Биология п?нінде сыни т?р?ысынан ойлау стратегиясы ар?ылы о?ушыларды ізденімпазды??а баулу


Алматы облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі,
білім беру мекемелерінің тамыз кеңесі
Биология пәні мұғалімдерінің секциясы
Биология пәнінде сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа баулу
(баяндама)
  

Бакбаева Салима Тулегеновна
Биология пәнінің мұғалімі
Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Қарасай негізгі мектебі
Ұзынағаш, 2015 жыл
Мақсаты:
Оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету.
Міндеттері:
Оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу, қызығушылығын ояту.  Жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету  Әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту.
Мазмұны
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын
биология сабағында қолданудың тиімділігі.
2. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының»
стратегиялары (шеберлік сынып)
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланған әдебиеттер
“Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз” Н.Ә.Назарбаев
Кіріспе
Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ең басты мәселе. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденімпаздыққа,білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту,тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі. Егер ол пән оқушыны қызықтырмаса, не істеу қажет? Міне осындай әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдануы тиіс.Соның бірі «сын тұрғысынан ойлау» технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда қолданып отырамын. Нәтижесінде: - сабақтың мазмұны, сапасы артады; - жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады; - оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады; - пәнге деген қызығушылығы артады. Сабақ сын тұрғысынан ойлау (СТО) –сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарлама бірнеше стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады.Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады: -оқушыларды ойландыруға; -өз ойларын ашық айтуға; -пікір таластыруға /дебат/; -дұрыс сөйлей білуге; -өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге; -оқушылар шығармашылығын дамытуға; «Жүз рет естігеннен, бір рет көрген артық» деген сөздерді ескере отырып,сабақтарымызда мүмкіншілігіне қарай инновациялық технологияны пайдаланып отырсақ, оқытушының ұтары мол деп ойлаймын. Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары: 1.Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады; 2.Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; 3.Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады; 4.Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды; 5.Мұғалімнің уақытын үнемдейді; 6.Қосымша мәліметтер береді. Жаңа технологияны пайдаланудың мұғалімге берері: v Барлық баланы оқыту; v Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу; v Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару; v Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену; Бұл технологияның негізгі ұстанымдары: әлсін –әлсін қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетістіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып, қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни тұрғысынан ойлауы қалыптасқан ортада оқушы: нақты мақсат қоюға дағдыланады, өзіне деген сенімі артады, оқу процесіне белсенді қатысады, жолдастарының пікірін сыйлайды, өзін толғандыратын, проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады, пәнге деген қызығушылығы артады. Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады: I. Қызығушылықты ояту II. Мағынаны ажырату III. Ой толғанысы Қызығушылықты ояту кезеңі –мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады. Мағынаны ажырату кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып , өз беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады. Яғни, оқушының ескі мен жаңаны ұштастырып, ойын кеңейтеді. Ой толғаныс кезеңінде оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек. Сондықтан «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» биология пәнін оқытуда қолданып жүрмін. Осы технологиямен жұмыс жүргізу үшін белгілі міндеттер қойдым. Олар:
1. Технологияны оқып меңгеру;
2. Тәжірибеде қолдану;
3. Нәтижесін анықтау.
1-ші сатыда 2010-2011 оқу жылында технологиямен таныстым, баяндама әзірледім ;
2-ші сатыда 2012- 2013 оқу жылында сабақтарымда қолдандым, пәндік отырысқа әдістемелік әзірлеме дайындадым ;
3-ші сатыда 2014 -2015 оқу жылына «Бунақденелілердің дамуы», «Сүтқоректілер», Сезім мүшелері», тақырыбында ашық сабақ жоспарлап өткіздім.
Жалпы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясының» 90 түрлі стратегиясы бар, солардың ішіндегі- Даралық пен ұқсастық, Венн диаграммасы, Бес жолды өлең, Галереяға саяхат, INSERT кестесі, ББҮ стратегияларын сабақтарымда қолданамын.«Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтам?», және «Оқушы не ұтады? деген сұрақтарды естен шығармау керек. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Кубизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн» диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады. Осы кезеңде пікір-сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз. Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым- қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай- қайсысы да әрекетсіз іске аспайды. Оқу- адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының сана- сезімін дамытуға бағытталады. Мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай екі топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін. Әрбір сабақ тұтас педагогикалық процестің функциясын жүзеге асыруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу. Соның нәтижесінде сабақ көпжоспарлы, құрылымы әр түрлі болып келуі мүмкін. Сабақ құрылымының ерекше көп тараған түрі барлық дидактикалық міндеттерді шешуге: білімді енгізу, жаңа материалды зерделеу, өткен материалды бекіту, бақылау, оқушылардың білімін бағалау, үйге тапсырма берумен байланысты. «Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер» тақырыбын өткенде оқушыларға Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілермен, олардың отрядтарымен, құрылыс ерекшелігі бойынша алған білімдерін қорытындылау барысында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаландым. Оқушыларды екі топқа бөлдім. Топқа бөлу І-топ «Алғашқы сүтқоректілер», ІІ-топ «Қазіргі сүтқоректілер»
ІІ. Кіріспе бөлімі
1.«Сүтқоректілердің ерекшелігі» “Ассоциация” ойыны
«Кір жаятын жіп» стратегиясы
ІІІ. Негізгі бөлім
1.Сынып екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды. Кластер құру, қорғау.
1-топ Сүтқоректілердің сыртқы құрылысы, қаңқасы.

