Статья Ба?дарламаны? 7 модулінен туындайтын идеялар?а ?атысты диалогты? о?ыту туралы баяндама


Бағдарламаның 7 модулінен туындайтын идеяларға қатысты диалогтық оқыту туралы баяндама
Бейнелеу өнері пәнінде мұғалім мен оқушы арасындағы, оқушы мен оқушы арасындағы диалогтар бірдей өтеді. Қазіргі жаңа әдіс тәсілдердің диалогқа бөлген орынның маңызы зор. Дәстүрлі сабақ үстінде әңгімелесуге болмайды деген түсінік қалыптасқан, бірақ балалар сабақ үстінде тақырыпқа қатысты диалогтарды ғана құрады, әңгімелеседі. Жаңа әдіс-тәсілдердің бір модулінде біз «Диалог негізінде оқыту», «Қалай оқу керектігін үйретуді» қарастырамыз, себебі олар *әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог арқылы оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім сұхбаттасып, пікір алмаса алады. «Қалай оқу керектігін үйрету» оқушыларға өз бетінше жалғастыра алатын білім жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді. 1Нил Мерсер айтқандай «әңгімелесу адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде жүреді». Әңгіме, әдетте, барынша біркелкі және коммуникативті болады, балалар сабақ бойы қызу әңгіме үстінде болады. 2Нұсқаулықта берілгендей:
Диалогтық оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды),
Өзара білім алмасуға жағдай туғызады (мұғалімдер мен балалар бір бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады)
Қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі).
Сабақтарда мен көбінесе диалогтың аталған түрлерін қолданамын. Ой тастауға көрнекілік көрсеткеннен кейін бірқатар сұрақтар қоямын. Оқушылар көргеннен алған әсерлерін айтып отырады. Өз ойларын білдіреді, пікірлерін, ойларына келген нәрселерді айтады, өте қызықты ойлар айтады, үнемі бір бірімен пікіралмасып отырады. Бұл, егер сұрақтар сабақ үстінде дұрыс қойылатын болса. Өз практикамда екінші сабақта сұрақтарды дұрыс қоя алмадым сондықтан балалардан алған жауаптар да дұрыс болмады. Сәулет өнерінің стильдеріне байланысты слайдтар көріп шықты. Оқушыларға жазулардың өзгеруі мен ғимараттардың өзгерулерін байқап отыруға тапсырма берілді, балалар қызығушылықпен қарап отырды. Сұрақ қойдым «Қалай ойлайсыңдар бұл суреттерді не үшін көрдік?» оқушылар «Сурет салу үшін», «сәулет өнерінің қалай дамығанын көрсетіп тұр», «жазулары мен ғимараттардың айырмашылықтары болды» деді. Қойылған сұрақ балалардың ынтасын көтермегендіктен. 3«Интерактивті оқытудың тиімділігі мұғалімнің оқушылармен қаншалықты қарым-қатынас жасауына байланысты, ол өздігінен тиімді оқудың шешуші факторы болып табылады. Барлық сыныпта интерактивті сабақ беру артықшылықтары тапсырманы орындауға теріс әсер ететін тәртіпті, түсіну кемшілігін және концентрацияны мұқият және дереу анықтауына қатысты және осылайша тікелей араласу мүмкіндігі болады» деп Александердің жазғанындай, кейін сұрақты шамалы өзгерткенде, яғни балалардың дұрыс ойлауларына бағытталған сұрақ қою керек болды, балалар сәл қызығып дұрыс жауап бере бастады «стильдері әр түрлі», «формалары әр түрлі» деп жауап берді. Мысал келтірді: «Ренессанста көп аркалар бар» - деп Әнел айтты, Аида: «Готикада ғимараттар ұзын, биік, төбелері үшкір болып келеді» деді. Кенжебек: «Рококода үйлер ашық, кең болып көрінеді» деді, қасында отырған балалар «онда түс пайда бола бастайды» және «жеңіл қабылданады» деп қосты. Айдана: «түстері өзгерді» деп айтты, балалар бұл жерде олардан нақты нені талап етіп отырғанымды түсінді. «Ғимараттардың айырмашылықтары салынған жылдарына байланысты, мүмкін олардың түрлерін немесе стильдерін көрсетіп отырған шығар» деген пікір білдірді. Кейін балалар эскиз жасауға кірісті, өзара ақылдасып, ортақ пікірге келді.
