Бейнелеу ?неріні? д?стурден тыс ?діс- т?сілдері ар?ылы балаларды? шы?армашылы? ойлау м?дениеті мен елестеуін ?алыптастыру.
МҚКК №7 сәбилер бақшасы
Баяндама
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің дәстурден тыс әдіс- тәсілдері арқылы балалардың шығармашылық ойлау мәдениеті мен елестеуін қалыптастыру.
Дайындаған: Алдажарова Д.Т.
Павлодар 2014ж.
Баяндама
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру.
Еліміздің жаңа принциптерге негізделген егемен мемлекет құруда Үкіметіміз білім беру мекемелеріне Тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына жеткізетін ұл-қыз тәрбиелеуді талап етуде.
Қоғамда, айналамыздағы ортада болып жатқан қарқынды өзгерістер шығармашылық қабілеті бар, қажетті жағдайда соны әрі айрықша шешім қабылдайтын жеке тұлғаның алдына үлкен талаптар қояды. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оны тәрбиелеу – бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселелердің бірі.
Мектеп жасына дейінгі баланың үдемелі дамуын қамтамасыз ету үшін сәбилердің мүмкіндіктеріне сүйеніп, оның өмірінің, әрекетінің мазмұнын, айнала қоршаған ортамен қарым-қатынасын өзгерту керек. Сәбидің жаңа талап-тілегін, қажеттілігін қамтамасыз ету үшін бұрыңғы өмірін қайталау аз, ол қанағаттандырылмайды. Сол себептен баланың бұдан былайғы өмірін мектепке дейінгі кезең талабына сай ұйымдастырған жөн.
Болашақ ұстаздар мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдеріне бөлінуін жақсы түсініп, дидактикалық принциптерге негіздей отырып, тәжірибеде пайдалануға үйренеді. Мұнда нәрестелік кезең, сәбилік кезең, мектепке дейінгі кезеңдегі бала дамуыныңерекшеліктері мен бала дамуындағы іс-әрекеттің ықпалын оқып-үйренеді.
Қазіргі кезде жасөспірім жеке тұлғаны тәрбиелеуде өнердің, соның ішінде бейнелеу өнерінің ықпалы зор екендігін педагогика, психология ғылымдары дәлелдеп береді.
Бейнелеу өнеріне оқыту барысында балалардың ойлау қабілеті, көргенін есте сақтау, шығармашылық қиялы, көркемдік икемділігі, адамгершілік және сұлулық сезімі дамиды, әрине бұл қасиеттер және тұлғаның жан-жақты дамуына негіз болары сөзсіз.
Бейнелеу сабақтары балалардың қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру арқылы сұлулық сезімін оятады, дүниетанымын қалыптастырады, шығармашылық белсенділігін арттырады. Сонымен қатар, жеке тұлғаны ұқыптылыққа, дербестікке, еңбексүйгіштікке бейімдейді.
Бейнелеу іс-әрекеті барысында сурет салу біліктілігі мен іскерлігін меңгеріп, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды байқап зерттеуді үйренеді. Демек, бейнелеу қоршаған ортаны тану, кеңістікті қабылдау, есте ұстау, қиял, сезім сияқты тағы басқа психологиялық процестердің дамуына көмектеседі.
Көбінесе бейнелеу іс-әрекеті барысында баланың ерекше белсенділігін байқауға болады. Ол, әсіресе танымдық шығармашылығын белсенділік тұрғысында байқалады. Бұдан жеке тұлға өз белсенділігін қоршаған ортамен сезімдік қарым-қатынас, жұмыс процесінде арттыратындығын көруге болады. Ұстаздың ұйымдастыруымен Өткізілген іс-әрекетінде танымдық, эстетикалық тәрбие балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады. Сондықтан да педагогика ғылымының оқыту мен тәрбиені ажыратпай тұтас қарастыруы бейнелеу өнерін оқытудың негізі болып табылады.
Бейнелеу өнері іс әрекет барысында бірін-бірі толықтыра оқытылу негізі – бейнелеу өнерін басқа пәндермен тығыз пәнаралық байланысты оқыту қажеттілігін де туындатады. Заттан қарап сурет салу барысында бейнелейтін заттардың көлемін талдап,зертттеуде үшбұрыш,төртбұрыш,шаршы,шеңбер немесе цилиндр,куб,конус,шар секілді математикалық ұғымдар, табиғат көріністерін бейнелеуде табиғи құбылыстар,өсімдіктер, жануарлар туралы әңгімелер немесе табиғат сұлулығын,көніл-күйін, жыл мезгілінің әсемдігін елестететін поэтикалық өлеңдер,музыкалық әуендер тындалуы пәнаралық байланыстың негізі бола алады.
Сөйтеп,бейнелеу өнері жалпы бала бақшадағы балалардың эстетикалық дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің құрамдас бірі ретінде оқытылады.
Әйтсе де балаларға эстетикалық тәрбие беру мен оқытудағы бейнелеу өнерінің рөлі төмендегі көрсетілген талаптарға сай болғанда ғана тиімді болмақ.
1.Бейнелеу өнері іс әрекетінде оқыту мен тәрбие беру мақсат-міндеттерін біртұтас шешу.
