Word. Пиязды? адам а?засына пайдасы ?ылыми жоба 25 бет


Пияздың адам ағзасына пайдасы ғылыми жоба
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе …..............................................................................................3

ІІ. Негізгі бөлім

2. Пияз көкөнісіне сипаттама жне оның адам ағзасына пайдасы
2. 1 Пияз көкөнісіне сипаттама ............................................................5
2. 2 Пияздың сұрыптары ......................................................................7
2. 3 Пияздың химиялық құрамы ........................................................11
2. 4. Пияздың адам ағзасына пайдасы................................................13
2. 5 Пиязбен жасалатын тағамдар ......................................................15
2. 6 Пияз және жуамен емдеу .............................................................. 18
2. 7 Пиязбен емдеу рецептері ...............................................................21
ІІІ. Қорытынды ......................................................................................24
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер............................................................25
Кіріспе

Еліміздің әлеуметтің дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартып, жоғарғы деңгейге жеткізудің бағдарламасы ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрінің өнімін көбейтіп, сапасын жақсарту шараларын белгілеп берді.
Осымен бірге мемлекетіміздің ұзақ мерзімге ұсынған азық-түлік бағдарламасында аграрлық өнеркәсіптік комплекстерді жан-жақты дамытып, көкөніс шаруашылығын индустрияландырудың негізінде еңбектің өнімділігін арттыруға баса назар аударылып отыр.
Ф.Х.Бахтиевтің мәліметтері бойынша адамзат тағамына пайдаланылатын екпе өсімдіктердің жалпы түрі 190-ға жеткен. Осылардың ішінде жүзден астамы көкөніс дақылдары, ал біздің елде қазір 50-ден астамы тағамға, ем-дәріге өсіріледі. Сондықтанда табиғи байлықтың қоры көкөніс дақылдардан тұрады.
Біздің халқымыз «Көкөністер дастарқанның – сәнің, тағамның – дәмін келтіреді» дейді. Атақты ғалым Гипократ: «Біздің емдік дәріміз – біздің тағамымыз, ал біздің тағамымыз – емдік шипалық дәрі», - деген екен. Көкөністер – адам ағзасында алуан түрлі дәрілердің, витаминдердің, микроэлементтердің, минералды тұздардың, басқа тағамдарда кездеспейтін органикалық қышқылдардың хош иісті майлардың қайнар көзі. Бұларды тағамға пайдаланбаған адамның ішкі ағзасындағы белгілі физиологиялық құбылыстардың нашарлап төмендеуі байқалады.
Халық медицинасында пайдаланылатын көкөніс өнімдерін емдік- шипалық қасиеттерін қазақ тілінде сипаттап жазуға көп көңіл бөлінбеген. Ауыл шаруашылығы үшін маңызды мәселенің бірі – тек өнімдерді өндіру ғана емес, сол өндірілген өнімдерді өңдеу, сақтау, яғни халықты осы сала өнімдерін пайдаланумен жыл бойы қамтамасыз ету.
Осы тұрғысында «ас адамның арқауы» демекші, күнделікті дәрумендер мен ақуыздарға бай құндылығы жоғары тағамдармен тамақтану, адамның түрлі ауыруларға қарсы иммунитеттік қабілетін жоғарылатып, қоршаған ортаның ластануы әсерінен зиянды қалдықтардың адам ағзасына жинақталуының алдын алмақ. Бірақта, күнделікті адам өміріне қажетті дәрумендерге бай құндылығы жоғары тағамдармен тамақтануына қоғамдағы кез келген адамның мүмкіндігі жете бермейді. Күнделікті қолданыстағы тағамдар: ет, сүт және дәнді дақылдардан дайындалатын өнімдердің барлығында дерлік құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендер бола бермейді.
Біздің күнделікті ішіп-жейтін тағамдарымызда пияз бен жуа кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде тағамды пиязсыз елестету мүмкін емес. Алайда оны ұнататындардың саны да бұл ғаламда көп емес шығар. Ұнамайды екен деп дәрумендердің қоймасы, табиғи антибиотик  болып табылатын пиязды мүлдем жемей қоюға да болмайды.
Түрлі салаттардың дәмін келтіріп, көрікті етіп көрсету үшін де өте қажет. Халық медицинасында пияз бен жуа адамдар мен малдарды емдеуге де пайдаланылады. Әрі олардың құрамында қажетті дәрумендер де бар. Пияз бен жуаны саяжайда, үйде де өсіруге болады. Әйтеуір, пияз бен жуа біздің тұрмысымызда қажетті өсімдік. Сондықтан да біздің бүгінгі зерттеуіміз осы көкөністің сан-қырлы құпияларын ашуға арналады.
Мақсаты: Пияздың өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Пиязды тұрмыста пайдалану және оның емдік қасиеттерін ашып көрсету.
Міндеттері:
- пияз көкөнісіне сипаттама жасау;
- пияздың сұрыптары және оның химиялық құрамын айқындау;
- пияздың адам ағзасына пайдасын және емдік қасиеттерін анықтау;
Пияздан жасалатын тағамдардың жасалу жолдарын таныту.

