу теңізде жүзіп жүр.
Present Continuous шағының ұқсастықтарына келетін болсақ
Етістіктің күрделілігі.
Екі тілде де нақ осы шақтарда күрделі етістік (негізгі етістік + көмекші етістік) қолданылады.
көмекші етістік негізгі етістікis reading
негізгі етістік көмекші етістікоқып отыр
Тілдегі көмекші етістіктің ұқсастықтары.
Қазақ тіліндегі нақ осы шақтың көмекші етістігі (отыр, тұр, жатыр, жүр) ағылшын тіліндегі Present Continuous шағының көмекші етістігіне ( am, is, are) сəйкес келеді.
Екі тілдегі негізгі етістіктің жасалуы.
Қазақ тіліндегі нақ осы шақтың негізгі етістігіне оларға көсемшенің –ып, -іп, -п жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Ал ағылшын тіліндегі Present Continuous нелізгі етістігі ing жалғануы арқылы жасалады.
Етістік Нақ осы шақ Present Continuous
көмекші ет-к отыр, тұр, жатыр, жүр am, is, are
негізгі етістік -ып, -іп, -п -ing [2, 97 бет]
мысалы оқып отыр is reading
Екі тілделі негізгі етістіктің жалғауларында ұқсастық бар. Екі тілдегі нақ осы шақтарда негізгі етістіктер қандай сөйлем болмасын өз жалғауымен қала береді.
Present Continuous Нақ осы шақ
He is reading Ол оқып отыр
He is not reading Ол оқып отырған жоқ
Is He reading? Ол оқып отыр ма?

Екі тілдегі болымсыз сөйлемдердің ұқсастықтары.
Қазақ тілінделі нақ осы шақтың болымсыз сөзі ( жоқ) ағылшын тіліндегі Present Continuous –тің болымсыз сөзіне (not) сəйкес келеді.
He is not reading Ол кітап оқып отырған жоқ [2, 97 бет]
Ал енді Present Continuous жəне қазақ тіліндегі нақ осы шақтың айырмашылығына келетін болсақ.
Екі тілдегі күрделі етістіктің орын тəртібіндегі айырмашылық бар. Қазақ тілінде нақ осы шақтың күрделі етістігінде көмекші етістік негізгі етістіктен кейін тұрады. Ал ағылшын тілінде Present Continuous Tense – тің күрделі етістігінде көмекші етістік негізгі етістіктің алдында тұрады.
Мысалы: She is speaking now. Ол сөйлеп тұр.
к/е. н/е. н/е.
Екі тілдегі көмекші етістіктің лексикалық мағынасы жағынан айырмашылықтары бар. Қазақ тіліндегі нақ осы шақтың көмекші етістігінің дара тұрған кезде лексикалық мағнасы болады, ал күрделі етістік құрамында оның лексикалық мағнасы болмайды.
Мысалы: Ол мектептің алдында тұр (бұл сөйлемде тұр етістігінің мағынасы бар). Тұр етістігі III жақтағы адамның мектеп алдында тұрғанын білдіріп тұр.
Мысалы: Олар қонаққа бара жатыр (бару етістігі бұл сөйлемде негізгі мағынаны білдіріп тұр). Егер бұл сөйлемде жатыр етістігі негізгі мағынаны білдіріп тұрса, сөйлемнің мағынасы болмай кетеді. Шынында да адам тұрып барады. Ал қонаққа ешкім жатып бармайды. Сондықтан жатыр етістігі негізгі мағынаны білдірмейді (негізгі мағынаны бару етістігі білдіреді).
Екі тілдегі болымсыз сөздің орын тəртібіндегі айырмашылық. Ағылшын тіліндегі болымсыз сөз сөйлемнің ортасында, қазақ тіліндегі нақ осы шақта болымсыз сөз сөйлемнің соңында тұрады.
Мысалы: I am not reading. Мен кітап оқып отырған жоқпын.
Екі тілдегі көмекші етістіктердің жалғауларындағы айырмашылық.
Ағылшын тіліндегі нақ осы шақтың көмекші етістігі (сұраулы, хабарлы, лепті, болымсыз) əр түрлі сөйлемдерде ешқандай жалғаусыз түрады. Қазақ тіліндегі нақ осы шақтың көмекші етістігінің жалғаулары əр түрлі сөйлемдерде əр түрлі болады.
They are speaking now.
They are not speaking now.
Are they speaking now? [2, 98 бет]
Олар сойлесіп отыр.
Олар сойлесіп отырган жоқ.
Олар сойлесіп отыр ма?
Бұл мақалада мұғалімнің көмегімен тіл үйренуші мектеп оқушыларына арналған. Мақаланың басты мақсаты-ұқсамайтын екі топқа жататын тілдерді-герман тобына жататын ағылшын тілін жəне түрік тілдері тобына жататын қазақ тілінің шақ формаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыра отырып түсіндіру.
Əдебиеттер:
Республиканский методика-педагогический журнал «Мектептегі шет тілі» №3 2007 17-бет.
Р.Баданбекқызы М.Б.Өтемқұлқызы М.М.Аманқызы. Ағылшын тілі. 76, 97-98 беттер.
Н.А.Бонк Г.А. Котий Н.А.Лукьянова. Учебник английского языка. 543 бет.