?азіргі заман?ы о?ыту технологиялары педагогикалы? ж?не психологиялы? ілімдер негізінде ??рыл?ан дамытушы та?ырыбында?ы баяндама
Баяндама
Педагогикалық технология педагогика ғылымының оқытудың мақсатын, мазмұнын және әдістерін зерттеп, айқындаушы және педагогикалық процесті жобалаушы бір бөлшегі. Ол білім стандартында көзделген оқыту нәтижелерін қол жеткізу жолындағы мақсат, мазмұн, әдістер мен құралдардың біртұтас қызметін бейнелейтін процесс.
Мен осы оқу орнына жас маман болып жұмысқа тұрғаннан бастап, шығармашылық тақырып берілген болатын, тақырыбым: Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ой – өрісін дамыту. Яғни, мен сол кезден бастап, күні бүгінге дейін профессор Қараевтың: Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы, бойынша жұмыстанып және өз тәжірибемде қолданып келемін.
Бұл технологияның тиімділігі мен пайдасы, оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы. Осылай берілген білім - деңгейлік саралау деп аталады.
Бұл технология оқу-тәрбие үрдісін мұғалімнің басқаруы. Білім меңгерудің алғашқы кезеңдерінде мұғалім өзі басқарады, жоғарғы кезеңдерге көтерілу барысында басқару оқушылардың өзіне ауысады.
Осы байқауға назарларыңызға осы технология бойынша өз тәжірибемнің бір бөлшегін ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Электр энергиясын өлшеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру. Электр санағыш құрылғысын таныстыру, жұмыс істеу қызметін толықтай түсіндіру. жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеруге ықпал ету. Деңгейлік тапсырмалар көмегімен оқушылардың ой- өрісін дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлға қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, сұрақтар мен тапсырмаларды орындау арқылы ойын жеткізе білуге үйрету.
Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмалар көмегімен есептер шығаруда нәтижелерінің дәл де нақты болуына,тиянақты және ұқыпты, дәл уақытында орындауға оқушыларды тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты өзбетімен меңгеру сабағы
Әдіс тәсілдері: сын тұрғысынан оқу және жазу, диалог, дискуссия, әңгімелесу, репродуктивті әдіс, анализ, синтез, салыстыру.Көрнекіліктер: электр энергиясын санағыш құрылғысы, сұлбалар, есептер жазылған бетшелер
Мен сабағымды 3 кезеңге бөлдім.
І кезең
Үй тапсырмасын тексеру.
а)үй тапсырмасын тексеру (өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды әр оқушы сыныпта бастаған, әлі келгенше, үйде аяқтап келу керек болған) ; б) жаңа тақырыпты меңгеруге қажетті бұрын өтілген материалдарды қайталау. ең нашар үлгеретін оқушыларға дейін болашақта қатарға қосылады. Оқытудың әңгімелесу, көрнекілік, практикалық әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың бұрын алған білімдерін еске түсіру, сабаққа қызығушылығын арттыру және білімдерін тиянақтау жүзеге асырылады.
Үздік оқитын оқушылар маған көмектесіп, қалғандарының дұрыс орындалған тапсырмаларын + пен белгілейді. Оқушылар кезек- кезек өткен тақырып бойынша кеше сыныпта және үйде жинаған ұпайларының қосындысын хабарлайды. Жұмыс дәптері соңындағы мониторингге тиісті нүктесін қояды. Ұпайларды тақтадағы оқушылардың аты-жөні жазылған кестеге тізіп жазады. Соңынан, осы сабақтың ішінде,бoс уақытымда оларды кесте бойынша бағаға аударып журналға қоямын. Алдында өткен тақырып бойынша қабілетіне, темпіне, еңбегіне сәйкес әр оқушы нақты бағасын алады. ( 10 мин)
ІІ кезең – а) Жаңа тақырып түсіндіріледі, яғни, электр санағышы туралы мәлімет беріліп болғаннан кейін, санағыштың индукциялық және электронды 2 түрі бар екені айтылады, және бірфазалы индукциялық санағыштың құрылысын, жұмыс істеу принципін қолымдағы бірфазалы индукциялық санағыштың көмегімен түсіндіре отырып, оның жалғану сұлбасын, электронды санағыш туралы түсіндіріледі, одан кейін осы тақырыпқа мысал келтіріледі б) мысал есеп түрінде беріледі, (15 мин)
в) жаңа тақырыпты алдымен оқушылар өздерi меңгерiп көруiне мүмкiндiк алады,яғни оқушылар топ- топқа бөлініп текст бойынша жұмыс істейді, сұрақтар құрастырады, г) әліне қарай барлық оқушы қатысады, д) үздік оқушылар мұғаліммен бірге қалған оқушыларға көмектеседі, е) бірнеше оқушы тақтамен жұмыс істейді, қалғандары өз бетімен, оқушылар дайындалып болғанша, кешегі тақырыптың бағаларын журналға қойып шығамын, ж) ең нашар оқушыға дейін мин білім алу қамтамасыз етіледі, сосын мұғалiмнiң көмегiмен барлығы қосылып талдайды. (10 мин)
ІІІ кезең
деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асады. Осы кезең 3 деңгейге бөлінеді.