Негізгі бөлім
2. Пияз көкөнісіне сипаттама және оның адам ағзасына пайдасы
2. 1 Пияз көкөнісіне сипаттама
Пияз (Allіum cepa) — жуа туысының ең көп тараған түрі, 2 жылдық шөптесін, түйнекті өсімдік.
Көзден жас ағызатын пияздың тағам дәмін кіргізумен қатар емдік қасиеті де бар екенін көпшілік біле бермейді. Пияздың шыққан жері – Жерорта теңіз елдері: Қиыр Шығыс, Орталық Азия және Ауғанстан. Бірте-бірте Мысыр, Греция елдеріне жетіп, басқа елдерге тарай бастаған. Қай жерде болмасын, кез келген заманда пиязды ғажайып пайдалы өсімдік ретінде қабылдаған.
Ертеде римдіктер мен гректер пиязды жауынгерлерге күш және батылдық беретін әрі жарақатты жазатын шипалы, қасиеті күшті өсімдік ретінде берген. Олар пияздың бір түріне жеңімпаз деп ат берген. Қиыр Шығыс пен Сібір елдерін аралаған жиһанкездер пиязбен қырқұлақ (цинга) ауруын емдеген.
Тікелей тамырынан өсіп шығады, көп жылдық шөп тектес. Оның түбір түйнегі домалақ, сыртында қызыл немесе сары екі қабат қабығы бар. Иісі – өткір, дәмі – ащы. Шілде – тамыз айында гүлдеп, түбір түйнегі қыркүйек – қазан айларында қазып алынады.
Пияз өсіріп алынатын бадана тегіс, ұзын немесе домалақ пішінде болады, қысқа сабақтан және оған тығыз, біріне-бірі қысыла орналасқан етті қабыршақтан тұрады. Қабыршақтың жоғары бөлігі жұқа, жалған сабақ құрайды. Сыртқы қабыршақтары бірте-бірте өледі де, жамылғыға айналады. Олар сары, қоңыр, қызғылт-көгілдір, ал кейде ақ түсті болады. Пияздың жапырақтары етті қабыршақтың жалғасы сияқты. Олар түтікті, үшкірленген, ұз. 20-50 см, 18-20oС-та жақсы өседі. Гүл шоғыры — шар тәрізді шатырша, гүлдері қос жынысты. Тұқымы — қарашық, ұсақ (1000 данасының салм. 3,5-4,0 г), қара, пирамида пішіндес, 2-4oС-та өне бастайды. Тығыз және ұзақ бөртетін қабықты болғандықтан тұқымы өте баяу өнеді. Құнарлы, қарашірігі мол, қышқыл емес, қоректік заттарға бай, арамшөптерден тазартылған топырақта жақсы өседі. Қазылып алынған бадананың аязға төзімділігі кемиді, толық піскендері 3оС суыққа шыдай алады. Үсікке пияздың ащы сорттары төзімдірек келеді. Бадананың құрамында (сортына қарай) 2,4-14% қант, 2-13,9 мг% С витамині, 18% құрғақ зат, 2%-дың шамасында белок, эфир майы; жапырағында — 25-47,7 мг% С витамині және 1,3-5,9% А провитамині бар.
Құрамындағы эфир майының мөлшеріне, дәмінің ащылығына қарай пияздың сорттарын 3 топқа — ащы, жартылай ащы және тәтті деп бөледі. Ащы сорттарында құрғақ заттың, қанттың және эфир майының мөлшері көбірек болады. Пиязды ауыспалы егісте көкөніс және егіс танабынан кейін отырғызып, жапырақтары сарғайған кезде жинайды. Шабындықта және жайылымдарда пияз отырғызбаған абзал, өйткені пияз мал сүтінің дәмін өзгертіп, жағымсыз дәм береді.
