Доклад на тему: Сын т?р?ысынан ойлауды дамыту технологиясын ?олдана отырып, о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілетін дамыту


Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту «Жақсы дерлік те, жаман дерлік те бір әдіс жоқ. Олақтылық белгісі бір ғана әдісті болу, шеберліктің белгісі түрлі әдісті білу: керек орында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оларды өзіне сүйеніш, қолқабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»
А. БайтұрсыновЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын. Еңбек жолы жеңіл болмағанымен, бұл мамандық иесінің әр жеткен жетістіктен рахаттанып, әр оқушының ақ жарқын күлкісінен өзіне бақыт нұрын сезінуге мүмкіндігі мол.
Ұстаз! Мен үшін осы сөздің өзінде қаншама мән - мағына, күш құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жақсы мұғалім - мектептің жүрегі,- деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі де ұстаздан білім нәрін алған. Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәлім - тәрбиесіне байланысты екендігі белгілі..
Нағыз мұғалім болу - үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаған бүлдіршіндерім білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?
Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында»деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім - тәрбиесіне тікелей байланысты деп ойлаймын.
Мұғалімнің тәрбие мен білім беру жолында атқарған адал еңбектері ғана жас азаматтардың өмір жолдарына шуақ шаша алып, дұрыс бағыт бере алады.
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу - тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс - әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан - жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет”» деген Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев
Ұстаз алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан - жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.
Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж. Пиаже, Л. С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, "Сорос - Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
"Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе - теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті - түсіндірмелі, ішінара іздену. проблемалық, пікір - сайыс, ойын, шығармашылық, өзін - өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын оқу - тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді
Бұның мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден – бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады.