Word. Та??урайды? адам а?засына пайдасы ?ылыми жоба 20 бет
Таңқурайдың адам ағзасына пайдасы
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе …...............................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Таңқурайдың шығу тарихы ...........................................................5
2. 2 Таңқурай мен оның сұрыптарына сипаттама ..........................7
2. 3 Таңқурайдың адам ағзасына пайдасы.........................................11
2. 4 Таңқурайды өсіріп, өнім алу..........................................................13
ІІІ. Қорытынды ......................................................................................19
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.............................................................20
Кіріспе
Тақырып өзектілігі: Жер бетінде шипалық қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Тіпті осыдан 3 мың жыл бұрын кейбір шығыс елдерінде қазіргі қолданылып жүрген дәрілік өсімдіктердің бірсыпырасы белгілі болған.
Ертедегі грек дәрігері Гиппократ өсімдіктің қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.
Жаз мезгілі иммунитетті жоғарылатып, дәрумендерді молынан пайдаланатын науқан. Бұл кезеңде дәрумендерге бай жеміс-жидектердің піседі. Сондықтан ас мәзіріне жеміс-жидектерді енгізіп, күнделікті пайдаланған жөн.
Табиғатта кездесетін өсімдіктердің кейбіреуі таптырмас ем ретінде қолданылса, кейбіреуі улы болып келеді. Сондықтан, табиғаттың заңына бағына отырып, өсімдіктерді өз пайдаңызға жаратқан жөн. Әрбір үйдің бақшасында кездесетін таңқурайдың дәмі тәтті әрі тосап қайнатуға болатынын көбісіміз білеміз, ал денсаулыққа келтірер пайдасы жайлы хабарыңыз бар ма?!
Нәзік хош иісті таңқурай өсімдігінің құрамында адам ағзасы үшін пайдалы заттар өте көп, атап айтқанда: аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, илік заттар,С, А, В топ дәрумендері.
Таңқурайдан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, несеп жүргізуге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Гемоглобин мөлшерін арттыру, қан тоқтату, суық тигенде дене қызуын басуға, іш тоқтатуға, қаназдыққа, жүйке ауруларына, бронхитке, жөтелге қарсы қолданады. Таңқурай жемісін табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде пайдаланады. Әсіресе тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.
Бұқара халық таңқурайды жақсы көреді және тіл үйірер дәмі мен нәзіктігін, хош иісін ерекше бағалайды. Осындай құрметтің арқасында "жидектердің патшасы" деген атаққа ие болып отыр. Ол үй іргесіндегі аумақтарда, ұжымдық бақшаларда өсуге жақсы бейімделген. Сұраныс бойынша, бүлдірген мен қарақаттан кейінгі үшінші орында тұр.
Мақсаты: Таңқурай жемісінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. таңқурайдан дайындалатын сусындар мен ем-домдардың жасалу жолдарына зерттеп танып-білу.
Міндеттері:
Таңқурайдың шығу тарихын анықтау;
- Таңқурай мен оның сұрыптарына сипаттама жасау;
- Таңқурайдың адам ағзасына пайдасын анықтау;
- Таңқурайды өсіріп, өнім алу жолдарын көрсету.
ІІ Негізгі бөлім
2. 1 Таңқурайдың шығу тарихы
Археологиялық деректер үңгірді мекен еткен ежелгі адамдардың таңқурайды қорек еткендігін көрсетеді. Паладий олардың б.з.д. ІV ғасырларда болғандығын жазып кеткен. Грек мифологиясына сүйенер болсақ, таңқурайдың бастапқы түсінің ақ болғандығын байқаймыз. Күндердің-күнінде Юпитер Құдай қаһарына мініп, айналасындағыларды әбігерге салады. Не істерін білмеген нимфа Ида таңқурайды теріп әкеліп, ашуын басуды ойға алады. Асығып-үсігіп жүрген Ида оның сабақтарындағы тікендерге саусағын тіліп алады да, қанның қызыл түсі ақ таңқурайды бояп тастайды. Осылайша, таңқурай мәңгілік қызыл болып қалған деген аңыздар бар.
Батыс Еуропада жидек туралы деректер тек ХV ғасырларда ғана кездессе, Америкада ХVІІІ ғасырлара ауызға алынады.