Менің ойымша қойылған нақты сұрақтар баланы жұмыс істеуге ынталандырды деп ойлаймын. Ал сабақ барысында оқушылар өзара үнемі диалог құрып отырады:
мәтінді талдаған кезде,
сурет салу туралы ақылдасқан кезде,
түстерді таңдау кезінде, жұмыс жасайтын техниканы таңдаған кезде,
матетиралдарды таңдаған кезде т. б.
7810588455500-2076456307455003949065432054000Сабақ үстінде жасалған әрекеттерді топтарда диалог арқылы жасайды. Үшінші сабақта ЖИГСО-1 әдісі бойынша балаларды төрт топқа бөлдім. Бұл әдіс оқушыларға бұл өте ұнады, көздерінде қызығушылықтары көрінді, сабаққа жақсы көңіл күйлерімен кірісе бастады. Таратылған мәтінді жақсылап оқып алып, жұмыс топтарына барып білгендерін бір біріне айтып толықтырып алды. Оларға №1 Домалақ ана кесенесі. №2 Айша бибі кесенесі туралы, №3 Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, №4 Қозы Көрпеш-Баян Сұлу мазары берілді. Оқушылар жұмыс тобында жақсылап тұрып пікір алмасып алды. Содан кейін жанұяға оралып білгендерімен бөліседі. Балалар талдауға белсенді қатысты. Әсіресе Кенжебек жақсы түсіндіре алды. Сабақтарда сөйлей қоймайтын Мұратбек, Шахназар, Әлішер мәтіндерін оқып, түсінгендерін айтып пікірталасқа қатысты. Балалардың бұл жетістіктері мені қатты қуантты. Өйткені, жаңа әдіс-тәсілдермен сабақ өткізердің алдында аралық сабақ өткізіп көргенмін. Сол сабақтан кейінгі балалардың пікірлерін тындадым, сабақтың қандай сәттері ұнады және қандай сәттері ұнаған жоқ деген сұрақтар қойдым. Сонымен қатар сабақ барысында балалардың белсенділігін, қызығушылықтарын бақылап отырдым. Балалардың жауаптарынан, өзімнің бақылауымнан алған қорытынды бойынша зерттеуге үш бала таңдап алдым. Олар Сулейменов Мұратбек, Құдайбергенов Еламан және Қаматаев Шахназар болды. Бұл балалар топта дұрыс жұмыс жасай алмады. Мұратбек сабақ бойы сөйлеген жоқ, топтастарымен жұмыс жасаған жоқ. Еламанды да сабақ қызықтырмады, сабақ бойы есінеп отырды, сабаққа қатысқысы келмей отырды. Шахназар сабаққа қатысып отырды бірақ топпен жұмыс жасаған ұнамайды деген пікір айтты. Дәстүрлі сабақтарда бұл балалар сойлемей, ештеңе айтпай суреттерін салып тапсыратын. Ойланғысы келмейтін, сабаққа қызығушылық танытпайтын. Келесі сабақтарда мен осы балаларды сабаққа қызықтыруым керек, байқалған кедергілерді жоятын әрекеттерді жасауым қажет болды сондықтан мен осы үш баланы жеке бақылауға алдым, сабаққа тарту, қатыстыру шараларын қарастырдым. Сондықтан да бұл балалардың аз да болсын жетістіктері мен үшін қуанышты жағдай. «Нұсқаулықта» берілген ЖАДА, Выготскийдің айтуы бойынша «Оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Оқушының аса епті және хабары мол адаммен интерактивті вербалды алмасу нәтижесінде біртіндеп сыртқы, әлеуметтік жанама диалог орнатуы, күнделікті міндеттерді шешуге қатысуы әлеуметтік тәжірибе ретінде бала бойына сіңіп, оның өз бетімен ойлануына қатысты ішкі жеке қоры ретінде қалыптасады» маған сабақтарымда осы балаларды жақсы оқитын дарынды және талантты балалармен отырғызу арқылы оларды сабақтағы жұмыс процессіне қосуым керек болды. Сабақтарда мен оларды жақсы жұмыс істейтін топтарға отырғыздым. Шағын топтардағы жақсы оқитын балалар оларды, қарым-қатынас арқылы жұмысқа тарта білді, мәтінді талдауға қатыстырды, осы балалардың айтқандарын да тындай білді, олардың ойлануына, ойының дұрыс екендігіне сенімділік білдірту арқылы сөйлемейтін балаларды жұмыс процессіне қоса білді. Мысылы: Еламанды Аидамен Кенжебек жұмыс барысына