Жаратылыстану п?ніне ?арыш та?ырыбы №?арыш ?лемі туралы айтылдады
Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Ғарыш
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.4.2.3 жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау
Ресурстар Телескоп, дүрбі, жұлдыздар, зымыранның суреттері
Жетістік критерийлері Ғарыштық денелерді атайды.
Ғарыштық денелерді сипаттайды.
Құндылықтарды дарыту Бір біріне көмектесіге үйрету
Пәнаралық байланыс Көркем еңбек, дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Видео ғарыш туралы
Тілдік құзыреттілік "астрономия","шоқжұлдыз", ғарыш"
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
Шаттық шеңбері
Бүгінгі көңіл күйлеріңіз қалай?
Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
"Ойланып көр"
Оқушыларға ғарыш туралы сұрақтар қою
Енді оқушылар көзімізді жұмып елестетеміз өзімізді түн мезгілінде жүрміз деп елестетіңдер, Аспанда не көріп отырсыңдар?
-Қандай аспан денелерін көріп отырсыздар?
-Енді көзімізді ашамыз.
-Не көріп отырсыздар?
-Тағы нелер көріп отырсыздар?
Осы ғарыш денелерін зерттейтін құралдар болады.
Оларды қалай атаймыз? Шаттық шебері
Аспанда ілулі тұрған жұлдыздар
Сабақтың ортасы
33 минут
Ендеше, бүгін сабағымыз не туралы болмақ?
-Аспан денелеріне нелер жатады?
-Осы жұлдыздарды зерттейтін арнайы құралдар болады.
Астрономия-жұлдыздарды, ғаламшарларды және басқа да аспан денелерін зерттейтін ғылым.
Ғарыш-бұл Жерді қоршап тұрған кеңістік. Оны зерттеу үшін телескоптар пайдаланады.
Галилео Галилей ең алғаш ғарышты зерттеген Италиялық ғалым, астроном және математик. Ең алғаш телескоп деген құралды пайдаланған
Қазіргі таңда әлемде ғарыш аппараттарын ұшыратын ғарыш айлақтары көп емес.Олардың бірі Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әлемге әйгілі Байқоңыр ғарыш айлағы бар.
Байқоңыр ғарыш айлағы туралы мағлұматтар беру.
Байқоңыр - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан ғарыш алаңы.
1961 ж. 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Гагарин Юрий Алексеевич"Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа аттанды
Ғарыш туралы видео көрсету.
Телескоптың түрлерімен таныстыру.
Айдың жерді айналуы туралы мәлімет беру, арнайы құрылғылардан көрсету.
Сергіту сәті
Топтық жұмыс
Ғарышқа бару үшін адамарға не қажет?
-Зымыран
Зымыран-ғарышты зерттеуге кең қолданыс тапқан ұшу аппараты.
Ғарышта ауа жоқ,сондықтан ол жаққа ұшақпен, тікұшақпен,әуе шарларымен ұшуға болмайды. Ғарышкерлер демалу үшін скафандр деген арнайы киім киеді.
-Ендеше, 4 топқа бөлініп
1топ "Суретшілер" Зымыранның суретін құмнан салады.
2топ "Мүсіншілер"-оны ермексаздан жасайды.
3 топ "Оригами" зымыранның үлкен үлгісін қағаздан жасайды.
4 топ "Тәжірибе" Шыны ыдысқа құрамында көпіретін газы бар дәрілер салады.Зымыранды ұшырады.
Әр топ оқушылары өздерінің жасаған бұйымдарын таныстырады. Немен жасағанын
Әр топ бірін бірі бағалайды.
- Енді өзіміздің жасаған зымыранымызға ат қоямыз
Сендер қалай ат қояр едіңдер?
-Неге ол атты таңдадың?
-Тағы қандай ат қоюға болады? Сергіту сәті
Сұрақ парақшалары.
Оқулық, дәптерлер.
Сызба парақшалары.
Сабақтың соңы
7 минут
-Сонымен, саяхатымызды аяқтай келе соңғы зымыранымызды ұшырамыз.
-Зымыран өте жылдам ұшады. Бұл зымыранға ат қояйық
-Енді шарға байланған зымыранды ұшырамыз
Қалыптастырушы бағалау.
-Бүгін не туралы өттік?
-Қай жері саған ұнады?
-Қандай нәрсеге таңғалдың?
-Тағы не туралы өттік?
-Ғарышқа немен ұшады?
-Ғарышты зерттейтін құрал қалай аталады?
-Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?
Рефлексия "Ғарыш" осы ғарыш денелеріне бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізі жапсырасыздар. Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлау.
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлау Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Күні:
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Адам
Адамның дене мүшелері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;
1.2.3.2 адам өмірінің кезеңдерін сипаттау;
1.2.3.3 адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді анықтау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:адамның негізгі дене мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атау;
Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Жетістік критерийлері Оқушылар:
негізгі дене мүшелерін анықтау және ажырату икемділіктерін жетілдіреді;
суреттердің көмегімен оларды атайды;
қолдың және аяқтың бөліктері қалай аталатынын білетін болады;
дене мүшелерінің атқаратын қызметін анық тайды.
Пәнаралық байланыс Дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Тілдік құзыреттілік Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут Кіріспе тапсырма. Оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындауды ұсынамын.: секіру, жүгіру, бір жақтан екінші жаққа иілу, басты алға-артқа айнал дыру, үстел үстінен кез келген затты алу.
-Қай дене бөліктері оны істей алады? Сабақтың осы кезеңінде олар тек адамның дене бөліктерін атап өтеді.
Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
8 минут
1 минут
5 минут
3 минут
16 минут
Адам денесі бес бөліктен тұрады: бас, мойын, тұлға, жоғарғы бөліктер (қол), төменгі бөліктер (аяқ). Әрбір бөлікте бөлімдерді ажыратады: баста — ми және беттік; тұлғада — арқа, кеуде, іш және жамбас; қолда — иық, шынтақ, білек, білезік және саусақтар; аяқта — сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар
Адамның қандай дене мүшелері бар?
Ойлан
Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?
Біздің денеміздің қызметі
Дене мүшелері не үшін қажет?
Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады? Адамның дене мүшесі бар плакаттар
Сергіту сәті
Сұрақ парақшалары.
Оқулық, дәптерлер.
Сызба парақшалары.
Сабақтың соңы
2 минут
Адамның қанша дене мүшесі бар? Оқушылар әр суреттің жанына адамның дене мүшесінің санын жаза алады. Сандарды жаза алмайтындарға көмектесемін. Егер оқушы дене мүшесінің санын анықтауға қиналса, сол дене бөлігін өзінен тауып санауына болады. Тапсырманы күрделендіру мақсатында жаза алатын оқушыларға әрбір суреттің атауын жазуға ұсыныс жасаймын.
Жауабы:
қол — 2; аяқ — 2; бас — 1; мойын — 1; көз — 2, мұрын — 1. Смайликтер
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлау.
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлау Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.