Технология 11-сынып ?лтты? костюмні? с?нін келтіретін ?осымша зергерлік б?йымдар мен аксессуарлар


Бекітемін: З.А.ЖакаеваОқу ісінің меңгерушісі
«___» _____________ 2015 жылСыныбы: 11-  сыныпСабақ №: 11
Тарау №: І Қазақ халқының ұлттық костюмін конструкциялау, модельдеу және дайындау.
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық костюмнің сәнін келтіретін қосымша зергелік бұйымдар мен аксессуарлар.
Мақсаты: 
Ұлттық зергерлік бұйымдар, оларды жасауға  үйрету. Әшекейлей отырып, дұрыс жасау және өздігінен  ойын жеткізе білуге  дағдыландыру, еңбекке баулу.
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: Түрлі әшекей бұйымдар,  сым темір, моншақ, қайшы.
Сабақ түрі: жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Сөздік қормен жұмыс, қол еңбегін дамыту.
Көрнекілігі: Сәнді зергелік бұйымдар мен аксессуарлар суреттері.
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру
ІІІ Жаңа сабақ: А) кіріспе Б) мұғалімнің түсіндіруі, көмегі.
Өткен сабақта  ұлттық киімдер, әшекеймен таныстық. Бұл сабақта  зергерлік  бұйымдармен, олардың  әшекейімен танысамыз.
Сәндік киімге  ұлттық зергерлік бұйымдар,  жарасып тұрады. Асыл тас,  бағалы металдан  жасалған тұмар, шашбау, сәндік бұйымдар,  білезік,  сырға, жүзік.
553148517526044577001752603423920165100235077016510074930194945
444509525
Зергерлік бұйымдар (негізінен сәндік безендіру заттары)— асыл металдарды (алтын, күміс, платина және палладийді) әшекейлеп өңдеудің, сондай-ақ түсті металдарды (жез, мельхиор т. б.) қорытудың, олардың бетіне, алтын, күміс жалатудың; көп жағдайда қымбат тастармен, эмальмен т. б. безендірудің нәтижесінде алынатын бұйымдар.
Зергерлік бұйымдардың сынамасы. Әдетте таза, асыл металдардан зергерлік бұйымдар жасалмайды. Оларға қажеттімеханикалық қасиеттер дарытып, тиісті түс алу үшін түсті металдар қосады, мәселен алтынның күміс және мыспен қорытпасын, кемде палладиймен, кадмиймен, никельмен, мырышпен қорытпасын; күміс пен платинаның мыспен қорытпасын, палладийдің күміспен және никельмен қорытпасын үстемелейді. Қорытпадағы асыл металдың құрамы оның сынамасын айқындайды. Көптеген елдерде сынаманы белгілеудің метрлік жүйесі қабылданған (КСРО-да ол 1927 жылдан бері енгізілген), ол бойынша сынама қорытпаның мың салмақтық бірлігіндегі асыл металдың бөлшек санымен белгіленеді. 1927 жылға дейін Ресейде сынаманы белгілеудің мысқалдық жүйе деп аталатын (96 мысқалдай тұратын орыс фунты негізінде) жүйесі болды. Мұнда сынама қорытпаның 96 бірлігіндегі асыл металдың салмақ өлшемімен белгіленетін.
ІҮ Пысықтау : Кітаппен  жұмыс, түсініп, дұрыс оқу. Суретке  зер салып, ондағы  әшекей сәнді бұйымдардың  қалай жасалғанын,  оның қайсысы ұнағанын айт, ойлан.
Ү Сарамандық жұмыс. Үлгі  бойынша сәнді бұйымдар құрастырып жасау. Оқушы еңбегі,  оған  көмек.
ҮІ Қорыту: 
Бүгінгі сабақтан  не білдік? Неге  үйрендік? Ол неге керек?
Сәндік  әшекей құрастыру.
ҮІІ Үйге  тапсырма  беру:  үйден аяқтау.
ҮІІІ Бағалау: жұмыстарындағы жетістіктер мен кемшіліктерді ажырату.