Ш?балша?ны? биогеоценозда?ы, таби?атта?ы ж?не жануарлар д?ниесіні? даму тарихында?ы орны мен ма?ызы


«Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі Пәні Күні Сынып Мұғалімі
Биология 16.11.15 7 Хасанова Анаргүл
Сабақтың тақырыбы: Шұбалшаңның биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік  Тәрбиелік Дамытушылық
Оқушыларды буылтық құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері, табиғаттағы, адам өміріндегі және жануарлар тіршілігіндегі маңызымен таныстыру. 
Оқушылардың танымдық қабілетін, сөйлеу, сыни ойлау қабілеттерін дамыту және пәнге деген қызығушылығын арттыру Оқушыларға санитарлық-гигиеналық, адамгершілік, экологиялық тәрбие бере отырып, достыққа , ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Топта жұмыс істей білуге дағдыландыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, дамыта отырып, байқампаздыққа, өздігінен қорытынды жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Ситуациялық сұрақтар1.Шұбалшаң неге жаңбырдан кейін топырақтың бетіне шығады?2. Егістіктегі жауынқұртты балалар өлтіріп жүрсе сен не істер едің?3. Шұбалшаң бөлініп жатқан болса сен не істер едің? 2.Биологиялық диктант1.Жауынқұрт .... құрттар класының өкілі.2.Жауынқұрттың аузы денесінің ... жағында орналасқан.3.Қанайналым жүйесі ....4.Жауынқұрт ..... қабілетті оқушылар жұптасып орындайды1.Жауынқұрт азқылтанды құрттар класының өкілі3.Сәйкестік тест (терминді сөздер)
1. Сірқабық а)Сиыр цепенінің асбұршақтай көпіршікті дернәсіл
2. Метаморфоз д) Мезодермадан түзілген мүшелерді қоршап жататын дәнекер ұлпасын
3. Эктопорозит 6)Бір ағзада аналықбез бен аталықбездің орналасуы
4. Гермофродит ә)Құрттың сыртын дене жабынының жасушаларынан бөлінетін тұтас қабықша
5. Паренхима в) Соңғы қуыс
6. Финка е)Тірі ағзаның сыртқы мүшелерінде паразиттік ететін жәндіктерді
7. Трохофора ж)Эвалюция нәтижесінде өзгеріске ұшырау
8. Циклоп з) Көпқылтанды буылтық құрттардың кірпікшелі дернәсілін
9. Параподия и)Паразитті құрттардың аралық иесі – ұсақ шаянтәріздестер
10 Целом г) Буылтық құрттарға тән ерекшеліктердің бірі – айрықша қозғалыс мүшесі
Жауабы:
1-ә 2-ж 3-е 4-б 5-д 6-а 7-з 8-и 9-г 10-в
4. Оқушылар үйден орындап келген тапсырмасында: шұбалшаңның биогеоценоздағы, табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы туралы мәнжазбаларын қорғайды
Нағыз топырақ қопсытқыш жәндіктер.
Сондай-ақ шұбалшаңдар - үй құстары мен балықтардың жемі.
Суда тіршілік ететін азқылтанақты буылтық құрттардың да пайдасы зор. Олар су түбіндегі тұнбаны ішегі арқылы өте көп мөлшерде өткізеді. Сөйтіп су-қойма түбіндегі топырақ қабатына ықпалын тигізеді.
Топырақта тіршілік ететін шұбалшаңдардың маңызы ерекше. Олар топырақтан терең ің қазып, топырақты ауамен, ылғалмен байытады.
Бұл әрекет топырақтағы микробтардың белсенділігін арттыруға көмектеседі.
Өсімдіктер тамырының топыраққа тереңірек бойлай, бекінуіне жәрдемін тигізеді.
Сонымен бірге азқылтанақты құрттар өсімдік шірінділерімен қоректенеді.
Демек олар суқоймаларын өсімдіктердің шірінді қалдықтарынан тазартуда да маңызды рөл атқарады.
III. Өзіндік жұмыс:
Сурет салу
Шұбалшаңның суретін салу
IV. Сабақты бекіту
- Буылтық құрттар қайда тіршілік етеді?
- Маңызы қандай?
- Шұбалшаңның құрылыс ерекшелігі?
V. Үйге тапсырма &44