ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНДА ШАБУЫЛ ЖАСАУ Ж?НЕ ТОС?АУЫЛ ?ОЮДЫ ?ЙРЕТУ.
Пәні мұғалімі: Қасенов Руслан Рапықжанович
Сынып: 7Сабақтың тақырыбы: ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНДА ШАБУЫЛ ЖАСАУ ЖӘНЕ ТОСҚАУЫЛ ҚОЮДЫ ҮЙРЕТУ.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Шабуыл жасау және тосқауыл қою техникасын үйрету.Дамытушылық: Дененің жылдамдық, ептілік, икемділік, сапалық қасиеттерін дамыту.Тәрбиелік: Алғырлық, тапқырлық, ұжымдық әрекеттерге тәрбиелер. Сабақтың түрі: Үйрену сабағы.Керекті құрал - жабдықтар: Волейбол доптары, ысқырық.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сапқа тұрғызу, мәлімет қабылдау, сәлемдесу, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Оқушылардың спорт киімі мен денсаулығына назар аудару.Саптағы жаттығулар: оңға, солға, кері бұрылу, орнында адымдау.(20 - 30 секунд.)Жүру жаттығулары: аяқтың ұшымен, өкшемен, сыртқы қырымен, ішкі қырымен жүру, спорттық жүріс. 8 - 10 м. Кеудені түзу ұстау.Жүгіру жаттығулары: залды айналып жеңіл жүгіру, қолды алға - артқа айналдырып (оң сол қапталмен) жүгіру. Аяқты қайшылап жүгіру(оң сол қапталмен). 8 - 10 м. Жаттығуларды дұрыс орындауын қадағалау.Әр үш қадам сайын кеудені керіп жоғары секіру. Ысқырық бойынша соңғы оқушы шапшаң жүгіріп бастаушы болады. 8 - 10 м. Терең тыныс алуын қадағалау. Тізені көтеріп жүгіру. 8 - 10 м.Тыныс алу жаттығулары.Шабуылдаушы соққыларға арналған арнайы жаттығулар.1. Допты қабырғаға қарсы тұрып саусақпен еденге ұру.2. Жүгіріп келіп, шабуылдап соғу әрекетін жасау.3. Осы жаттығуды кіші доппен тор арқылы жасап, нысананы көздеу.4. Допты қабырғаның жанында әріптесіне лақтырып барып екі қадамнан шабуылдай соғу, қабырғадан 5 - 7 метр.5. Допты қабырғаның жанында әріптесіне лақтырып барып үш қадамнан шабуылдай соғу, қабырғадан 5 - 7 метр.6. 4 - 5 жаттығуларды аласа тор арқылы орындау.Тосқауыл қоюға арналған жаттығулар.1. Аласа торда тосқауыл қою қимылдарын жасау.2. Ойыншылар тордың екі бетіне екі - екіден орналасып бірі шабуылдай соғуды, екіншісі тосқауыл қоюды бейнелей қимылдар жасау.3. Топ болып тосқауыл қимылдарын жасау.Ойыншыларды үш - үштен 4 топқа бөліп, әдістерді қолданып екі жақты ойын ойнау. Ойын барысында қателерін түзетіп отыру.Қозғалмалы ойындар.Оқушыларды сапқа тұрғызу. Жеңіл жүгіру, босаңсыту жаттығулары.Сабақты қорытындылау: Бағалау, үйге тапсырма беру.