Таңқурай Ресейдің еуропалық бөлігінде, Сібірдің біршама аумағында, Қазақстан және Қырғызстан тауларында, Оралдың барлық жерінде өседі. Ақ түсті гүлдері мамыр айының соңы мен маусым айының басында гүлдеп, үш-төрт апта бойы жайқалып тұрады. Тарихи деректерге қарағанда алғашқы таңқурай бағы 17 ғасырда Москваның негізін салушы Юрий Долгорукий княздың айтуымен жасалған.
Таңқурайдың бірнеше сорты бар және оның түстері де әртүрлі болып келеді. Қара, күлгін, қызыл, алқызыл, ақ, кәріптас түсті жидектерді өзіңіз де көрген боларсыз. Жинау уақыты да біркелкі емес, бәрі де сортқа байланысты. Көктемнің соңынан күздің соңына дейін жеп үлгеріп қалуыңызға мүмкіндік бар.
Славян халықтары таңқурайды мейірімділіктің нышаны деп санайды. Жидектің қызыл шырыны мейірімділіктің бастауы болатын жүрек жұмысын жақсартатын көрінеді. Ал Филиппин жерінде таңқурай сабақтарын үйдің сыртқы қабырғасына іліп қояды. Бұған себеп болған оның сабақтары теріс күштерден қорғайды деген сенім екен. Германияда оларды аттарды жусату үшін пайдаланған (шамасы оны дуаланған жидек деп ойлаған болуы керек). Сабақтарын аттың денесіне байласа, атты тыныштандырған. Кейбір халықтарда түлкінің терісінің түсі осы таңқурайды көп жегендігінен деген түсінік бар. Және аю да біздің сүйікті жемісімізге ғашық деседі.
2. 2 Таңқурайға сипаттама және оның сұрыптары
Таңқурайды халық тамаша дәмі мен жемісінің нәзік, тәтті хош исі үшін жақсы көреді әрі ерекше бағалайды. Оның гүлдері ақ, болар-болмас сезілетін жағымды хош иісті болып келеді. Жапырақшаларында гүл тостағаншасының жеке жапырағы шамалы ғана, көптеген аталық және аналық сабақтардан тұрады. Таңқурайдың жаппай гүлдеуі мамырдың аяғы мен маусымның басына қарай (көктемнің шығуы мен жидектің өнген ортасына байланысты) басталады және бұл науқан екіүш аптаға созылады. Таңқурайдың жемістері ауа райына байланысты әртүрлі уақыттарда піседі.
Біздің елімізде негізінен таңқурайдың қызылжемісті сорты көп тараған. Олардың арасында маусым кезінде 2 мәрте – жазда және күзде жеміс беретін ремонтантты сорттар да бар. Сондайақ, соңғы жылдары қаражемісті «Кумберленд» таңқурайы мен сарыжемісті таңқурайды өсіретіндер де көбейе бастады.
Таңқурай жартылай бұталы көпжылдық өсімдік болып есептеледі. Жабайы түрде азғана болса да келең-келі жерлерде жақсы өседі. Таңқурай - раушангүлділер тұқымдасының бір түрі. Биіктігі 1-3 м, сабағы тікенді, жапырағы қалың, атпа тамырлы, көп жылдық шала бұта. Жемісі сүйекті, түсі қызыл, сары. Жемісінің құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар, С, А, В витаминдері, хош иісті заттар бар. Жемісін жеуге және тосап, шырынсу, шырын, шарап, т.б. дайындауға пайдаланады. Таңқурайдың бұталары алғашында шөптесін болып, кейіннен бұтаққа айналады. Жапырағы күрделі пішінді, жиегі аратісті, үстіңгі беті қою жасыл, ішкі жағы ақ түсті. Гүлдері ақ немесе ашық қызғылт болады. Гүлі 5 күлтелі, аздаған гүлшоқтар болып жеке-жеке өседі. Гүлдеуі маусымнан күзге дейін жалғасады. Сондықтан пісу мерзіміне қарай, өнімін жинау бірнеше айға созылады. Жидегі өте нәзік, күлгін-қызғылт түсті. Дәмі тәтті, аздаған қышқылдығы бар. Таңқурай ұсақ сүйекшелерден құралған бірнеше дәндердің бірігуінен тұрады. Жабайы түрінде бұл дәндер бір-бірінен оңай ажыратылып алынады. Ал, екпе түрлерінде сүйекшелері бірігіп кеткен тәрізді болып көрінеді. Жалпы пісу кезеңі шілде, тамыз айлары. Нәзік хош иісті. Табиғатта таңқурай аралас ормандарда, қылқанжапырақты ағаштар арасында жақсы өседі. Өзен аңғарларында, бұталардың арасында, көлеңкелі, ылғалды жерлерде кездеседі.
