Саба?ты? та?ырыбы: «Суды лас ?оспалардан тазарту»


Бекітемін________ оқу ісінің меңгерушісі.
Өтілетін күні_________ Сыныбы_____ Пәні__________
Практикалық жұмыс. № 3
Сабақтың тақырыбы: Суды лас қоспалардан тазартуСабақтың мақсаты: қоспа құрамындағы компоненттер тұз бен құмның физикалық қасиеттеріне сүйене отырып, оларды бөліп тазарту әдістерін ұсыну; оқушылардың өздері ұсынған экспериментальді ұсыныстарды тексеру; қорытынды жасау.
Сабақтың түрі: Зерттеу, практикалық
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, дәлелдеу, көрнекі көрсету.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Сақинасы бар лабораториялық штатив; Спиртшам; Сүзгі Шыны таяқша Химиялық стакан (2 дана) Заттық шыны Қысқыш Сүзгі қағаз
Заттар: ас тұзы; дистилденген су; ағаш үгіндісі, құм, тұз
Жұмыс барысы:
Төменде ұсынылған алгоритмге сүйене отырып, кестені толтыру:
2. Оқушыларға берілген заттар: су, ағаш үгіндісі, құм, тұз
2. Кесте:
№ Не жасадым? Не байқадым? қорытынды
1 2 3 АЛГОРИТМ (бағыттаушы сұрақтар түрінде):
I. Теориялық анализ:
1. Оқулықта берілген тақырып мәтінін және дәптерлеріңдегі жазбаны пайдаланаотырып, өздеріңе берілген қоспаның түрін анықтаңдар. Неліктен?
2. Қоспа құрамындағы компонентердің бір-бірінен қандай физикалық қасиеттері бойынша айырмашылығы бар?
3. Қоспадан ағаш ұнтақтарын қалай бөліп алуға болады?
4. Ерітіндіні неліктен буландырады?
5.Қоспалардың барлық уақытта агрегаттық күйі қандай болады?
II. Болжау:
1. Оқулықта берілген қоспаны тазарту әдістерін негізге ала отырып, өздеріңе ұсынылған
қоспаны тазарту әдісін кестеге логикалық реттілікпен жазыңдар.
III. Эксперимент:
1. Техника қауіпсіздігінің ережесін басшылыққа ала отырып тәжірибеге қажетті
құрылғы құрастырыңдар.
2. Оқулықты басшылыққа ала отырып, теориялық болжауды тексеру үшін эксперименттікжұмыстың жоспарын құрыңдар.
3. Жоспар бойынша қоспаны тазарту әдісіне қажетті тәжірибе жүргізіңдер.
IV. Қорытынды: Сабақ барысында не үйрендік? Рефлексия жазу.
Үйге: Қайталау