Химия п?ні Су. Суды? ??рамы, ?асиеттері ж?не ?олданылуы
Қызылжар негізгі жалпы білім беретін мектебі
Биология және химия пәні мұғалімі
Едресова Карылгаш Аймурзиевна
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы су. Судың құрамы, қасиеттері және қолданылуы
Мақсаты. Білімділік: Оқушыларға судың қолдану аясы мен маңызы және қазіргі кездегі жағдайы мен қасиеттері жайында түсінік беру.
Дамытушылық: Химиялық формулалар мен химиялық реакция теңдеулерін құрастыру, есептер шығару, біліктіліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін бағалап тексеруге баулу.
Тәрбиелік: Су – табиғат байлығы ретінде, онсыз тіршіліктің болмайтындығы жайында мағлұмат бере отырып, оны қорғауға тәрбиелеу. Сабаққа ізденімпаздықпен, жауапкершілікпен қарауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Су қасиеттері және қолдану аймағы:
Су қасиеттеріне тәжірибе жасау
Химиялық реакция теңдеулерін жазып, есептеулер жүргізу.
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, топпен жұмыс, семантикалық карта, «Дебат»
Сабақтың көрнекілігі: периодтық жүйе, дидактикалық тапсырмалар, тірек – сызба, тест, сынауықтар, реактивтер, индикатор қағазы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: «Алғыс айту» тренинг.
«Күнге» - нұрға бөлеенің үшін
«Гүлге» - әдемілік силағаның үшін
«Ауаға» - тыныс алдырғаның үшін
«Суға» - шөлімді қандырғаның үшін
«Кітап» - ілім-білім үйреткенің үшін
Ата- ана – өмірге келтіргенің үшін
Ұстаз – дәріс беріп, ізгілікке тәрбиелегенің үшін рахмет!
1. Тотығу – тотықсыздандыру реакциясы дегеніміз не? (валенттілік)
2. Тотығу дәрежесі дегеніміз не? (элемент атомынан басқа элемент атомына ығысқан электрон саны)
3. Сутегінің физикалық қасиеті
(түссіз, иіссіз газ, суда нашар ериді, ауадан жеңіл, жылу өткізгіштігі жоғары)
4. Сутегінің металдармен қосылысы қалай аталады? (гидрит)
5. Сутегінің алу әдістері (өнеркәсіпте суды айыру, металға су қосу арқылы, лабораторияда белсенді металл + қышқыл қосу арқылы)
6. Сутегін алғаш ашқан ғалым (1776 ж. Г. Кавендиш)
7. Сутегіне ат берген ғалым (А. Лавуазье)
8. Сутегінің қолданылуы (таза отын, металл пісіруге, кесуге, тұз қышқылын алуға, метан, аммиак алуға, сұйық майды қатты майға айналдырады)
9. Лабораторияда сутек алуға қолданылатын аппарат (Кипп)
10. Сутегі қосылыстарының ең көп тараған түрі (су)
III. «Миға шабуыл» берілген дидактикалық тапсырмадағы тотығу – тотықсыздану реакциясы мен тотығу дәрежесін тақтада табу.KMnO4 , BaSO4 , K2Cr2O7 , H3PO4
2Na + F2 = Na+1F-1
Li + S = Li+2 S-2
IV. Қызығушылықты ояту. Семантикалық карта. «Оттекпе, Сутекпе?»
Семантикалық карта
1. (Химиялық) С. а. м. 16, реттік номері 8
2. Ауа атмосферасының 2% құрайды
3. Жанартау атқылағанда, мұнай ұңғымаларын бұрғылағанда пайда болады.
4. Күн жүйесі ғаламшарының 92%-ын құрайды
5. Жануды қолдайды
6. Өнеркәсіпте ауадан алады
7. Зонд шарларын толтырады
8. Латынша «су тудырушы» деп аталады
9. «Фотосинтез» процесі кезінде бөлінеді
10. Пробирканың аузын төмен қаратып, жинап алады
Оқушының аты-жөні: ___________________________________
V. Топтастыру («Металдар мен бейметалдарды бөлу» химиялық элемент таңбаларына қарай екіге бөлінеді)
N, Mg, O, Ce, Fe, Ba, S, Cu, Br, Na
VI. Мағынаны тану.
Дәмі де жоқ, түсіде жоқ,
Пайдаланбас кісіде жоқ (су)
«Отқа жанбас, суға батпас» (мұз)
Жаңа тақырып: Табиғаттағы су, судың құрамы, қасиеттері, қолданылуы.
