Word. ?ара?атты? адам а?засына пайдасы ?ылыми жоба 24 бет
Қарақаттың адам ағзасына пайдасы
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе …..............................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Қарақаттың шығу тарихы ..........................................................5
2. 2 Қара қарақатқа сипаттама ........................................................7
2. 3 Қарақаттың сұрыптары ..............................................................9
2. 4 Қарақаттың емдік қасиеттері мен
адам ағзасына пайдасы ...............................................................11
2. 5 Қарақатты өсіріп, одан өнім алу ..............................................16
ІІІ. Қорытынды ...................................................................................22
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................24
Кіріспе
Мыңдаған жылдар бұрын, жеміс және жидек өсімдіктерінің мәдени сұрыптары болмағанда, адамдар табиғатта өскен өсімдіктердің жемістері мен жидектерін пайдаланған. Бұл өсімдіктер жер шарының әр тұсында өседі. Табиғи жағдайдың өзгеруінің әсерімен олар жаңа қасиеттер мен белгілеріне ие бола отырып, жеміс және жидек өсімдіктерінің жаңа түрлеріне және формаларына айналады. Мұндай өсімдіктердің көптеген түрлері мен формалары қазіргі кездің өзінде Еуропада, Азияда және әлемнің басқада елдерінде өсуде.
Табиғатта жабайы өсітін өсімдіктердің халық шаруашылығындағы мәні өте зор; олар тамақ өнеркәсібіне шикізат, ағаш өңдейтін, тоқыма, лак-бояу өнеркәсібіне материалдар береді, өнімді сұрыптарды шығару үшін алғашқы формалары ретінде жиі қолданылуда; телітушілерді өсіруге қажетті жеміс өсімдіктерін алуға жарамды қөз болып табылады.
Бүгін біз тасжарғандар тұқымдасына жататын, көптеген бау-бақшаларда кездесетін, бірақ соншалық танып біле бермеген жеміс жидекке зерттеу жасаймыз. Бұл тағамдық, шипалық және өсімдік сапасы жағынан өте жоғары бағаланатын – қарақат. Бұл туыстың 150 түрі бар. ТМД – да 36 түрі кездеседі. Жабайы түрлерінің көбінің жемістері өте дәмді келеді, сондықтан олардың қазіргі мәдени сорттары шыққан. Барлық жабайы түрлері тамыр атпаларын беретін бұталар. Қазақстанда 11 түрі өседі, олардың ішінде тас қарақаты деген түрінен басқасының тағамдық қасиеті бар. Табиғи жағдайда ылғал топырақты жерде өседі. Жидегінде, бүршігінде, жапырағында, гүлінде С, В, Р витаминдері және А провитамині көп болады. Сонымен қатар жидегінде қант, лимон, алма қышқылдары, пектин, илік заты және бояу бар, бүршігінде және жапырағында эфир майы болады. Халық медицинасында қарақат қаназдыққа, асқазан бұзылғанда, бүйрек ауырғанда, атеросклероз бен гипертония ауруларына қолданады.Қарақат жапырақтарының тұндырмасын ауыз шаюға, баспа ауруына, жөтелге, асқазан бұзылғанда, ал гүлдер мен жапырақтарынан істелген қайнатпаны безгекке, безеулерге қарсы пайдаланады. Жидектің бал қосқан қайнатпасымен қызылшаны емдейді. Сондықтан, қазіргі таңда қарақат өсімдігін емдік мәселелер пайдалану өзекті мәселе болып отыр.
Мақсаты: Қарақат жемісінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Қарақаттан дайындалатын сусындар мен тосаптардың жасалу жолдарына зерттеп танып-білу.
Міндеттері:
- Қарақаттың шығу тарихын айқындау;
- Қара қарақатқа сипаттама беру;
- Қарақаттың сұрыптарына зерттеу жасау;
- Қарақаттың емдік қасиеттері мен адам ағзасына пайдасын анықтау;
- Қарақатты өсіріп, одан өнім алу жолдарын айқындау.
Негізгі бөлім
2. 1 Қарақаттың шығу тарихы
Күнделікті тұрмыста жиі пайдаланылатын көкөністер мен жемістердің пайдасы мен зияны, тарихы мен шығу тегі туралы әңгімелеуді жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз – қарақат болмақшы.
Бала кезіңізде жемістері өте ұсақ, дөңгелек келетін жидектерді көріп: "Әке, мынау не нәрсе?" деп сұрағаныңыз есіңізде ме? Сонда әкеңіз: "Балам, бұл "қара қарақат" деп жауап беріп еді ғой. Аң-таң болдыңыз да: "Неге оның түсі қызыл?" -дедіңіз. Естіген жауабыңыз:"Бұл әлі піспегендіктен қызыл болып тұр..."
