Д?ниетану п?нінен ашы? саба?Су.Суды? к?йі. Суды? ?асиеті
Пән: дүниетану. Сынып: 2 «Ә».Мерзімі:18.11.16 ж.Мұғалім:Г.Т.Конурбаева
Сабақтың тақырыбы Су.Судың күйі.Судың қасиеті
Сілтеме Дүниетану оқулығы.Жалпы білім беретін мектептің
2- сыныбына арналған оқулық.
Алматыкітап баспасы 2016 жыл. 2-сыныпқа арналған дүниетану хрестоматиясы.Энциклопедия.Интернет мәліметтері.
Жалпы мақсаты Су туралы жалпы түсінік беру.
Міндеті 1. Судың маңыздылығын ұғынады.
2.Табиғаттағы судың үш күйімен танысады.
3.Табиғатты аялауға,жер байлығын үнемдеп пайдалануға үйренеді.
Оқу нәтижесі Жұптық, топтық,жеке жұмыстар арқылы тақырыпты түсінеді,ойланады,талқылайды.
Тапсырма-лар Сынып ережесін еске түсіру , Жуан , Жіңішке сұрақтар,оқулықпен жұмыс,шығармашылық жұмыстар, тәжирибе жасау, қорытынды шығару.
Құрал-жабдықтар Ассоциациялық карта, оқулық, дәптер, интерактивті тақта, постерлер, тәжірибе жасауға арналған құрал-жабдықтар(Су, тұз, қант, құм, саз, крахмал, ас содасы, бор, плакат, тірек сызбалар, суреттер, калий перманганаты).
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3 мин.
Ұйымдастыру бөлімі
а)Психологиялық дайындық
-Екі көзің не үшін керек?
-Екі құлағың не үшін керек?
-Екі қолың не үшін керек?
-Екі аяғың не үшін керек?
-Көңілдерің көтерілді ме балалар?
Енді осындай көңіл-күймен сабағымызды бастайық! Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Құрметпенен бас иіп,
Сәлем бердік біз!
-Жақсыларды көру үшін!
-Ақыл кеңес тыңдау үшін!
-Елге көмек беру үшін!
-Туған жерде жүру үшін!
Көңіл-күйлерін смайликпен көрсетеді.
1мин. Сынып ережесін еске түсіру.
Топқа бөлінеді(1-топ «Су»,2-топ «Мұз»;3-топ «Бу»;
4-топ «Бұршақ» Ортақ сынып ережесін шығарады.
1.Тыныштық сақтау.
2.Уақытты тиімді пайдалану. 3.Бірін-бірі сынамау. 4.Сыйластықта болу. 5.Белсенділік таныту. 6.Сыныптсыңның ойын бөлмей пікірін аяғына дейін тыңдау.
9 мин.
1.Алдыңғы білімді қорытындылау.
Слайд 1 (5мин)
«Дұрыс және қате жауаптар»
Дұрыс жауаптың жанына «+» таңбасын,қате жауаптың жанына «-»таңбасын қойыңыз.
1.Адам ауасыз 1 сағаттан артық өмір сүре алады. 2. Ауа түссіз 3. От жануы үшін ауа керек 4. Ауаның пішіні болады 5.Ауа мөлдір 6. Ауа иіссіз 7.Ауаның салмағы бар 8.Орманға қарағанда қаланың ауасы таза болады 9.Ауаның ластануы адам денсаулығына әсер етпейді 11.Завод,фабрикалардың мұржаларына ауаны ластамау үшін қондырғылар орнатады.
Өзіндік бағалау.
Жаңа сабақ
І.Қызығушылықты ояту.
Слайд 2 (3-4 мин) Мына дыбыстарды тыңдайық. Бұл ненің дыбысы? Су өзі туралы не айтады екен тыңдайық !
Мен бұлтпын, тұманмын,Көлмін,теңізбін ,мұхитпын. Мен жүгіремін,қалықтаймын, жауамын,ағамын!Қатты,бу,сұйық та бола аламын!
-Қалай ойлайсыңдар су неге өзі туралы бұлай айтады?
ІІ. Мағнаны тану.(Оқулықпен жұмыс)
ІІІ.Топтарға сұрақ
ІV .Тәжірибе арқылы судың қасиетін анықтау.
ІV. Бекіту.
1-топ.’’Су-тіршілік көзі’’тақырыбына эссе жазыңдар.
2-топ.Судың қасиеттері ассоцяциялық карта
3-топ.Суды қорғау туралы ереже ойлап шығарыңдар.
4-топ.’’Су’’туралы мақал-мәтел айту.
1.Су анасы бұлақ,
Сөз анасы құлақ.
2.Судың да сұрауы бар
3.Көлдің көркі құрақ
Таудың көркі бұлақ
4.Бұлақ көрсең көзін аш
5.Су ішкен құдығыңа түкірме
V.Бағалау
VІ.Рефлексия
Дұрыс жауаптың жанына «+» таңбасын,қате жауаптың жанына
«-»таңбасын қояды.
Жаңа сабақ. Оқушылар дыбыстарды тыңдай отырып, ненің дыбысы екенін ажыратады.(Судың,жаңбырдың,
Мұздың сынуы,будың, бұршақ-тың )
Мағнаны тану:Мәтінді бөліктерге бөліп оқиды.Әр топ оқыған бөліктер бойынша қорытынды ойларын жазып,сағаттың тілімен келесі топқа береді.
Су –көптеген өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ортасы.Жер бетіндегі жанды табиғаттың бәріне де су қажет.
Су-біздің ғаламшарымыздағы маңызы зор сұйық зат.Жер бетінің көп бөлігін су алып жатыр.Жер бетіндегі су құрлықтан 3 есе көп.
Сергіту сәті.
«Су – су емес»ойыны.
Ойынның шарты: мен кез келген сөзді айтамын,егер ол суды білдірсе шапалақтайсыңдар, су емес болса 2 қадам алдыға жасайсыңдар. Мұқият болыңдар.Сонымен:теңіз, жел, қар, жаңбыр ,құм, шық, тау ,бұршақ, бу, акула.
Жарайсыңдар! Орындарыңа отырыңдар!
ІІІ.Топтың жауаптары тыңдалады
ІV. Топтар тәжірибе жасап,ойларын түйіндейді.
1-топ.Судың пішіні,дәмі қандай?
2-топ.Судың түсі,иісі қандай?
3-топ.Судың мөлдірлігі қандай?
4-топ.Су заттарды еріте ала ма? Су сұйық күйде қандай қасиетке ие?
Тәжірибе жасап,қорытындысын дәптерге жазып отырады.
V.Бағалау
VІ.Рефлексия