«Су асты патшалығына ойша саяхат. Оқушылар қолдарын тізесіне қойып, аяқтарын айқастырмай түзу, арқасын тік ұстап отырады, көздерін жұмады.» Жайлы музыка ойналады.
Мұғалім: Бірнеше рет терең тыныстаңыз, денеңізді босатыңыз.
Бірнеше секундтан соң, теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз . Толқынның жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяғыңызбен құмды сезініңіз, жайлап суға түсіңіз. Мынаны қара, сізді теңіз түбіне алып кету үшін дельфин келіп тұр. Арқасына жайланып отырып, жолға шығыңыз. Міне керемет, су астында жүзу қандай ғажап! Жан – жағыңызға қараңыз, әрлі-берлі жүзген балықтар қаншама! Тербелген балдырлар, орасан зор сегізаяқ – бәрі осында. Мұнда неткен тұңғиық, тыныштық! Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді, дельфин кері бұрылды, жағаға жақындадыңыз, арқасынан түсіңіз, оны сипап, осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылығыңызды білдіріңіз.
Көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. «Су» туралы бүгінгі дейін не білесіздер?
Жер ғаламшарының 70% H2O үш түрлі агрегат түрінде болады
Су
су
Сусыз тіршілік жоқ
Адам денесінің 65-70% су
Тұрмыста өте қажет Тәулігіне 2-3 л су қажет
Оқулықпен жұмыс. БҰҰ кестесі.
I топ. Постер қорғау «Судың таралуы, құрамы, қолданылуы»
Химиялық формуласы –
Салыстырмалы малекулалық массасы –
Оттектің массалық үлесі – 88,8%
Сутектің массалық үлесі – 11,2%
Сутек пен Оттек атомдарын әрекеттестіріп, су түзу үшін қолданатын құрылғы – эвдиометр
Жай заттардан күрделі заттарды алу – синтез
Заттың құрамын жай заттар арқылы табу әдісі – талдау (анализ)
Адам денесінің _____ су құрайды
Адам ағзасына тәулігіне – 2-3 л су керек
Жер бетіндегі су, жер қыртысының _____ алып жатыр
Суды ерімейтін қоспалардан _______, _______ арқылы тазалайды
Айдау арқылы алынған суды ___________________ су деп атайды
II топ. Постер қорғау. Судың қасиеттері
- түсі
- иісі
- дәмі
Физикалық қасиеті
- агрегаттық күйі
- қату t 0C
- қайнау t 0C
- жер шарының t0-н реттеп отырады
- электр тогын нашар өткізеді
Сутек газы
Сілті
Су
Белсенді металл
1. += +
Сутек
Металл оксиді
Су
Белсенділігі орташа металл
2. + = +
Химиялық қасиеті
Сутегі
Бейметалл оксиді
Су
Бейметалл
3. + = +
Негіз
Су
Негіздік оксид
4.+ =
Қышқыл
Су
Қышқылдық оксид
5. + =
«Су мен сулыерітінділердіқолдану»
ҚолданылуыМысалдар1. Адамдар, жануарлар, өсімдіктерөмірінде2. Энергетикада3. Өндірісте4. Құрылыста5. АуылшаруашылығындаДебат «Судыңпайдасы мен зияны»
Ғажайыпсөздердіпайдаланыңыз:
Кешіріңіз, рахмет!
Ғафуетіңіз!
Сіздіңайтқаныңыздұрыс, әйтседе..
Жақтаушы топ
1. Сусызтіршілікжоқ. Өсімдік, жануар, адамғаоттегіненкейін су өтеқажет. Тіптітіршіліктіңөзі суда пайдаболған. Барлықөсімдіктің 75-95%, жануарлардың 60-98% су құрайды.
Су өнеркәсіпте, үй тұрмысына қажет. (жуынамыз, ішеміз, тамақ пісіреміз, үй тазалаймыз)
Су – өмір. Рахмет!