Көпшілігіміздің қара қарақат туралы ең алғашқы ұғымымыз осылайша қалыптасты. Бүгін танымымызды арттыру мақсатында қарақаттың қасиеттерін толық ашуға тырысып көрелік. Дәстүр бойынша, ең алдымен тарих беттерін парақтайтын боламыз.
Қарақат өсірудің тарихы орта ғасырлардан бастау алады. Бұлай дейтініміз, жидек қалдықтары ХІ ғасырға жататын ескі қалалар мен қоныстардан табылып отыр. Тіпті, Мәскеуде Смородиновка (қарақаттың орысшасы) аталатын өзен болған. Бертін келе, яғни XV — XVII ғасыр саяхатшылары мен ғалымдары өз еңбектерінде қарақатты бірнеше рет атайды. Бұл жидек мәдениетінің қарқынды дами бастаған тұсы десек қате емес. Жазбаларға қарағанда, сол кездегі қарақаттың бүгінгіден айтарлықтай айырмашылығы болмаған. XVII ғасырдың соңына қарай Италия, Франция жерлерінде қарақатқа дәрілік өсімдік ретінде назар аударыла бастады. Батыс Еуропа, әсіресе Англия мемлекеті, АҚШ және Канада елдері де қарақатты өсіру, игеру жұмыстарына етене кірісті.
Қазіргі таңда әлемнің көптеген дамыған елдерінде қарақат өсіру кәсібі қарқынды түрде жүруде. Көбінесе орманды дала, өзен-көл жағалаулары мен тау беткейлерінде, ылғалды жерлердің көбінде тамыр жайып, жемістене береді. Негізінде қарақат қой қарақат, аю қарақат деп екі түрге бөлінеді. Қолдан өсірілетін қарақат сорттары осы жабайы қарақаттан шығарылған. Біздің елімізде Жалпы сырт қыратында, Ертіс, Есіл, Тобыл өзендерінің бойында, Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Қарқаралы, Жоңғар Алатаулары мен Мұғаджар төңірегінде өседі. Және Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсірілетін 11 түрі бар.
2. 2 Қара қарақатқа сипаттама
ҚАРА ҚАРАҚАТ (Тасжарғандар тұқымдасы) Шығыс және Орталық Қазақстанның орманды дала және таулы аудандарындағы едәуір танымал бұта. Батыста ол Орал өзенінің бассейніне дейін тараған, ал оңтүстік-шығыста Жоңғар Алатауына дейін тараған. Алдыңғы түр сияқты, ылғалды жерді жақсы көреді, өзен жағалауында, сазды жерлердің жиегінде, ылғалды ормандарда өседі. Бұл түрдің бұтақтары түзу, биіктігі 1,5 метрге дейін, жас бұтақтар алғашқыда бозарып тұрады, жаздың аяғында қоңыр түске ауысады. Жапырағы саусақ салалы, ұзын. Қара қарақатқа тән бір ерекшелік жапырағы мен жас бұтақтарының төменгі жағында болатын сары бездің болуы, өсімдікке хош иіс береді. Гүлдері күлгіндеу немесе жасылдау, сирек шашақты, әр шашағында бестен шоғырланған. Қарақат мамыр, маусым айларында гүлдейді, шыбынның көмегімен тозаңданады. Қолайсыз жағдайларда да өзі тозаңданады, бұл жиі болып тұрады (бір гүлдің ішінде). Жемісі хош иісті, қара немесе қошқыл. Көптеген ұсақ тұқымды жидек шілде тамыз айларында пісіп жетіледі. Тұқымын құстар таратады. Қара қарақат көпшілікке жабайы күйінде де мәдени түрде де белгілі. Жалпы алғанда Қазақстанның барлық ай-мағында өсіріледі. Бірақ жабайы қарақат жоғары бағаланады. Себебі қантты витаминге бай тағам ретінде және емдік мақсатта, көкөністерді консервілеуде жапырағы хош иіс беруге кеңінен қолданады.
Қара қарақаттың құрамында 85% су, 1% ақуыз, 8% көмірсулар, 3% өзек, органикалық қышқылдар, К, Е, В, В2, РР, С, А дәрумендері, каротин, калий, кальций, магний, фосфор және темір микроэлементтері бар. Сонымен қатар глюкоза мен фруктозаға бай. Қарақаттың жапырағында, бүршігінде, жидегінде аскорбин қышқылы өте мол.Диабетпен ауыратын адамдарға қара қарақаттың жаңа шыққан жапырақтарынан салат жасап немесе бұқтырып шай ішкен пайдалы. Қара қарақаттан жасалған қайнатпа суық тигенде дене қызуын басуға, бронхитті, жөтелді емдеуде пайдасы мол. Сонымен қатар адам ағзасын ауыр металдардан, токсиндер мен шлактардан тазартады. Қара қарақат жемісін табиғи қалпында жеген пайдалы. Кептірілген қара қарақаттан қайнатпа жасап, қыста тұмау кезінде ішеді. Медицинада жапырағы, жемісі және сабағы қолданылады. Сонымен қатар қара қарақаттан тосап, сусын, шырын алады. Кондитерлік өнімдер жасағанда пайдаланады. Көкөністер мен саңырауқұлақтарды тұздағанда жағымды иіс пен дәм беру үшін қара қарақаттың жапырақтарын қосады.
Ғалымдар адам ағзасына ең пайдалы жемістің бірі ретінде – дәрумендерге және денсаулыққа қажетті, өзге де заттарға өте бай қара қарақат болып шықты. Ғалымдардың айтуынша, қара қарақат жеген адам оба дертімен, сусамырмен және жүрек-қан тамыр ауруларымен сырқаттанбайды екен. Ол адам ағзасын ерте қартаюдан сақтап қана қоймай, сонымен қатар, көз жанарының өткірлігін, яғни, адамның көру қабілетін сақтауға көмектеседі. Ең қызығы, ғалымдар қара қарақаттың адам ағзасына аса пайдалы антиоксиданттарға да бай екенін анықтап білді.
2. 3 Қарақаттың сұрыптары
Сорттарды іріктеп алу. Қарақаттың бірнеше мың сорты бар, бірақ Қазақстан жағдайында өсіруге бұлардың ішінде біраз сорттары ұсынылады.
Чемпион ПриморьяЛия плодороднаяНеаполитанскаяКрасный КрестАлтайская краснаяУзбекистанская крупноплоднаяҚара қарақатҚызыл қарақатТау қарақатыТасқарақатБиік қарақатҚоңыр – қызыл тау қарақаты
Қарақат. Боскопский великан. Қазақстанда көптеген облыстарына кеңінен тараған. Бұтасының түбі орташа, сапалы келеді. Тамырға жалғас шыбықшалары аз болады. Жеміс сабақтары ұзын келеді, дара-дара еседі. Жидегі ірі, өте дәмді, сапалы болады. Аса пісіп кетсе біраз бөліп түсіп қалады. Жемісінің пісу мөлшері орташа. Өнімі жақсы келеді. Жидегін өңдеу үшін пайдаланады және жаңа піскен күйінде жинаған кезде де қолданылады.
Чемпион Приморья. Бұтасы қуатты, салалығы орташа болады. Сабақтары орташа немесе ұзын болып өседі. Жидегінің ірілігі орташа, ерте піседі. Өнімі өте жақсы болады. Қысқа төзімді. Өңдеу үшін және жиналған кезде де пайдаланылады.
Лия плодородная. Бұл өте көп тараған сорттың бірі. Мұның ерекшелігі - қысқа төзімді, мол өнімді келеді, бұтасының көлемі орташа, салалы болады. Сабағы ұзынша немесе орташа келеді. Жидегінің ірілігі орташа, пісу мезгілі де сондай. Піскен кезде жемісі бұтадан туспей берік тұра береді. Бұл асханалық және техникалық сорт болып есептеледі.
Неаполитанская. Мол өнімді, суыққа төзімді, бұтасының көлемі орташа болады, алғашқы жылдарда тік өседі, соңынан мейлінше салалы болып жан-жаққа тарайды. Сабағы да, жидегініқ ірілігі де орташа, кейде ірі де болады. Кешігіңкіреп барып піседі. Жидегі жас күйінде және өңдеу үшін де пайдаланады.
Красный Крест. Бұл сорттың ерекшелік қасиеті - жидегі өте сапалы дәмді келеді. Өнімі жақсы болады. Бұтасының көлемі орташа, жан-жаққа жайыла өседі, жидегінің түсі қызыл, сабағына тақалған жердегі жидек ірі болады, ал ұшындағылары ұсақ келеді. Пісу мерзімі орташа, бұл сорт жақсы күтімді және тыңайтуды керек етеді.
Алтайская красная. Алматы облысында кездеседі. Суыққа төзімді және өнімді мол береді. Жидектері маусымның екінші жартысында піседі.
Жемісі ашық қызыл домалақ немесе сәл сопақша. Дәмі қышқылтым-тәтті. Жидектерін жас күйінде жейді және өңдеп те пайдаланады. Бұдан жасалған тосаптың суйкімді қышқылтым дәмі болады.
Алматы облысының тау баурайы, тау етегі аймақтарына ұсынылады.
Узбекистанская крупноплодная. Өнімді мол береді. Жамбыл және Шымкент облыстарында егіледі.
Бұтасы қуатты, жартылай салбыраңқы, жемісті өткен жылы өскен ағашына (бұтасына) салады. Жидектері ірі, 1,5 г, тусі қоңыр көктен қараға дейін барады. Дәмдік сапасы жақсы. Жидектері шольде піседі, бірақ бір мезгілде піспейді. Бұл сорттың бір кемшілігі - жеміс салу мерзімінің екі айға дейін созылатындығы.
Ғылыми жобалар жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.
Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.
Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!
Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты
арқылы да ала аласыз!