2-топ Сүтқоректілердің ішкі құрылыс ерекшеліктері

2.“Кім жылдам” ойыны“Терминді ұстап ал” стратегиясы
І-топ
1. Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласы .........
(маммология)
2. Езуден шықшытқа дейінгі жақсүйекті иекпен жалғастырып, тұтастыратын бұлшықет....... (ұрт)
3. Ұрық пен аналық ағзаның арасындағы арнайы мүше ................. (ұрық жолдасы)
4.Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын мүше......... (көкет)
5. Сүтқоректілер өкпесінің іші көптеген перделер арқылы қуыстарға бөлінген. Оларды ............... (өкпе көпіршіктері немесе альвеолалар) деп атайды.
ІІ-топ
Сүтқоректілерде сыртқы құлаққа жататын бөлімі.......... ( құлақ қалқаны)
Жұмыртқа салатын сүтқоректілер.............(ілкіаңдар немесе алғашқы аңдар)
Үлбір
Аюдың бір жасар ұрпағы...................(апанақ)
Сыртқы және ортаңғы құлақ арасын бөліп тұратын мүше ......... (дабыл жарғағы)
3.Сергіту сәті. «Ең, Ең, Ең.......» қызықты деректер (бейнежазба көру)
4. “Ментальді карта” әдісі
1-топ Сүтқоректілердің тіршілік ортасы, көбеюі.
2-топ Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары
Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер

Ескекаяқтылар отряды
Жыртқыштар отряды
Жұптұяқтылар, тақтұяқтылар отряды
Қолқанаттылар отряды
Қоянтектестер отряды
Кемірушілер отряды
Бунақденеқоректілер отряды


Қазақстанда сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 178 түрі таралған.
Бунақденеқоректілер отряды

Слайд № 13
Ертеден келе жатқан қарапайым сүтқоректілер тобы. Миы нашар дамыған, дене температурасы онша тұрақты емес, көздері нашар көреді, иіс сезу қабілеттері жақсы дамыған. Тұмсықтары алдына қарай шығыңқы.
Жұпартышқан-Еділ, Жайық, Тобыл, Обаған өзендерінде кездеседі.
Терісі өте бағалы. Қызыл Кітапқа тіркелген.
Кемірушілер отряды

Слайд №14
Бұл отрядқа күрек тістері жақсы жетілген сүтқоректілердің 2500-ге жуық түрі жатады.Олардың ішінде құрлықта, ағаш басында, суда, жер астында тіршілік ететін түрлері бар.
Құндыз-Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген терісі бағалы
жыртқыш аң. Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань тауларының
өзендерінде кездеседі. Қорегі-балық.
Қоянтектестер отряды