2. Ғафу етіңіз! Адам өмірінде 65-75% су болуына адам аз ауырады, өйткені су температурасын реттеп отырады.
Ол белок, май, көмірсуды ыдыратады. Табиғатта су мұхит, теңіз, өзен, жер асты су, мұздықтар түрінде кездеседі. «Су – ырыстың көзі, еңбек – кірістің көзі» деген сөз тегін айтылмаған.
Даттаушы топ
1. Кешіріңіз! Сіздің айтқаныңыз дұрыс, әйтседе су толқынын қайда қоясыз. Оңтүстік Қазақстанның бірнеше елді-мекенін су басу қаупі бар екенін естен шығармаңыз. Егер сол жерлерді су шайса, адам, мал шығыны болмасына кім кепілдік береді?
Топырақтын құнарын алып кетеді. Қар көшкіні, кеше ғана 7 сарбаз сол қар көшкінінің кесірінен көз жұмды. Су – тілсіз жау.
2. Ғафу етіңіз, қазіргі кезде тұшы су қоры азайып отыр, көптеген сулар өз арналарынан кейін шегінуде, соның кесірінен ауаға тұз таралуда, топырақ сортаңданып, өсімдік атаулы түрін өзгертуде. Ал адам сол судың ащылығынан бүйрек, өт байлану, тіс ауруларына ұшырауда.
«Егер жерді әке десек, онда суды ана дейміз» деген аталы сөз бар. Сондықтан суды қорғау керек, және одан қорғану керек!
III. Ой толғаныс. Оқушылар оқулықтағы №6,7 жұмысты орындайды
1. Судың металдармен (натрий, алюминий, мыс) әрекеттесуі
2. Судың кальций және фосфор(V) оксидімен әрекеттесуі.
Екі топта лакмус пен фенолфталейн индикаторының көмегімен алынған ерітінділер түсінің өзгергенін бақылайды. Дәптерлеріне реакция теңдеуін жазады.
Жауаптары:
1топ. 2Na + H2O = 2NaOH + H2 2 топ. CaO + H2O = Ca(OH) Ф.
2Al + 3H2O = Al2O3 + 3H2 P2O5 + 3H2O = 2H3PO4Л.
Cu + H2O ≠Карточкадағы есеп. 1 топ. 8г мыс(II)оксидін алу үшін қанша грамм мыс реакцияға түседі?
X 8г
2Cu + O2 = 2CuOx-----------8 x=128∙8160=6,4г128 160 128---------160
2 топ. Массасы 6,5г мырыш оттекпен әрекеттессе, мырыш оксидінің қанша зат мөлшерін алуға болады?
Берілгені m(6,5)г ϑ = mM=6,565=0,1 моль№5. 72г суды айырғанда шығатын сутек пен оттектің массасын табыңдар
72 x 72 x
2H2O = 2H2 + O2 2H2O = 2H2 + O2
36 4 36 32
72----------x 72------------x
36----------4 36------------32
x=72∙436=8гx=72∙3236=64гБекіту сұрақтары:
1. Жер планетасының бетіндегі су жер қыртысының қанша % алады?
А) 70 Ә) 50 Б) 100 В) 30
2. Адам денесінің қанша % судан тұрады?
А) 80-90 Ә) 100 Б) 65-70 В) 45-50
3. Судын электр тогын өткізуі қандай?
А) жақсы Ә) нашар Б) өте жақсы В) өткізбейді
4. Судың с.м.м.
А) 20 Ә) 18 Б) 12 В)16
5. Судың химиялық формуласы:
А) H2S Ә) H2O2 Б) H2SO4 В) H2O
6. Жай заттан күрделі заттардың алынуы
А) анализ Ә) айырылу Б) синтез В) ыдырау
7. Жер үсті, жер асты сулары қандай агрегаттық күйде болады?
А) сұйық Ә) қатты Б) Бу В) газ
8. Теңіз суын тұщыландыратын қондырғы Қазақстанның қай қаласында орналасқан?
А) Ақтөбе Ә) Ақтау Б) Атырау В) Орал
9. «Бағдаршам» арқылы оқушының аты-жөні:
Қарсылас топты бағалау.
Жасыл – өте жақсы
Сары – жақсы
Қызыл – орташа
Үйге п/ф 40,41 жаттығу №3