Word. Этносаралы? т?зімділік пен ?о?амды? келісімні? ?аза?станды? ?лгісі. ?аза?стан хал?ы бірлігіні? тарихи тамыры. ?ылыми жоба 22 бет


МАЗМҰНЫ
І КІРІСПЕ ......................................................................................................3
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ......5
2. 2 Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы –
объективті қажеттілік..................................................................................7
2. 3 Ел бірлігі – барша табыстарымыздың кілті ...................................12
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені ..........................................19
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ....................................................20

Аңдатпа
«№49 орта мектебінің 8-сынып оқушысы ррррррның «Қазақстан халқы бірлігінің тарихи тамыры» атты ғылыми жобасы Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығын паш ететін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, оның ел бірлігін нығайтудағы орнын айқындап көрсетуге арналған.
Жұмыстың мақсаты: Қоғамдық институт көпұлтты елiмiздегi халықтар арасындағы достықтың нығаюына зор үлесін қосып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін паш ете отырып, оның ел бірлігін сақтаудағы орнын көрсету.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін сақтау және нығайтудағы өзіндік орны кеңінен талданып, өз дәрежесінде танытыла білсе, онда жас ұрпақтың бойында ата-бабаларымыздың атқарған істеріне деген құрметтері артып, ұлттық сана-сезімдері жоғарылап, патриоттық рухтары көтеріліп, таным қабілеттері арта түсер еді.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Бабалар ісін ардақтау, құрметтеу, оларды үнемі есте сақтау қажеттілігінің нәтижелілігі айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Ассаблея қызметін әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге көмекші құрал, сондай-ақ мектептің оқу әдістемелік жұмыстарына енгізуге болады.
Зерттеудің дербестік нәтижесі:
Қазақстанның біртұтас елді, халықты берік ұстап отырған ел ретінде өзіндік құндылықтарынасипаттама берілді;
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы мен 20 жыл ішінде өркендеп өскен бүгінгі жағдайына терең зерттеу жасалынды;
Халқымыздың бар тынышытығы – ел бірлігінде екендігі дәлелденді.
Жұмыстың орындалу әдістері. Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихымен терең танысу, естеліктер жинау, ғылыми ізденіс, зерттеу, әдеби талдау, салыстыру әдістері қолданылған.
Кіріспе
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік этолон ретінде танылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болды. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналды.
Н.Ә.Назарбаев
Бейбіт сүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандар мен билері, батырлары елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім. Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді. Осы аяулы арман, асыл мұраттың аясында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарапынан ауқымды саяси қадамдар жасалып, бейбітшілік пен достықты нығайтудың жарасымды үлгісі қаланып жатыр.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев биылғы жылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Толысқандықтың жаһандық сынынан өту үшін біздің топтаса білуіміз қажет. Біз барлық қазақстандықтар арасындағы сенімді нығайтуға тиіспіз! Бір-бірімізге тағатты болуымыз керек! Бұлар – Қазақстанның болашағына кілттер. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегі. Біз дем алған кезде оны байқамаймыз, ол өздігінен болады – біз тек өмір сүреміз. Бірлігіміз бен этносаралық келісімді біздің өзіміз сақтауға тиіспіз. Оны біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайды», – деді.
Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Оны әлемнің әр тарапынан ақпарат жеткізіп отырған көк сандықтан көріп отырмыз. Қазақ елі осындай игіліктерге толы жұрт. Кей кездері бір әулеттің балалары сөзге келіп, біріне-бірі өкпе артып жатады. Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, достықты сақтап қалу үшін қазақ билігі талай ауқымды шараларды, беделді бастамаларды қолға алды. Осынау көп ұлтты тұрғындардың «Қазақстан» атты бір шаңырақ астына топтасуы ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұңғыла саясаткерлігі һәм тәуелсіз елімізді әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосу жолындағы сындарлы қадамдары жағдайында мүмкін болып отыр.«Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – ол әке мен ана қуанышы, ата-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік – ол тұрақты жұмыс, жалақы және ертеңгі күнге деген сенім. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен «Жастар – біздің болашағымыздың тірегі» дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!», – деді Елбасы Жолдауында. Шындығында, бүгінгі күні көпұлтты тәуелсіз Қазақ еліне дүниежүзіндегі көптеген елдер қызыға да қызғана қарауда. Себебі жүзден астам ұлт пен ұлыстардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастыра білген ел әлемде кемде-кем. Өзара ынтымақ пен татулыққа, сүйіспеншілік пен қолғабыс көрсетуге шақырып, бөлінушілік пен дұшпандықтан сақтандыратын Ислам сияқты дін жоқ. Құран мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері мұның айқын дәлелі. Мәселен, Ұлы Алла Құран Кәрімде бізді бірлік пен ынтымаққа шақыра отырып, былай дейді: «Барлықтарың Алланың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» («Әли Ғимран» сүресі, 103-аят). Ал сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Мүміндер кірпіштерден қаланған бір ғимарат іспеттес», – дей отырып біздер үшін бірлік пен ынтымақтың қаншалықты маңызды екендігін білдірген.«Өткен жылы біз Конституцияны қабылдаудың және Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылуының 20 жылдығын салтанатты түрде атап өттік. Осы даталарды атап өте отырып, бізге қазақстандықтарды рухани тұрғыда бұрынғыдан да гөрі күштірек, топтасқан және бұрынғыдан да бетер тағатты ету маңызды. «Қазақстан, тек алға!» атты біздің басты қағидатымыз тарихтың жаңа жауапкершілікті орамында жаңаша үн мен неғұрлым терең мағынаға ие болатынына менің сенімім мол. Баршаларыңызға біздің Отанымызды бұрынғыдан да зор биікке көтеретін жаңа шыңдарға қол жеткізуде табыстар тілеймін!», – деді Елбасы. Біз мұны терең ұғынып, әрбіріміз өзімізге жүктелген міндетті адал атқарып, Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік Ел» идеясына бірігуіміз қажет. Қазіргі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы 470 ұлттық-мәдени орталықты біріктіріп отыр. Бұл – елімізде жүргізіліп отырған сындарлы саясаттың нақты нәтижесі.
Жұмыстың мақсаты: Қоғамдық институт көпұлтты елiмiздегi халықтар арасындағы достықтың нығаюына зор үлесін қосып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін паш ете отырып, оның ел бірлігін сақтаудағы орнын көрсету.
Міндеттері:
Қазақстанның біртұтас елді, халықты берік ұстап отырған ел ретінде өзіндік құндылықтарына сипаттама беру;
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы мен 20 жыл ішінде өркендеп өскен бүгінгі жағдайына терең зерттеу жасау;
Халқымыздың бар тынышытығы – ел бірлігінде екендігі дәлелдеу.
Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстан – біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ
Өйткені олар бірлігі бекем елдің болашағы да зор екенін біледі.Әлемдегі мемлекеттердің қай-қайсысын алып қарасаңыз да ол өз болашағының жарқын болғанын және озық елдер арасында жүргенді тілейді.   Бірақ кез-келген мемлекеттің бұл мақсатқа қол жеткізуге дәрмені жете бермейді. Оның себептері әр алуан. Адамзат дамуының өткеніне зер салып қарасақ, мемлекеттің ілгері дамуы мен өркендеуіне бөгет болатын негізгі кедергілердің бірі ол – ел ішіндегі алауыздық пен берекесіздік екенін тарих көрсетті. Мәселен, қазақ қазақ болғалы талай заманды өткерді, талай зобалаңды бастан кешті. Жаугершілікті де, аштықты да, бодандықты да, қуғын-сүргінді де көрдік. Қайсар қазақ халқының өткерген қиындықтарын, кешкен азаптарын айтып бітудің өзі мүмкін емес шығар. Еуразия құрлығының апайтөс даласы небір ұлы шайқастар мен ұлы жеңістердің де куәсі болды. Байтақ жеріміздің қойнауы сол қиын қыстау кезеңдер мен мерейіміз үстем болған замандардан сыр шертетін шежіреге тұнып тұр. Заманында жарты әлемді бағындырған Ғұндардың, Түркілердің, Моңғолдардың алып империяларының орталық ордасы да осы киелі далада орын тепкені баршаға аян. Ал ХV ғасырдың ортасында «Ұранымыз алаш, керегеміз ағаш» деп, киіз туырлықты көшпенділер құрған Қазақ хандығы бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттігі тарихының бастауы болғандығын зор мақтанышпен айтамыз. Ол заңды да. Себебі біздің тарихымыз ұлы тарих. Сондықтан оның насихатталуы да өзінің ұлылығына сайма-сай болғаны ләзім.   