Слайд № 15

Қазақстанда қоянтектестер кеңінен таралған. Шөлді, шөлейтті жерлерде құм қоян кеңінен таралған, кәсіптік маңызы зор.
Қолқанаттылар отряды

Слайд № 16

Қазақстанда қолқанаттылардың 27 түрі кездеседі. Түнде белсенді тіршілік етеді. Салпаңқұлақты, ақбауыр және қатпар ерінді жарқанат түрлері шағын аймақтарда мекендейді. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
Жұптұяқтылар және тақтұяқтылар отряды
Слайдтар № 17,18
Жұптұяқтылар күйіс қайтармайтындар (шошқа мен бегемоттар) және күйіс қайтаратындар деп 2 топқа бөлінеді. Қазақстанда жұптұяқтылардың 10 түрі таралған.Үшінші және төртінші саусақтары жақсы дамығын. Екінші және бесінші саусақтары нашар дамыған.

Тақтұяқтылардың үшінші саусағы жақсы дамыған, қалған саусақтары нашар жетілген.Қазір үш тұқымдасының (тапирлер, керіктер, жылқылар) өкілдері кездеседі. Қазақстан жерінде жабайы жылқы-құлан мекендейді.
ЖЫРТҚЫШТАР ОТРЯДЫ

Сусар тұқымдастар
Мысық тұқымдастар
Қасқыр тұқымдастар
Аю тұқымдастар

АЮ тұқымдастары Слайд №20
Аю тұқымдастарына қоңыр аю, ақ аю, ақ кеуделі (гималай) аю жатады.
Қазақстанда биік таулы алқаптарда қоңыр аю кездеседі.
Аюдың аталығы- “матай”, аналығы-”кірекей”, ұрпағы-”қонжық” деп аталады.
lefttopҚоңыр аю Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген.
ҚАСҚЫР тұқымдастары Слайд №21
Қасқыр тұқымдастарына-шибөрі(шуылдақ), қасқыр, түлкі,қызыл қасқыр
жатады. Қызыл қасқыр өте сирек кездеседі.