Әр оқушы қабілетіне қарай I деңгейде бекiтiп, тиянақтаған білімдерін II, III деңгейде тереңдетіп өзгертілген жағдайда өз бетімен қолдана білуге үйренеді. Бұл кезеңнiң тағы бір тиімділігі - әр тақырып, тарау немесе тоқсан, жыл бойынша оқушы дамуын қадағалап, анализ жасап, біліміндегі олқылықтарын дер кезінде жойып отыруға мүмкіндік туады. Ол үшiн оқушының әр сабақта жинаған ұпайын арнайы кестеде белгілеп отыру қажет.
Бірінші деңгейдің шағын мақсаттары:«Танып білу » шағын мақсаты қолданылады. Бұл оқушылық, репродуктивті іс-әрекет деңгейі. Барлық оқушылар жауап беруге міндетті, яғни, барлық оқушы қатысады. Оқушы анықтамаларды біліп, сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап 1балл болып есептеледі. Сұрақтар саны 5, яғни барлық дұрыс жауап 5 баллға теңестіріледі.5 ұпай алған оқушы келесі деңгейге өтеді. ( 5 мин)
Екінші деңгейдің шағын мақсаттары: «Түсініп, пайдалану, талдау» мақсаты: өзгертілген жағдайда берілген тапсырмалар. Оларды орындау үшін алғашқы білімдерін түрлендіріп пайдалану, оқушының ойлау қабілетін жетілдіру, үлгі бойынша есеп шығару,. ( 10 мин)
Тақырыптан алған білімін тиімді пайдалану барысында ойлау қабілеті дамиды. Бұл деңгейде 2 есеп беріледі, әр есеп 5 ұпайдан, есепті мысалға қарап отырып шығарады. Осы деңгейде макс 10 ұпай жинаулары тиіс.Дайын жауап бойынша бір – бірін тексеріп + пен белгілейді. Әр оқушы өз ұпайын өзі санайды. Егер жиналған баллдың барлығы 5+10=15 ұпай ғана болса, сабақтың соңында журналға « 4 » қойылады.
Үшінші деңгейдің шағын мақсаттары: «Тақырыптың мазмұнына баға бере алу» шағын мақсаты: Алғашқы білімдерін жетілдіріп қорытынды жасау. Бұл деңгейде, алдыңғы деңгейден күрделірек 3 есеп беріледі. , әр есеп 5 ұпайдан. Осы деңгейде макс 15 ұпай жинаулары тиіс.( 15 мин)
Оқушылар өзін-өзі тексеріп, бақылап, басқаруға үйрене бастайды. Әр деңгейдің қорытынды ұпай санына сәйкес сабақтың соңында журналға қойылып отырады. Осы деңгейдің тапсырмаларын орындағаннан кейін барлығы 30 ұпай жинаса журналға «5» алады.
Жаңа тақырыпты қарапайым сұрақтар қою арқылы бекітемін ( 5 мин) және үй тапсырмасы беріледі( 5 мин) , сабақ соңында барлық кезеңдерден жиналған ұпайлар кестеде көрсетіледі, қорытынды баға журналға қойылады.( 5 мин) (Барлыгы 80 мин)