Открытый урокФутбол ойыныны? техникасы
Ашық сабақ жоспары
І Пәні Дене тәрбиесі
ІІ Пән мұғалімі Қабдолов Орынғали
ІІІ Өтілетін сыныбы 9- сынып
ІҮ Өтілетін мерзімі 13 қыркүйек
Ү Өтілетін орны Мектептің спорт алаңы
ҮІ Сабақтың тақырыбы Футбол ойынының техникасы
ҮІІ Сабақтың мақсаты А)теориялық Футболдағы ең негізгі әдісті үйрету және шеберлікті шыңдау.
Ә) жетілдіру Өз алдына шұғылдануға қажеттілігі мен қабілеттігін арттыру.
Б)тәрбиелік Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару
ҮІІІ Сабақтың типі Жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
ІХ Сабақтың әдісі Жеке және жалпы жұмыс жасау, жан- жақты түсіндіру.
Х Құрал- жабдықтар Ысқырық, доптар, секунд- санағыш, жалаушалар т.б.
Кезең № Сабақтың мазмұны Уақыт мөлшер Әдістемелік ескерту
1 Оқушыларды сапқа тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару
2 Сынып санын түгелдеу. Себепсіз оқушыларды анықтау.
3 Оңға, солға, кері бұрылу жаттығуларын орындау.
Қозғалмалы бой жазу жаттығулары
-Қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүру.
-Екі қол белде өкшемен жүру
-Екі қол белде аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру.
-Бір қалыпты жеңіл жүгіру.
-Тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру.
-Арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру. Бұрылыстарды дұрыс орындауын қадағалау
Аяқ ұшымен, өкшесімен, сыртқы, ішкі қырымен жүруін ескерту. Оң және сол бүйірмен жүгіруін ескерту.
4
Саптағы бой жазу жаттығулары
-Саппен келіп бірнеше қатарға тұру.
-Қолды белге ұстап, басты оңға және солға айналдыру.
-Қолды иыққа ұстап, шынтақты алға және артқа айналдыру.
-Қолды алға түзу созып, кезек-кезек айқастыру.
-Бір қолды белге ұстап, екінші қолды жоғары көтеріп, оңға және солға кезекпен иілу.
-Екі қолды екі жаққа созып, оң қолды аяққа, сол қол қолды оң аяққа кезекпен тигізу.
-тік тұрып, бір аяқпен алға қарай бір қадам жасап, тізені бүгіп, екі қолды тізенің үстіне қойып, төмен басылып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
-Қолды алға созып ұстап тұрған бастапқы қалыпта екі аяқты кезекпен жоғары көтеру.
-Қолды белге ұстап тұрған бастапқы қалыпта отырып, тұру
-Екі қолды екі тізеге ұстап, тізені ішке және сыртқа айналдыру.
-Дем алу, дем шығару. 10 минут Қатарға дұрыс тұруын ескерту.
Қолды белге ұстауын ескерту.
Дұрыс иілулерін ескерту.
Қолдың Аяққа тиюін ескерту.
Арқы тізенің бүгілмеуін ескерту.
Аяқтың қолға тиюін ескерту.
Тізені дұрыс айналдыруын ескерту,
Футбол ойынының әдістері.
Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы
Доппен айла-тәсілдер жасау- футболдың негізгі мәні. Футболшылар ойнай жүріп допты алып жүруден, тоқтатудан, оны тебуден жарысқан секілді.
Футболшының алаңда алға қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен жанға қарай ауыса білуі, жақсы секіруі өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алы қажет(оқушыларға кезекпен кезек қайталату)
Допты тебу.
Допты тебу- футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты домалап, ұшып келе жатқан аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларға кезекпен кезек қайталау
Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді. Допты тоқтату кезінде ең бастысы- ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі.
Оқушыларға кезекпен кезек қайталату
Допты алып жүру әдісі
Допты алма-кезектебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағыттв алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. Оқушыларға кезекпен кезек қайталау.
Допты тартып алу әдісі
Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға болады.
Оқушыларға кезекпен кезек қайталау
Қақпашының ойыны
Қақпашы- командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты қағып алу, қағып жіберу, ойынға қосу, тәсілдерін жақсы білуі керек. 30минут Допты дұрыс тебу, тоқтату тәсілдерін жетік меңгеру
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережелерінің қатаң түрде сақталуын ескерту.
Ойын ережелерінің қатаң түрде сақталуын ескерту.
Ойын ережесін түсіндіру.
Ойын ережелерінің қатаң түрде сақталуын ескерту
Допты тартып алып, алып жүру тәсілдерін жетік меңгеру
1 Сабақты қорытындылау Түгел тындауын қадағалау
Толық сапқа тұруларын қадағалау
2 Оқушыларды бір сапқа тұрғызу, тыныс жолдарын қалпына келтіру 3 Үйге тапсырма беру Үй тапсырмасын тыңдауын қадағалау
4 Оқушыларды бағалау Сабаққа қатысуына байланысты бағалау
5 Қоштасу Түгел қоштасуын қадағалау
6 Бір саппен спорт алаңынан немесе залдан шығару Бір саппен шығуын қадағалау