МЫСЫҚ тұқымдастары Слайд №22
Қазақстанда мысық тұқымдастарының 8 түрі таралған.
Қазақстанның таулы алқаптарының қорықтарында қорғауға алынған.
СУСАР тұқымдастары Слайд №23
Ескекаяқтылар отряды
Сусар тұқымдастарына-сусар, бұлғын, құну, күзен, аққалақ, ақкіс, борсық, итаю (балқы), құндыз жатады. Қазақстанда кездеседі. Бұлардың терісі бағалы, кәсіптік маңызы зор.
Ескекаяқтылар отрядына-дене пішіні ұршық тәрізді 30-дан астам жануар түрлері жатады. Аяқтары ескекке айналғандықтан, ескекаяқтылар деп аталған.
Тері астындағы 10 см шамасындағы майлы қабаты дене температурасын реттейді әрі қор заты болып есептеледі. Тіршілігін көп уақытта суда өткізеді, құрлыққа тынығу, көбею, күшіктеу кезінде ғана шығады.
5.“Миға шабуыл” танымдық сұрақтар
І-топ
1. Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген, өте сымбатты, саны азайып кеткен жұптұяқтылар отрядының өкілі. Алтынемел ұлттық табиғи саябағында, Үстірт қорықтарында қорғауға алынған жануар? (Қарақұйрық)
2. Қазақстанда ғана таралған кеміруші. 1938ж зоолог-ғалым В.А. Селевин Бетпақдала шөлінен тапқан. Құлағы үлкен, дене тұрқы 9 см, салмағы 30-35 гр. Әлі толық зерттелмеген қандай жануар? (Қалқанқұлақ)
ІІ-топ
1. Қазіргі жылқының арғы тегі. Бағалы терісі, дәмді еті үшін көптеп ауланып, қазір саны азайып кеткен. Үстірт, Барсакелмес қорықтарында ерекше қорғауға алынған. Бұл жануар туралы аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер өте көп. Қандай жануар туралы айтылған? (Керқұлан)
2. Қазақстанның батыс аймағында шөл, шөлейтті жерлерде мекендейтін кеміруші. Жер астындағы қараңғы інінен еш уақытта шықпайды. Сондықтан көзі көрмейді. Күрек тістері өткір, аузының сыртына шығып тұратын, Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген қай жануар? (Алып соқыртышқан)
ІV-Қорытынды бөлім
1. Сүтқоректілердің маңызы . Ой толғауСинквейн стратегиясы (бес жолды эссе жазу)
Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі (зат есім)
Екінші жолда- тақырып екі сөзбен сипаттау (сын есім)
Үшінші жолда- тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу. (етістік)
Төртінші жолда- 4 сөзден тұратын бір сөйлем.
Бесінші жолда- тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз.
2.Бейнежазба (қызыл кітапқа енген жануарлар)
V. Үйге тапсырма
§59. Қазақстанда мекендейтін сүтқоректілер.
№22 зертханалық жұмысты аяқтау. Қорықтар туралы реферат жазу.
VІБағалау (бағалау парақшалары)
VІІ.Рефлексия «Бағдаршам»
Сабақ барысында кейбір оқушыларда қиыншылықтар да кездеседі. Бала сөйлеу үшін не істеу керек? деген сұраққа жауап ретінде тек сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ғана береді. Бұл бағдарламаның стратегиялары оқушының ойлауын дамытуға, өз пікірін тұжырымдап айтуға, батыл сөйлеуге, көпшілік ортасында өзін еркін ұстауға, өзіне сенімді болуға үйретеді..
СТО технологиясы-білім берудің сапасын арттырудағы тиімді жоба. Ол үшін оқытушы сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып,оныңой-өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Неміс педагогі А Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді » дегені мәлім .Осы тәжірибені СТО технологиясы да ұстанады. СТО мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болғандықтан, оқушылардың шығармашылығы мен танымдық белсенділігін арттырады. Сын тұрғысынан ойлау негізінде құрылған сабақта тек жақсы оқитын оқушылар ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығушылығы артатыны даусыз. Сондай ақ «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясына негізделген сабақ оқушының ой-өрісін дамытып, жан-жақты, терең білім алуына жағдай жасап қана қоймай, оқушы бірде басқаға көмектессе,бірде басқаның көмегін өзі алады. Оқушы білімді өз ізденісімен, өз біліктілігімен алады, іскерлік дағдылары қалыптасып, артады. Мәселен СТО бағдарламасы негізінде өткізілетін шебер сабақтың бір үлгісіне көңіл бөлейік.