Ол тарихты ешкім аттап өте алмайды. Алайда Ұлы дала тарихы өкінішке қарай, толық қанды қамтылды деу қиын. Әсіресе, мынау соңғы екі жүз елу жылға созылған бодандық тұсында, қазақ өз тарихын өзі жаза алмады. Кезінде үлкендердің «Қасқыр күшігінің тірсегін кессе, қасқыр болмай қалады» деген сөзін естуші едік. Қызыл империя сөйтті, тірсектен кесті. Ұлы Дала рухын сындыру үшін оның тарихын тартып алды. Шовинистік идеология тарихымызды насихаттамақ түгіл зерттеуге тиым салды. Содан кейін біздің діни болмысымызды бұзды. Мәңгүрттеді. Дінін тартып алды. Тіліне де қиянат жасады. Ал тарихсыз, тілсіз, дінсіз халық та сол. Ұлт болып ұйыспайды. Ұлт ретіндегі табиғи болмысынан ажырайды. Кеңестік идеология ол мақсатына белгілі бір дәрежеде жетті де. Сол тоталитарлық диктатура заманының сарқыншақ көріністері күні бүгінге дейін сақталып келеді. Қысқаша айтқанда қазақ даласына отарлық идеологияның кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ. Ендеше, ел боламыз десек, ұлттық рухты оятамыз десек ең алдымен елдің тарихи санасын оятуға ден қою керек. Сондықтан да халықтың тарихи санасын қалыптастыру жолында алдымызда таудай жұмыстар күтіп тұр.   Қазақта «Елу жылда ел жаңа» деген сөз бар.  Тұтас бір ұлттың санасын өзгерту оңай шаруа емес. Оған уақыт керек. Қажырлы еңбек керек.  Тарихымызға қатысты екі-үш кино түсірумен, газет-журналдарға мақала жариялаумен ұлттың тарихи санасын қалыптастыра алмаймыз. Ол жүйелі һәм кешенді мемлекеттік саясатты қажетсінетін дүние. Оны қозғасаң ар жағынан ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен мәселенің төбесі көрінеді. Ол отбасындағы, балабақшадағы, орта мектептегі, жоғарғы оқу орнындағы тәрбие мәселелері. Ұлт санасын қалыптастыруда білім беру саласының маңызын Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев та үнемі айтып келеді. Мәселен, Елбасының Қазақстан жастары мен болашақ көшбасшыларына арналған үндеуі түрінде ойластырылған «Қазақстан жолы» деген еңбегінде былай дейді: «Бәсекеге қабілетті ұлт туралы айтқанда ұмытылмайтын бір нәрсе – бәсекеге қабілеттілік; Бұл – ең алдымен өзіңнің барлық артықшылықтарыңды пайдалана білу деген сөз, бірақ оларды өзіміздің кім екендігімізді ұғынғаннан кейін барып қана анықтауға болады.  
Біз – ғасырлар бойы әлемдік өркениеттердің тоғысқан жерінде өмір сүрген әулеттердің ұрпақтарымыз. Ұлы Дала қашан да әр түрлі мәдениеттер, тілдер, әскерлер, діндер, тауарлар және идеялар тоғысқан қиылыста тұрды. Мыңдаған жылдар бойы Дала халықтардың генераторы болды. Ал XXI ғасырда ол ерекше сападағы адамның генераторына, жаңа идеялардың генераторына айналуы тиіс. Біздің табиғатымызға біткен далалық ойлау машықтары, ғаламдық трендттер – икемділік пен жүйелілікті барынша толық бейнелеп көрсетеді. Көшпелілер қашанда икемделгіш болған және бір қарағанда, ешбір ақылға сыймайтын бір қасиеттері, олардың барлық іс-әрекеттері қашанда табиғаттың белгілі бір қайталанбалы кезеңіне және қоғамдық өзара қатынастардың принциптеріне сәйкес келетін. Сонымен бірге, «ұлттық багаж» жас қазақстандықтардың дүниежүзілік жалпы білім беру кеңістігіне қосылуына кедергі болмауы және олардың бәсекеге қабілеттіліктерін төмендетпеуге тиіс. Бұл қасиеттер әрбір адамның бойына жанұя, мектеп, университет сияқты әлеуметтік институттарда сіңірілуі тиіс». Президенттің бұл ойынан ұғатынымыз ұлт санасын қалыптастыруда мемлекет негізгі күш болуы керек және Қазақстандық идеологиялық саясат ең заманауи үлгіде болуы тиіс. Күні кешегі Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында: «Нағыз ұлттық қадір-қасиет нағыз ұлттық тарихтан басталады» - деген сөзі де тарих сүйер қауымның құлағында. Демек, жастардың «тарихи санасы» қалыптаспайынша Қазақстанның жаңаша ойлайтын буыны қалыптасуы мүмкін емес.
2. 2 Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – объективті қажеттілік
 Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.
Асамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды.
Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.
1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.
Сонда, Елбасы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.
Асамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдары белгіленді.
Ассамблея құру идеясы қоғамды топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атсалысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. Ассамблея құрылған кезден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысып келеді.
Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.
Ассамблея мен этномәдени орталықтар тарапынан көтерілетін бастамалар мемлекеттік деңгейдегі қолдауға ие болады. 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы республика тарихында алғаш рет Қазақстан республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Мұндай маңызды қоғамдық бастамадан кейін іс жүзінде Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына да үлкен қолдау білдірді. Бұл тарихи оқиғалар еліміздегі қоғамдық саяси және құқықтық ахуалға оң өзгерістер әкелгені баршамызға аян.
Қазақстан халқы Асамблеясы сан алуан этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Жалпы алғанда, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі ұлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс мәдениетінің фестивальдері, татарлар мен башқұрттардың сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, курдтар сияқты, т.б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.
Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Ақиқат» және «Мысль» журналдарының құрылтайшысы және де ассамблея жанынан шығатын «Достық - Дружба» журналы бүкіл елімізге таралады. Ассамблея ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.
Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.
Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055)
Каспий банк депозитіне ЖСН 750115401055 номеріне ақша аударып,
немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!
САЙТТАН АЛА АЛАСЫЗДАР!!!
ОҚУШЫ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ
2500 ТЕҢГЕДЕН
Бастауыш сыныпқа арналған ғылыми жобалар:
Қарбыздың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 29 бетҚауынның адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 27 бетДәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері ғылыми жоба 44 бетЖолжелкеннің емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бетЛимон жемісінің таңғажайып әлемі ғылыми жоба 22 бетТүймедақтың емдік қасиеттері ғылыми жоба 24 бетБақбақтың емдік қасиеттері ғылыми жоба 22 бетҚұрма - құнардың қайнар көзі ғылыми жоба 37 бетҮкі - киелі құс ғылыми жоба 13 бетШайдың құпия сыры ғылыми жоба 23 бетТотының тоқсан тарауы ғылыми жоба 26 бетӘсемдік пен әдеміліктің символы - тауыс құсы ғылыми жоба 18 бетТасбақа - төзімді жануар ғылыми жоба 16 бетСудың құпия сырлары ғылыми жоба 27 бетЗәйтүн жемісі мен майының адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бет Төрт түліктің бірі - сиыр ғылыми жоба 22 бетСахар сабынығылымижоба 23 бетФелинотерапия және мысықтар әлемі ғылыми жоба 26 бетҚырғауыл - сезімтал құс ғылыми жоба 18 бет HYPERLINK "https://infourok.ru/ord-kirpi-meni-tikenekti-dosim-ilimi-zhoba-bet-1143856.html" \o "Word. Кірпі, менің тікенекті досым ғылыми жоба 14 бет" \t "_blank"
Кірпі, менің тікенекті досым ғылыми жоба 14 бет
Қызылша және оның пайдасы ғылыми жоба 25 бетИтмұрынның емдік қасиеттері ғылыми жоба 21 бетАлма жемісінің пайдасы ғылыми жоба 30 бетҚамыстың тұрмыста және шаруашылықта қолданылуы ғылыми жоба 22 бетІшекқұрттар, олардың адам ағзасына әсері ғылыми жоба 27 бетЖелден жүйрік жануар ғылыми жоба 20 бетЖыл иесі - жылан ғылыми жоба 20 бетЖұмбақтар сыры ғылымижоба 18 бетЖаңғақ жемісінің қасиеттері ғылыми жоба 22 бетЖергілікті жердегі жануарлар мен жәндіктерді емдік мақсатта қолдану ғылыми жоба 27 бетАқсуым - арымдай, Жабағылым - жанымдай ғылыми жоба 26 бетАдыраспан - киелі көп ғылыми жоба 16 бетКереметі көп киелі ағаш ғылыми жоба 24 бетҚұлпынайдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 32 бетОшағанның емдік қасиеттері ғылыми жоба 20 бетТаңқурайдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 20 бетҚарақаттың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бетМақсырдың пайдасы ғылыми жоба 25 бетКүнбағыстың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бетҚиярдың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 