Балд?урен ортан?ы тобына арнал?ан ?йымдастырыл?ан о?у іс- ?рекеті
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары.
«Балдәурен» ортаңғы тобы. 20.01.2016
Музыка жетекшісі: Аубакирова Ж.А 25.01.2016
Білім беру саласы: Шығармашалық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Музыка
Тақырыбы: «Біздің атай»
Мақсаты: күн көзінің жылуындай өз бойларындағы жылуды әнмен отбасы мүшелеріне жеткізе білуге үйрету, әнді ынтамен айтуға баулу.
Көрнекілік: отбасы мүшелерінің суреті. Атжарыс, көкпар тарту суреттері, құлыншақтың суреті.
Сөздік жұмыс: қамқор, бағбан, ұста.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациалық-
қозғаушылық Балалар музыка бөлмесіне «Марш»(Е.Андосов) музыкасымен келеді. Музыка ырғағына ілесіп, аяқты нық басуға, тізбектеліп шеңбер бойымен жүре айту.
Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіздерін жеткізу.
Шапқылауға тоймайды,
Жүйрік құлын бұл неткен!
Тыным таппай ойнауды
Өзіне кім үйреткен?
Е.Ескедіров Балалар бірінің соңынан бірі тізіліп, шеңбер бойымен жүреді.
Шаттық шеңберінде жылы лебіздерін айтады.
Ұйымдастырушылық –
ізденістік -Балалар, бұл өлеңде не жайында айтылып отыр (фланеграфқа шауып келе жатқан құлыншақтың суретін ілу).
-Құлын қай жануардың төлі?
Жауып беруге көмектесу.
Құлыншақ күні бойы шапса да шаршамайды.
Музыка тыңдау:
«Құлыншақ»
(Ж.Тұрсынбаев).
-Балалар, көздеріңді жұмып тыңдаңдаршы, нені елестетіңдер?
Дұрыс, аттың шабысын. Ат (жылқы) қайда өмір сүреді, қалада ма, әлде ауылда ма?
Жылқыға көбінесе аталар күтім жасайды.
Енді сол аталар туралы ән үйренейік.
Ән үйрету: «Біздің атай» (К.Қуатбаев, Ә.Дүйсенбиев).
-Атаның қолынан бәрі келеді: егін де егеді, мал да бағады, үй де салады.
Ол кісіні барлығы жақсы көреді. Ән көңілді атаға арналған. Сендердің аталарың барма? Аталарың сендерді қалай атайды?
Әннің мәтінін тыңдаған соң, әуенге қосылып айтуды үйренеді.
Өткен әндерді еске түсіріп қайталап айту.
Өлеңді тыңдап музыка жетекшісінң сұрақтарына жауап береді.
Музыканы тыңдай отырып, алған әсерлерін білгендерінше жеткізуге тырысады.
Әнді бар ынталарымен тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Әнді үйреніп, әуенімен қосылып айтады.
Өз атаулары туралы айтады.
Рефлекциялық-
түзетушілік -біз бүгін қандай жануар туралы музыка тыңдадық?
-Құлыншақ қай малдың төлі?
Сабақты қортындылау мадақтау.
Құлыншақ туралы.
Жылқының төлі.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ата туралы, үй жануары жылқының төлі құлыншақ туралы.
Игереді: қамқор, бағбан, ұста сөздерінің мағынасын.
Меңгереді: аттың шабысын салып жарысу дағдыларын.