Шебер сабақтың тақырыбы «Сүтқоректілер» тақырыбында сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы арқылы оқушыларды ізденімпаздыққа баулу
Мақсаты Сын тұрғыдан ойлауға алғашқы қадам жасау
Сілтеме Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Күтілетін нәтиже Әріптестеріме сыни тұрғыдан ойлау модулі туралы түсінік қалыптасады. Оқу мен оқытуда үрдісін жақсарту мақсатында сабақтарында сыни тұрғыдан ойлау модулін қолданатын болады.
Сабақта қолданылатын материалдар Слайд, презентация, үлестірмелі қағаздар, түрлі түсті стикерлер.
Оқыту әдісі 1.Қызығушылығын ояту.
“ЕҢ, ЕҢ, ЕҢ....” қызықты деректер
(бейнефильм көрсету)
2. Мағынаны тану
«INSERT» стратегиясы
3. Ой толғау
Өзіңізді тексеріңіз:
Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па әлде ЖАЛҒАН ба?
Өткізілген сабақтар оқушының тақырыпты толық меңгеруіне, өз бетінше жұмыс жасауына және уақыт үнемдеге өте ыңғайлы. Бұл технологияны пайдалану жеке тұлғаның ойлау қабілетін дамытуға, эстетикалық тірбие, коммуникативтік қабілеттерін шыңдауға, қолайлы шешім қабылдай алуға, ең бастысы, білім сапасын арттыруға негіз болады.
Нәтижесінде:
- оқушы еркін сөйлеп, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді;
- жұппен, топпен жұмыс істей отырып, бірін-бірі сыйлауға, шешімі табылмай жатқан мәселені ақылдасып шешуге ұмтылады;
- бірін-бірі оқытуға және дамытуға үйренеді;
- жағымды қарым-қатынасқа бейімделеді;
- ойы сараланған, дарынды, шығармашыл тұлға қалыптасады.
Қазіргі таңда оқушыларға тақырып бойынша білімді тек ауызша ғана емес, визуалды көрсету өте тиімді. Сабақтарымда АКТ –ны қолданып, слайдтар, үн таспалар тыңдату арқылы, интерактивті тақтамен жұмыс жасау кезінде, сонымен қатар сергіту сәттеріне қолдаған бейнесюжеттер оқушылардың қызығушылығын, белсенділіктерін әлдеқайда арттырды. Тіпті рефлексия кезеңінде сабақ бойынша пікірлерін СМС арқылы жіберген кезде әдетте «тыйым» салынатын ұялы телефондарымен қолданды. «Көп естігеннен, бір көрген артық» немесе қытай данасы Конфуций «Ауызша айтылғанды ұмытамын.  Көрсетсең, мүмкін есіме сақтармын.  Өзіме жасатсаң мен түсінемін» дегендей пайымдаулар АКТ –ны қолданған кезде өздерін шындайды деп ойлаймын.
Қорыта ұлы Абайдың сөздеріне тоқталғым келеді. «Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» егерде өзіңнің шәкірттеріңнің бойында осы қасиеттерді көргің келсе, алдымен өз бойыңа оларды қалыптастыруға, дарытуға тырысып, өз алдыңа сыни ойлай алатын ұстаз болу қажет, өйткені, сыни тұрғыдан ойлайтын адамды басыну мүмкін еместігі анық.
Оқушыларды екі топқа бөлдім. І топ – «Микроскоп», ІІ топ – «Жасуша». Үй тапсырмасымен жұмыста «Микроскоп» тобынан «Гидраның жынысты көбеюі», «Жасуша» тобынан «Гидраның жыныссыз көбеюі» сұралды. «Құпия сан» ойыны. Ойын шарты: тақтаға дайын бес сөз ілінеді. Мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар кестедегі жауапты қоюлары қажет. 1.Ұрықтану жүреді 2.Ішінде бірнеше ұрықтанған жұмыртқалары бар белбеуше. 3.Жынысты, жыныссыз жолмен көбейе алады. 4.Дара жынысты жәндік 5.Гермофродитті жәндік. 