Пияз ежелден бағалы дәрілік өсімдік деп саналған. Ол ас қорытуды жақсартады, асқазан шырынының бөлінуін күшейтеді. Пиязға эфир майы ерекше иіс береді. Одан басқа пияз бен сарымсақта фитонцид бар, ол ауру қоздыратын бактериялардың өсуін тежейтін ұшпа зат.
Пияздың жыл сайын тамырланып өсе беретін көпжылдық түрлері де бар, олардың жер бетіндегі бөлігі тамаққа пайдаланылады. Тамыры ірі, қалың, шашыраңқы, түйнек түбінен өседі. Түйнегі үлкен, етті, сопақша және шар пішінді. Түйнегінің қабығы сары, қызыл-қоңырқай түсті. Қабығының астында ақ, шырынды, ерекше иісті қабаттар кезектесіп орналасқан. Пияз бір маусымда жеуге жарамды болып өседі. Тұқымын алу үшін пиязды (тамыр сабағын) көктемде қайта егеді. Одан 2-жылы ұзын гүл сидам өсіп шығып, гүлдейді. Күзге қарай тұқымын жинап алады. Пияздың құрамында көмірсулар, гликозид, сапонин, кальций оксалаты және басқа элементтер бар.
Пияз иісі бірден білінетін күкірті бар компоненттерге бай. Сондай, компоненттердің бірі – инсулиннің секрециясын көбейтетін аллил пропил дисульфид (APDS). Бұл жағдайда ағзадағы инсулиннің көлемі артады.Бұл әсіресе, жаттығудан шыққан соң тіскебасуға өте пайдалы. Егер пиязды протеин іріткісінен, көмірсу және креатиннен дайындалған коктейльмен араластырса, ағзадағы пайдалы заттардың артуына көмектеседі. Салатқа арналған пияз да алма секілді өте тәтті. Әрбір спорттық жаттығуға барған сайын бір бума пиязды алып кетуге тырысыңыз.Егер жаттығудан соң, асүйге баратын уақытыңыз болса, жұмыртқаның ағы мен пияз және томатты араластырып омлет дайындасаңыз болады. Пиязда кверцетин өте көп саналады.
Дене шынықтырудан соң кішкентай пияз жеуге дағдыланған жөн.
2. 2 Пияздың сұрыптары
Жалпы, пияздың аю пиязы немесе жабайы пияз, жеңіс пиязы деген түрлері бар. Аю пиязы бізде кездеспейді, жеңіс пиязы (черемга) Орал, Ақтөбе өңірінде өсіріледі. Дәміне қарай пияз: ащы пияз, жартылай ащы пияз, тәтті пияз деп бөлінеді. Аспаздар мен мамандар пиязды: басты пияз (қатпарлы), батун – пияз, корей – пияз, шнитт – пияз, шалот – пияз деп және тағы да басқа атаулармен сорттап жатады.
Ең кең тарағаны — басты пияз, оның түйнегі мен жапырақты сабағы болады. Түйнекте белок, клетка қабығы және минералды тұздар болады. Басты пияздың сорттары ащы, жартылай ащы және тәтті болып бөлінеді. Пияздағы ащы дәм оның құрамында болатын эфир майынан. Пияздағы С витаминінің көлемі 10 мг%. Ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлаққа қарсы қасиеттері бар. Жартылай ащы және ащы пияздарды көбінесе орталық белдеуде және солтүстікте өсіреді. Басты пияздың ең жақсы ащы сорттарының қатарына: Бессоновский, Ростовский, Кубастый, Ростовский репчатый, Арзамасский, Стригуновский, Мстерский, Тимирязевский пияздары, жартылай ащы сорттарына — Цитауский, Қаратал, Луганский пияздары жатады. Пияздың тәтті және жартылай ащы сорттарын (Испанский, Каба және басқа) пиязда көбінесе еліміздің оңтүстігінде өсіреді, өйткені орталық белдеуде, сондай-ақ солтүстікте олар пісіп үлгірмейді. Тәтті пияздар жартылай ащы және ащы пияздарға қарағанда нашар сақталады. Пиязды күзде ауа-райы құрғақ кезде сабақтары қурай бастағанда жинайды. Оны сәл қысқалау етіп сабағын қалдыра кеседі. Толық телегей пиязды құрғақ, жылы жерде кептіреді. Пиязды 0°С-ден 3°С-ге дейінгі температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70-75% жерде сақтаған жөн. Пияздың ащы сорттары кез келген құрғақ әрі салқын жерде, тіпті, әдеттегі үй жағдайында да қыс бойы, жаңа өнімді жинағанша, жақсы сақталады, тек оны сақтаудың алдында жақсылап кептіру керек. Пиязды кеуіп кетуден және бүлінуден сақтайтын құрғақ қабығы болады. Құрғақ қабық қалың әрі тығыз болса, пияз соғұрлым жақсы сақталады. Баста пиязды асқа көк күйінде де, қайнатылған, қуырылған, консервіленген, кептірілген күйлерінде де пайдалана береді. Пияз турағанда көзден жас аңпау үшін пышақты салқын сумен шайып отыру керек.
Басты пияздың немесе көпжылдық пияздар — батун-пияз, шнитт-пияздың сабағы көк пиязда кеңінен пайдаланылады. Басты пияздың көк сабақ алынатын ең жақсы сорттары — Арзамасский, Бессоновский, Спасский пияздары.
Домалақ басты пияз

Домалақ басты пияз табиғи антибиотик болып табылады. Ол зат алмасуын жылдамдатып, ас қорытуды жақсартуға, артериялық қысымды қалпына келтіруге және потенцияны көтеруге де қабілетті. Пияз шырыны тұмау, сарп, ұйқысыздық сынды ауруларға қарсы тұрады. Пияз тек қана дәрумендерге емес, ұлпалар мен органдарға белсенді әсер ететін эфир майларына, сонымен қатар жүректі ынталандыратын калийге, қан жасалуына көмектесетін темірге, адамға қажетті сирек элементтер – марганец, мыс, кобальт және молибденге бай.
Сопақ басты пияз

Сопақ басты пияз жасыл пиязға қарағанда жұмсақ, әрі тәттірек дәмі болады. Ол калийге өте бай. Соның салдарынан несеп тас ауруы, тұз байлану ауруларына бірден-бір ем. А, С, В1 және В2, РР дәрумендеріне бай.
Көк пияз

Көк пияз негізінен кәдімгі пияздың өсінділері. Пияздың көгі – С және В1 дәруменінің ең бай көзі болып табылады. Кез келген пияздың құрамындағы хлорофилл тағамның қорытылуына жақсы әсер етеді. Бірақ жақсы
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!

Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!