Бастауыш сынып?а арнал?ан Бала тілі — бал атты т?рбие са?аты


3-4 сынып оқушыларына арналған «Бала тілі - бал» атты тәрбие сағаты
Тақырыбы: Бала тілі – бал
Мақсаты:
Өз ана тіліңнің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтерісуге ат салысу.
Патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: шарлар, плакаттар, интерактиф тақтасы, сөзжұмбақ, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
Сабақтың түрі: тәрбие сағаты
Түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың барысы:
1 жүргізуші:
Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
2 жүргізуші:
Құрметті қонақтар, мұғалімдер, оқушылар! Қазіргі кезде еліміздің түкпір-түкпіріндегі мектептерде, әрбір сыныпта Қазақстан жерінде қанша ұлт болса, соншама тілдің бар екендігін айқындап, құрмет тұтуда. Бұл сынып сағатымызда қазақ тілі, оның мәртебесі, ана тіліміз – мемлекеттік тіл екендігі, өзге тілдерді де құрметтеу керектігі жайлы бүгін сөз қозғаймыз!
1 жүргізуші:
Қазақ тілі-
Ол менің ана тілім!
Қазақ тілі-
Байсалды баба тілім!
Сол байлықтан
Аз емес алатыным
сен тілісің,
ұрпақтың талайысың.
Қазақ тілі
Ана тілім
Анық маған сөнбестен жанатының,
Анық маған болашақ замандарға
Бөгелмей баратының.
2 жүргізуші:
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз қазақ тілі болып бекітілді. Құрметті қонақтар, сонымен бүгінгі тілдер апталығына арналған мерекемізді ашық деп жариялаймыз.
Қол шапалақ
Тақтапқтар кетеді.
Рузана :
Ана тілім дана тілім бақытым,
Қазақ тілін білу менің парызым.
Тілім менің ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі, тіліміздің тағдырын.
Атажан:
Алаңдатты тіл тағдырын бүгін де,
Сен болмасаң балалар ертен күнім не?
Қазақ тілін сүйемін, мен жанымен
Қаза болып қалу үшін түбінде.
Рауан:
Қазақ тілім бас иемін мен саған,
Тілге деген болу керек кең талғам.
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ,
Қазақ тілі біздер үшін жаралған.
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтпас оның тарихына сөз жетпес.
Индира
Сүйем туған тілді анам тілін,
Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тіліммен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
Алиқан
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,
Тынығым рухани жан азығым.
Ол бүлінсе менің де бүлінгенім,
Ана тілім туған тілім бал тілім.
Сен арқылы дүние тануп талпындым,
Сен арқылы әлімге аян бар ісім.
Сен өмірде таусылмайтын алтыным.
Амангельді
Алтын бесік ағайын, жұрт туғаным!
Дос бөліссе қыза түсер думаным!
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс жүзінде Тіл заңын!
Рустам
Сүйем сені, туған ел, атамекен,
Абзал анам серсің бой құшағы екен.
Жер мен көктің жәнетты бір өзіңсің,
Сенен артық не табам, қайда кетем.
3 сынып тақпақтары
Оқушы өлең айтады «Ана тілім»
Мұғалім: Балалар тіл туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Қане кім айтады екен.
Балалар мақал-мәтелдерін айтып шығады.
Мұғалім макдақтайды.
Енді мен мақалдың басын айтамын ал сендер оны аяқтауларын керек.
Ана сүті бой өсіреді,.....
(Ана тілі ой өсіреді)
Тіл жоқ жерде,.....
Көп сөз күміс......
(Аз сөз алтын)
Жеті жұрттың тілін біл.....
(Өз тіліңді құрметте)
Бал тамған тілден....
(У тамған)
Жақсы сөз....
(Жарым ырыс)
Мұғалім: Жақсы тіл туралы мақал-мәтел біледі екесіңдер.
Ал келесі кезекте тұрақты сөз тіркесінің мәнін ашу керек
Қас пен көздің арасы. (лезде)
Қара қылды қақа жару (әділ)
Төбе шашы тік тұрды (шошыды)
Аузына құм құйылды (үндемеді)
Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)
Тонның ішкі бауындай ( тату)
Бет моншағы үзілу (ұялу)
Күн тигізбей өсіру (мәпелеп)
Ит өлген жер (алыс)
Фразеологизмдердің атауын тап
Сурет көрсетеміз ол қандай фразеологизм екен
Мұғалім: Ал қазір балалар ребустың шешуін табамыз
Бізге әр сыныптан екі баладан керек
Балалар ребус шешкенше үш бала сөзжұмбақтың шешуін табады, қалғанына сұрақ қоямыз
Сұрақтар:
Ресей халқының мемлекеттік тілі?
Неміс халқының мемлекеттік тілі?
Париж қаласында қай тілде сөйлейді?
Қазақ халқының мемлекеттік тілі?
Тек қана қазақ тіліне тән әріп нешеу? Оларды ата
Қазақша –ағылшынша-орысша сөздерді атау
Ребус пен жұмбақтардың қорытындысы
1 жүргізуші:
Оң жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атсын таңын арайланып,
Азаматы бар ел деп бұл қазақтың
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып
2 жүргізуші:
Құрметті жиналған қауым! Баршамызға тілдер мерекесі құтты болсын деп, бүгінгі мерекеміз де өз мәресіне жетті.
Қыздардың орындауында «Қамажай» биін тамашалаңыздар