1. Гидра 4. Өрмекші 2. Шұбалшаң 5. Белбеуше 3. Пілде Биологиялық диктант. № Көпжасушалы жануарлардың көбеюі Дұрыс р/с Жауаптары 1. Көбеюдің биологиялық мәні 1. Бүршіктену 2. Жануарлар екі түрлі жолмен көбейеді 2. Гаметалар 3. Гидраның жныссыз жолмен көбеюі 3. Ұрпақтар жалғасуы және организм түрінің сакталуы 4. Аналық жыныс жасушасы 4. Регенерация 5. Аталық жыныс жасушасы 5. Гермафродит 6. Жыныс жасушалары 6. Жынысты және жыныссыз 7. Ұрпақтанған жаңа жасуша 7. Зигота 8. Гаметалардың екі түрі де жануарлардың өз организмінде дамып жетіледі 8. Жұмыртқа жасушасы 9. Бір шаянды басы, көкірегі, құрсағына үш бөліп тастағанда үш шаян пайда болады. 9. Сперматозоид Сабақты бекіту. «Шұбалшаң мен өрмекшінің көбеюін» Венн диаграммасы бойынша салыстыру. Шұбалшаң Өрмекші Гермафродит. Айқас ұрықтанады, кілегейлі пілде түзеді. Онда ұрықтанған жұмыртқалар болады. Жас құрттар шығады. Көбею Дара жынысты, іштей ұрықтанады. Өрмектен тоқылған пілдеге ұрықтанған жұмыртқа салады. Жас өрмекші шығады. Сергіту сәті. «Ғажайып үштік». Тамаша табиғат 2 4 6 Ғажайып жерлер 2 4 6 Өсімдіктер әлемі 2 4 6 Шарты: оқушы жауапты білмей қалған жағдайда қосымша көмекке мүмкіндік алалды. Алған жағдайда ұпайдың жартысына ғана ие болады. Осы жасырылғакн терезелердің бірінде тосын жағдай бар. «Тамаша табиғат». 2. Біздің жерімізде бұрын кездескен. Жыртқыштар отрядына жатады. Бойы аласа, қазіргі таңда жойылып кеткен. Қосымша көмек: қасқыр тұқымдастың бір түрі. (Жауабы: қызыл қасқыр.) 4. Бұрын біздің жерімізде кездескен. Қазіргі таңда жоқ. Аталығы күлміз, аналығы сөге деп аталады. Қосымша көмек: лағы «еңлік» деп аталады. (Жауабы: елік.) 6. Тосын жағдай. «Ғажайып жерлер». 2. Ауылымыздың қасында көк тау бар. Ертеде онда Абылай хан ордасы болған. (Жауабы: Бурабай.) 4.Біздің ауылымыздың іргесіндегі Даңқой байдың көкжайлау мекені қалай аталады? (Жауабы: Айдос жайлауы.) 6. «Ертөстік» ертегісіндегі алып ағаш. (Жауабы: Бәйтерек.) «Өсімдіктер әлемі». 2. Табиғатта басқа өсімдіктерге қолайсыз, құнарсыз жерлерде өседі. Ерекше құрылымды тірі ағза. Саңырауқұлақ пен көк-жасыл балдырдың селбесуінен түзіледі. Біздің жерімізде Аңыздыда кездеседі. Қосымша көмек: бұл туралы лихенологтар деп аталады. (Жауабы: Қына.) 4. Бұл өсімдікті жинар кезде халқымыз иіліп сәлем берген. Түйетабандар тұқымдасына жатады. Жағымсыз иісті, улы өсімдік. Емдік қаситі жағынан Орта Азияда ертеден белгілі. Кавказ халықтары ұйықтататын дәрі ретінде пайдаланады. Қосымша көмек: халқымыз «пәле-жаладан сақтасын» деп түтінімен аластайды. (Жауабы: Адыраспан.) 6. Тамырын емдік мақсатта қолданады. Суық тигенде қайнатып ішеді. Қосымша көмек: бұл дәрілік өсімдіктің атауымен бірдей ауыл бар. (Жауабы: Андыз) Жаңа сабақ. - Балалар жаздың ортасында шөп не ағаш жапырақтарында жорғалап жүрген құртқа ұқсас жәндіктерді жиі көреміз. «О, мына құртты қара!» деген сөздерді де естіген болармыз. Кластер. Ағза Дене пішіні Аяқтары Ауыз мүшесі Ауыз мүшесінің атқаратын қызметі Ересек көбелек Бунақ Үш жұп Түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша Тұмсықшамен гүл шырынын сорады Дернәсіл Құрт тәрізді Бес Үстіңгі, астыңғы тісшелі жақтар Жапырақты кеміріп үгітеді Өсімдік жапырақтарымен қоректенеді Тез өседі, бірнеше рет гүлдейді Ағаш діңіне, дуалға, құрылыс қабырғасына, т.