тартып отырды. Мысыр пирамидаларының суретін бейнелегенде Еламан қызықты ұсыныстар айтты. Сурет салуда шағын топтағы барлық балалардың пікірлері тындалды және сурет салуға барлық балалар үлестерін қосты. Ол шағын топтардағы дұрыс құрылған қарым-қатынастар арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылықтары пайда болды деп айтуға болады. Еламан сабқтарда пікірлерін айтты, логткалық ойлануы да дұрыс екендігін байқадым, сабақтың аяғында жұмыс қорғауға шыққанда Мысыр пирамидалары туралы нақты дәлелдер айтты. Өзінің ойлағанын тындаушыларға жеткізе алды. Сол сияқты -2540093472000сыныптағы басқа да сөйлемейтін балалар ашылып, сабақта пікірталасқа -25400286829500қатысып, ойларын айта бастады. Пікірлерін айтуға қысылатын, дұрыс айтпасам сыныптастарым күледі деп ойлайтын балалар пікірлерін айтты. Мысалы бір сабақта өткен тақырыпты еске түсіруде алдарында жатқан қағазға кластер құрастырды, кластерге балалар қызығушылықпен кірісті, өзара ақылдасып, пікір алмасып ортақ бір түйінге келді. Бұл жерде сабақта жүрген диалог байқалады. Шағын топтарда жеке ойлау процессі де жақсы жүрілгенін байқадым, балалардың жұмыс үстіндегі қарым-қатынастарынан, олардың ынтымақтастықтарын байқауға болады. Балалар сурет, салып 4201160281178000отырғанда салынып жатқан суреттеріне анализ жасай отырып, топтағы бір бала шағын әңгіме құрастырады, бұл жерде дарынды балалармен жұмыс кіріктіріледі. Істеген жұмыстарын өзара ақылдасып алып бір бала шығып қорғайды, қорғағанда шағын топтың ойларын тұжырымдайды. Кейінгі сабақтарда балалардың топпен шығып қорғауын ұйымдастырдым. Топпен шығып қорғағанда балалардың әрқайсыысына өзінің пікірін айтуға мүмкіншіліктері болады. Әр бала өз ойын басқаларға білдіреді. Диалогтық оқытуда балалар: пікірлерін айтып, ойларымен бөлісіп, өздерін еркін ұстап үйренді, сөйлеп үйренді. Өткізілген сабақтарымда басынан бастап аяғына дейін диалогтық оқытуды бақылауға болады. Бұл алған білімнің оқұ үрдісінде және жеке өзімнің сабақтарымда пайдасы мол деп ойлаймын. Бұрынғы әдіс бойынша сабақтың тақырыбын айтып, түсіндіргеннен кейін оқушыларды сабаққа қызықтыру өте қиын болатын. Енді сабақтың басынан бастап аяғына дейін оқушылар бір құпияны ашуға асық болып отырғандай болады, сабақ үстінде қызығушылықпен мәтінді талдайды, бірігіп сурет салады, мүсіндейді, коллаж жасайды, бір бірімен пікір алмасады. Топпен салған суреттің бастапқы сабақтарда сапасы болмады, жұмыс түрлерін өзгертуге тура келді, әр түрлі техникада жұмыс жасады, кейіннен жұмыстары жақсара бастады. Бірнеше сабақтан кейін оқушыдардың ұйымшыл болғандығын байқадым, бір біріне түсініспеншілікпен қарайтын болды.
Сабақта осындай әдәс-тәсілдерді қолдану өте тиімді, сабақ үстінде бірнеше әрекет жасауға мүмкіндік болып отыр, сабақтар балаларды ұйымшылдыққа, түсініспеншілікке үйретеді, нәтижелі болып өтеді.
Сілтемелер:
Mercer N. «Сөздер мен ойлар»
«Сапа мен әңгіменің мазмұны балалардың білім алуы үшін маңызды болып табылады» Нұсқаулық мұғалімдерге арналған 51 бет
Alekxander R.J (2000ж) «Диалогқа ықпал ететін барлық сынып бойынша интерактивті сабақ өткізу.
TEHOLS_Сабақ үстіндегі диалог
TEHOLS_Тәжірибедегі диалог тәсілі.

Ақмола оюлысы
Бурабай ауданы
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Баяндама
Бағдарламаның 7 модулінен туындайтын идеяларға қатысты диалогтық оқыту туралы түсінік

Дайындаған бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі Аманбаева Ж.О.
2012-2013 оқу жылы