Таңқурайдың адам ағзасына келтірер пайдасы:
Құрамында адам ағзасына пайдалы аскорбин қышқылы, глюкоза, органикалық қышқылдар, спирттер, кетондар, ақуыздар, пектиндер, азот қоспалары, А, С, В топ дәрумендері көп.
Таңқурай қайнатпасы дене қызуын түсіреді.
Гемоглабин мөлшерін арттырады.
Қан аздықтың алдын алады.
Жүйке ауруларына пайдалы.
Бронхитке, жөтелге қарсы қолданылады.
Таңқурайды тибет медицинасының ажырамас бөлігі десе де болады. Аталмыш медицинада оның жемісін, жапырағын, тіпті сабағын да қолданады екен. Таңқурайдан тосап, джем, шырын жасайды, кондитерлік өнімдерге қосады.
Таңқурайдың шипалық қасиеттері халқымыздың денінің сау болуына оң әсерін тигізері хақ.
Сорттарды іріктеп алу. Әрбір аудап үшін стандартты сортты өсіру қажет. Өсіруге лайықты аса маңызды сорттар төменде келтіріледі. Қызылорда, Шымкент және Жамбыл облыстары үшін - Мальборо, Усанка, Новость Кузьмина, Қутберт.
Алматы және Талдықорған облыстары үшін Мальборо, Новость Кузьмина, Усанка, Орлеанская красавица, Феникс, Кутберг, Солтүстік-Шығыс, Солтүстік, Орталық және Батыс Қазақстан облыстары үшін - Мальборо, Новость Кузьмина, Усанка, Вислуха, Кримзон Маммут, Грачевка № 1 және № 2.
Аса маңызды сорттарға қысқаша сипаттама.
Мальборо. Таңкурайдың өте көп тараған сорттарының бірі. Бұтасы тік өседі, тұқырта байлауды керек етпейді, мол өнім береді. Жидегінің дәні ірі, түсі қызыл, тығыз болып келеді, тасымалға мейлінше қолайлы. Дәмі түщылау болады. Жидегі өңдеуге және жас күйінде пайдалануға жарамды келеді.
Усанка. Таңқурайдың өте көп тараған және жұртқа жақсы мәлім болған сортының бірі. Қысқа төзімді, өнімділігімен көзге түседі. Жидегінің түсі алқызыл, шырынды, ірі, дәмді келеді, десерттік және техникалық сорт деп есептеледі.
Вислуха. Сібірде көп тараған. Суыққа мейлінше төзімді, мол өнімді келеді. Бұтасы биік болып жақсы өседі, бұған хлорозм түспейді. Жидегі орташа, алқызыл түсті келеді, дәмі тәтті болады. Жас күйінде пайдалануға болады, сонымен қатар өңдеуге де жарамды.
Феникс. Алматы облысында өсірілетін суыққа төзімді сорт. Бұтасы орташа, жеміс салатын бұтақшалары қызыл қоңыр, тегіс, үстін балауыз жапқан. Қылтанақтары өте сирек, бұтақшаның орта шеніне дейін ғапа шыққан жіңішке.
Жидектерінің түсі қызыл қоңыр, домалақ, сүйектері орташа, жұмсағы берік. Жұмсағының дәмі жақсы, онда 3,0% кант, 1,20% қышқыл, 20,1 мг% витамині бар. Жидегінің орташа салмағы 2,0 г. Жидегі жас күйінде жеуге де, өңдеуге де жарамды.
Новость Кузьмина. Соңғы кездегі ең көп тараған, өнімді мол беретіндігі, суыққа төзімділігі және жидегінің жақсы сапасы үшін қатты бағаланады.
Бұтасы биік тұрады. Бұтақшаларының төменгі жағындағы қылтанақтары өте жиі, жоғарылаған сайын ұсақталып, өте сиреп кетеді. Жемісті бұтақшалардың орта жеріндегі ұзын гүл сидамына салады.
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!