б. жерлерге өрмелеп шығады Қолайлы ортасында қуыршаққа айналады Қуыршақ кезінде қимылсыз, қоректенбейді Дене мүшелері қалыптасады Көктемде орамжапырақ ақ көбелегі шығады Бунақденелердің ұрпағы (постэмбриондық) 3 түрлі жолмен дамып есейеді. Бунақденелердің дамуы Дискуссиялық өрнек. № Мазмұны Келісемін Келіспеймін 1. Дамуы 4 сатыдан тұратын және дернәсілі ересегіне ұқсамайтын бунақденелерді толық түрленіп дамитын бунақденелілер деп атайды + 2. Шала түрленіп дамитын бунақденелілерге көбелек жатады + 3. Көбелектің дернәсілін жұлдызқұрт деп атайды + 4. Сүңгуір қоңыз шала түрленіп дамиды + 5. Ересек көбелекте үш жұп аяқтары бар + 6. Ересек көбелектің ауыз мүшесі – түтік тәрізді ұзын иірілген тұмсықша + 7. Қыстан шыққан қуыршақтан көктемде бірден орамжапырақ ақ көбелегі шығады + 8. Толық түрленіп дамитын бунақденелілерге шегіртке жатады + 9. Шыбын, таза жерлерге жұмыртқасын салады + 10. Түрленіп даму тәсілі – бунақденелілерді жойылып кетуден сақтайтын бейімділіктің бірі + Сабақ барысында кейбір оқушыларда қиыншылықтар да кездеседі. Бала сөйлеу үшін не істеу керек? деген сұраққа жауап ретінде тек сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы ғана береді. Бұл бағдарламаның стратегиялары оқушының ойлауын дамытуға, өз пікірін тұжырымдап айтуға, батыл сөйлеуге, көпшілік ортасында өзін еркін ұстауға, өзіне сенімді болуға үйретеді..
[3]Практикалық сабақтар болмаса, ғылыми – танымдық мәтіндер мен жұмысқа арналған кез – келген теориялық сабақ «Түртіп алу», Білемін. Білгім келеді. Үйрендім. сияқты стратегияларды қолданған кезде тіптен оқушылардың қызығушылығын арттырады. 7 - сыныпта « Құлқайыргүлділер тұқымдасы» тақырыбын өткенде, Білемін. Білгім келеді. Үйрендім. бағыты бойынша кестені толтырамыз.Б1. Жемісі құрғақ - қауашақ немесе бір тұқымды жаңғақша.2. Құлқайыргүлділер - тұқымдасының өкілі мақта.3. Мақта тұқымынан мақта майы, мақта мамығы, тағамға және техникалық мақсатта қолданылады.4. Өзбекстанда өседіБШит талшықтары таза жасунықтан (клечатки) тұрады.Өте ширатылған сондықтан тоқыма материалы ретінде пайдаланады.ҮҚұлқайыргүлділер тұқымдасынан 9 тұқымдас бар екендігі.Баобаб - құлқайырға өте ұқсас ағаш текті өсімдік.Мақтаның ашылмай қалған немесе шала ашылған қауашағын көсек дейді.Шитті мақтадан таза мақта өндіріледі.«Өсімдіктердің көптүрлілігі» деген тақырыпты өткенде мәтінді бөліп жазу стратегиясында өз ойларын көрсете біледі. Онда оқушыларға өсімдіктерді қорғау үшін қандай шаралар қажет? деген проблемалы сұрақ берілген болатын. Эссе жазу кезінде «Өсімдік табиғаттың бір бөлігі, қоршаған ортаны, өсімдікті қорғауымыз керек. Егер айналамызда ағаштар, гүлдер болмаса, қаламыз әдемі болмас еді. Олар бізге сұлулық сыйлайды. Егер мен үлкен бизнесмен болсам, өсімдіктерді қорғауға арнайы қаржы бөлер едім. Өсімдіктерді қорлаған адамдарға тиісті айыппұл тағар едім» деп өз ойларын ашық айта алады.6 - сыныпта «Жануарлардың көбею ерекшеліктері» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұраған кезде семантикалық картаны пайдалануға болады.Рефлексия.
Оқытушы оқушыларға шешімін табуға қажет мәселе қояды. Оны: қарапайым,
анықтаушы , практикалық , түсіндірмелі , шығармашылық, бағалаушы
сұрақтар қою арқылы жүзеге асырады.Бұл оқушылардың жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады.
Білімалушылардың іс-әрекеті: шешімін табуға қажет мәселені жүзеге асыру үшін:
V + - ?
Білдім Бұл маған жаңалық Менің ойыма қарама-қайшы Бұл туралы көбірек білгім келеді
деген сұрақтарға жауап жазады. Ерекше артықшылық бір жағдай: көп сөйлемейтін, белсенділігі төмен оқушылардың қызығушылығы артып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысады.