Ашы? саба? конспектісі та?ырыбы ?зі?ді ?зі? танып білу


Парамоновка орта мектебі педагог-психологі
Баезова Гульнар Шакаевнаның аттестаттауға арналған
ашық сабағы
7 г сынып
Топтық коррекциялық сабақ
Тақырыбы: Өзіңді өзің тани біл
Мақсаты: Өзін-өзі тәрбиелеудің маңызын, тұлғалық қасиеттерді білу
Әдісі: әңгіме, тренинг элементтері, ойын, ертегі-терапия
Өзіңнен өзіңді ізде
Өзіңе өзің бағын
Өзіңді өзің тани біл
Ф.Достоевский
Адамның ішкі жан дүниесі, сезімі, сыртқы келбетінен көздерінен, бет әлпетінен мінез құлқынан көрініс табады. Ішкі жан дүниесі бай болса, оған мінез – құлқының жоғары мәдениеті де сай келеді.
«Менің есімім» атты жаттығуын өтеміз.
Өз атын атап, есімінің алғашқы әріпінен басталатын қандай? Деген сұраққа жауап беретін сөз айтылады Ол сөз сенің мінезіңді жақсы қасиетіңді сипаттайтын болу керек Мысалы: Сауле сабырлы

Тапсырма: Өзім дегенде ........(Әнгіме түрінде ) Адам сөйлескенде ең көп «Мен» сөзін қолданады екен. Өйткені бұл оған ұнайды. «Мен сүйттім», «Мен бүйттім» дегеннен адам жадығар емес. Ал енді адам «мен» дей берсе сол дұрыс деп ойлайсын ба? Неліктен? Өз ойыңмен бөлі сен. Ал адам өзін қалай тани біледі?
Талдау..... бойынша өзіне баға беріп, талдау.
Логоритмика «Мен-сен-біз» Қимыл-қозғалыспен
Мен! О мен!
Мен мейірімді жанмын
Сен! Сен кереме тадамсың!
Біз! Біз өте татумыз!


«Ғажайып қыз» ертегісі
Ертегіде ғажайып қалада, ғажайып үйде бір қыз болған. Енді сол жайлы ертегіні бастаймыз, ал сен маған көмектесерсің, егер мен ұмытып қалсам. Ғажайып қыз деп оны неліктен атаған екен? Өйткені ол ерекше тәрбиелі, иманды, мінезі ақ жарқын, көнілді, мейірімді қыз болғандықтан бәрі де оны жақсы көрген. Ал жалғасын келесі сабағымызда жалғастырамыз. Сен сол қызға қандай жақсы қасиеттерді сыйлар едің?. сол туралы ойланып, жақсы сыйлығынды дайындап қой.
Рефлексия
Менің бүгінгі сабақтан алған әсерім....
Қоштасу