24 бетҚырыққабаттың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 30 бетСарымсақ - сансыз ауруға ем ғылыми жоба 25 бетПияздың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетШырғанақ (облепиха) жидегінің емдік қасиеттері ғылыми жоба 27 бетҚызанақтың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетАнар - жеміс-жидектердің патшасы ғылыми жоба 25 бетЖүзім - дертке шипа болатын жеміс ғылыми жоба 23 бетШие жемісінің адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетСәбіз және оның адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба 25 бетСан қырлы сырдың иесі, сүлікте емнің киесі ғылыми жоба 16 бетДәруменге бай - асқабақ ғылыми жобаКиелі сандар сыры ғылыми жоба7 санының қасиеті ғылыми жобаМақал-мәтелдердегі киелі сандардың мәнін ашу ғылыми жобаҚазақтың байырғы өлшемдері ғылыми жобаЧисла в пословицах и поговорках
Этнопедагогика (бастауыш)
Қазақтың ұлттық ағаш ою-өрнегінің этномәдени қызметі ғылыми жоба 28 бетҚазақтың ұлттық киім үлгілері ғылыми жоба 25 бетЗергерлік әшекей бұйымдар жиынтығы ғылыми жоба 20 бетАта салтым - асыл қазынам (ерулік туралы) ғылыми жоба 17 бетАқ тілеудің белгісі - бата ғылыми жоба 16 бетСабақ жоспарлары
Көркем жазу сабақ жоспарлары 34 сағат 1-4 сыныптар 2500
Бейнелеу өнері 1, 5, 6 сыныптар толық сабақ жоспарлары500
Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша ғылыми жобалар тізімі
Ә.ҚОҢЫРАТБАЕВТЫҢ ТОТЫНАМА ЕРТЕГІЛЕРІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫОРАЗБЕК СӘРСЕНБАЙ КӨРКЕМСӨЗ ШЕБЕРІҚ.ӘБДІҚАДЫРОВТЫҢ МЫҢ БІР ТҮН ЕРТЕГІСІМАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДЕГІ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ МӘНІН АШУМ.МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ РУХҚ ӘБДІҚАДЫРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІҒАНИТӘРБИЕСІНДЕӨСКЕНҒҰЛАМААЛАШТЫҢАРЫСЫ, ЖАСТАРДЫҢКӨСЕМІЖАЛЫНДАПӨТКЕНЖАСҒҰМЫР (ҒАНИМҰРАТБАЕВТУРАЛЫ)СЫР СҮЛЕЙІ - БҰДАБАЙАЛМА ҚЫРАУБАЕВА - ӘДЕБИЕТТАНУШЫ ҒАЛЫМ, КЕМЕҢГЕР ҰСТАЗӨшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі(Нартай Бекежанов туралы)
О.Сәрсенбайдың «Бақыт құсы» повесіндегі диалект сөздер
Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Қазақ сатирасының бала тәрбиесіне әсері (О.Әубәкіровтың сықақ өлеңдері бойынша)
Халқына пана болған – Бала би
18 Ұлытаудың ұланы – Жүрсін Ерман
19 Халық даналығына баулудағы мақал – мәтелдердің тәрбиелік мәні
20. Дала академигі Ы.Жақаевтың көркем әдебиеттегі бейнесі
Қазақстан тарихы бойынша
Өзгент қаласы және оның Сыр өңірі тарихындағы маңызы ҒЫЛЫМИ ЖОБАҚазақ хандығының құрылуы және нығаюы ҒЫЛЫМИ ЖОБАТүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел
Ұлы Жібек жолының Сыр бойындағы тармақтары
Шиелі халқының тарихы және әлеуметік жағдайлары
Ыбырай Жақаевтың ерен еңбек жеңістері – патриотизм үлгісі
Еңбегімен ел таныған тау тұлға (Ы.Жақаев туралы)
Ақ күріштің атасы – Ыбырай Жақаев
Физика бойынша
Уран өндірісінің жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайына ықпалы! ҒЫЛЫМИ ЖОБААтом өнеркәсібінің элитасы ҒЫЛЫМИ ЖОБАИнформатика бойынша
ХХІ ғасыр ғылыми техникасы - ұялы телефон. ҒЫЛЫМИ ЖОБАWi-Fi-дың пайдасы мен зияны ғылыми жоба 24 бетХимия бойынша
Жасыл өндіріске – жасыл химия арқылы ҒЫЛЫМИ ЖОБАБиология бойынша
Спирттің бидай өсімдігіне мутагендік әсері ҒЫЛЫМИ ЖОБААғылшын тілі бойынша
Ағылшын және қазақ мақал-мәтелдерінің ұқсастықтары мен ерекшеліктері ғылыми жобаМатематика бойынша
Қазақтың байырғы өлшемдері ғылыми жобаСимметрия – ғажайып әлем
Математика және табиғат
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.
Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасымен.
Ғылыми жобаның толық нұсқасын Алтынбекова Сауле Алтынбекқызы сайты
арқылы ала аласыз!
Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды, диплом жұмыстары мен сабақ жоспарларын кезіктіреcіз!
Байланыс телефоны (ватсап) : 8-701-859-48-75 Сауле