2. Балаларды бейнелеу өнеріне оқытуда дидактикалық принциптерді сақтау.
3. Бейнелеу өнері іс әрекетінде жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану.
4. Бейнелеу өнері іс әрекетінде көрнекіліктерді және техникалық құралдарды кеңінен қолдану.
5. Балалардың шығармашылығын,өзі жасаған өнердегі образдарға эмоционалды қөзқарасын, жалпы сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатында бейнелеу өнері іс әрекет барысында ойын,сайыс элементтерін пайдалану.
6.Бейнелеу өнері оқыту бағдарламасының негізі тараулары бойынша оқыту әдісімен үнемі жетілдіру.
7. Бейнелеу өнері іс әрекетінде балалардың жеке басының ерекшіліктері мен шығармашылық мүмкіндіктерін ескерту.
8. Оқыту мен тәрбие барысында озық іс-тәжірибелерді пайдалану.
Бейнелеу өнерін оқыту мен тәрбие беру барысында озық іс-тәжірибелерді жинақтау,талдау,зерттеу педагогтың өз әдістемелік шеберлігін байытудың бірден-бір жолы.Іс әрекет жүйесіне еңгізілген дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балалардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып өзіндік образ,өзіндік іс – әрекет жобасын құрауға мүмкіндік жасайды. Қоршаған ортадан,үлкен өнер туындылырынан сұлулықты көріп қана қоймай,оны өз бетімен іздеуге ұмтылуға баулиды. Бейнелеу өнерінің сезімдік ісерін түсініп,оған қызығушылығы артады. Өзінің және өзгенің жұмысына құрметпен қарап,саналы түрде талдап баға беруге,өнерді өз өмірінің құрамдас бір бөлігі ретінде көруге тәрбиеленеді.
Тақырыптың өзектілігі- - мектеп жасына дейнгі балалардың эстетикалық,шығармашылық дамуын дәстүрде емес сурет салу әдістермен жетілдіру.
Зерттеу жұмысының мақсаты - - дәстүрден тыс сурет салу тәсілдері арқылы балабақшадағыбалаларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа бейіммдеп, қоршаған ортаны,сурет өнерінің кең аясымен таныстыру.
Зерттеудің міндеттері:
Мектеп жасына дейінгі балаларда шығармашылық қабілетттерінің дамуын құрастыру;
Мектепке дейнгі жастағы балалардың жастық ерекшіліктерін талдау;
Арнайы шығармашылық қабіллетер түсінігі мен олардың сурет салу шығармашылығында көрінуі зерттеу;
Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдіс- тәсілдері арқылы балалардың шығармашылығын қалыптастыру;
Балаларға дәстүрден тыс сурет салу әдістерінің барлық түрлерін меңгерту;
Бейнелеу өнері іс әрекетінде дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді пайдалану тиімділігін аңықтау.
Күтілетін нәтиже:
- баланың бойында табиғатқа деген эстетикалық- жағымды қарым-қатынастарды оны өз шығармашылығында бейнелеу арқылы қалыптастыру.
- балалардың білім өрісін және қоршаған орта туралы түсініктер аясын кеңейту,жабайы болып өсетін мойылдың сыртқы түрімен,оның гүлденген сабақтарымен таныстыру.
- балаларға сурет салу өнерінің жаңа әдістерін – үйрету.
- балаларды табиғатты тану арқылы шығармашылық қабілеттерін ояту.
- балалардың түсті, композицияны қабылдау сезімдерін жетілдіру.
- баланың ойлау жүйесін,қиялын,шығармашылық қызметін дамыту.
- балалардың қозғалыстар координациясын дамыту,қолдың ұсақ моторикасын жетілдіру.
Бейнелеу өнері – мектеп жасына дейнгі балалардың қызығушылықпен айналыссатын іс-әрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнерінің сурет салу,мүсіндеу,жапсыру бала үшін өзінше әр қайсысы қызықты. Бала бейнелеу өнерінің қай түрімен айналысса да өз көнңл-күйін білдіре алады. Бейнелеу өнері,ең алдымен,балалардың эстетикалық,адамгершілік,еңбексүйгіштік,ойлау қабілеттерін дамытады.
Бейнелеу өнерін үйрету барысында балаларды нұқып қалып сурет салу,саусақтарымен сурет салу,жапырықтардың ізі, түстерді араластыру,кляксография,монотипия,шаммен сурет салу,шаблонография, мыжылған қағазбен сурет салу әдістерімен таныстырдым.Әрбір оқу іс – әрекеттерінде түрлі әдісі қолдану барысында балалардың сурет салуға қызығушылықтарын дамытып, өз бетттерімен жұмыс жасауларына мүмкіндік береді.
Мұқан Иманжанов айтқандай:
« Бөбектердің әміршісі – сезім. Бұл өте өзгергіш, айнымалы сезім. Бөбек осы лып етпе сезімнің ыңғайымен жүреді. Талпыну мен сезім оны фантазияға берілдіреді. Өйткені түрлі құбылыстарды ұғып білуге оның қабілеті жетпейді. Сондықтан өзінше топшалап, фантазияға беріледі. Бұл оның өзінше күші,ермегі.»