Разработка урока на тему Аралас сандарды ?осу мен азайту?а есептер шы?ару


Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аралас сандарды қосу мен азайту ережелерін есептеулерде
дұрыс қолдана білу.
Дамытушылық: Аралас сандарды қосу және азайту біліктілігі мен дағдысын
дамыту.
Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Аралас сандарды қосу мен азайту ережелерін
есептеулерді дұрыс қолдана біледі:
Аралас сандарды қосу мен азайту ережелерін есептеулерді оқушылардың 28-і дұрыс қолдана біледі.
Тақырып бойынша 20 оқушы алған білімдері бойынша қалыпты емес есептер шығара алады.
Сыныптағы кей бір оқушылар С деңгейіндегі есептерді шығара алады.
Сабақтың түрі: Білімді бекіту
Көрнектілігі: Интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақ барысында оқушылар жұппен отырғызылады.
Барлық оқушыларға 5 есеп жазылған бірдей карточкалар таратылады (15 мин уақыт беріледі).
а) барлық оқушылар қаламдарын қояды, бәріміз бірге 1-2-3 деп, бірдей шыққанша шапалақ урамыз, содан балалар есеп шығаруды бастайды.
ә) есепті шығарып біткен оқушылар орнынан тұрады, бір неше оқушы тұрғаннан кейін 30секунд күтеміз және есеп шығаруды тоқтатамыз.
б) жұптасқан оқушылар бір-бірімен есептерін алмастырып, тексереді.
г)дұрыс жауабы экранда көрсетіледі.
д)3 жұптан тексерілген есептердің дұрыс қателігін сураймыз. (бұл кері байланыс)
Күрделі есептер.Барлық оқушыларға қалыпты емес 2 есеп береміз (7мин уақыт беріледі)
а) барлық оқушылар қаламдарын қояды, бәріміз бірге 1-2-3 деп, бірдей шыққанша шапалақ урамыз, содан балалар есеп шығаруды бастайды.
ә) есепті шығарып біткен оқушылар орнынан тұрады, бір неше оқушы тұрғаннан кейін 30секунд күтеміз және есеп шығаруды тоқтатамыз.
б) жұптасқан оқушылар бір-бірімен есептерін алмастырып, тексереді.
г)дұрыс жауабы экранда көрсетіледі.
д) 3 жұптан тексерілген есептердің дұрыс қателігін сураймыз. (бұл кері байланыс)
е) жұптағы 2 оқушының да есептері қате болған жағдайда есептерді дұрыс шығарған оқушалармен орын алмастырады.
Бір қиын мәселе есеп береміз, олармен бірге жоғарғы 2 тапсырмада жіберілген қателіктерді түзету үшін қосымша есептер беріледі және сабақта жүргізілген іс-әрекет қайталанады. (5 мин уақыт беріледі)
Әр бір тапсырмадан кейін қате мен жұмыс жүргізілді.
Қорытынды:
Бағалау алдын-ала дайындалғанбағалау мониторингі бойынша бал мен бағаланады.
Үйге тапсырма.