Рационал сандарды азайту?а есептер шы?ару


Күні: 21.11.16
Сынып: 6
Cабақтың тақырыбы: Рационал сандарды азайтуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Рационал сандарды азайту ережелерін есептеулерде пайдалана білуге үйрету;Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын таба білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, тез шешім қабылдай білуге, пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру.
Сабақтың әдісі: қорытындылау.
Сабақтың типі: ойын - сабақ
Оқыту тәсілдері: Сұрақ – жауап, тест жұмысы, өз бетімен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнектілері: Тесттер, таратпа материалдар, слайд, суреттер, кесте, оқулық, жұмыс дәптері.
Пән аралық байланыс: табиғатпен байланыс
Сабақтың құрал – жабдықтары: ИТ, тест, слайд.
Сабақ жүрісі:
І.Ұйымдастыру
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
2. «Топтастыру стратегиясы»
ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау; (Балық қаңқасы әдісі)
ІV. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
V. Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны
VI. «Сергіту сәті» (логикалық есеп )
VII. «Шешуші сәт.» Тест
VIIІ. Қорытындылау; Бағалау.
ІХ. Үйге тапсырма
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ойын түрінде өтіледі. Жоспармен танысайык:
І-кезең. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
2. «Топтастыру стратегиясы»
ІІ-кезең. Өткен сабақты пысықтау; (Балық қаңқасы әдісі)
ІІІ-кезең. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
ІV-кезең. Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны
V-кезең «Сергіту сәті» (логикалық есеп)
VІ-кезең «Шешуші сәт» (тест тапсырмалары)
І кезең. 1. Ұйымдастыру.Топқа бөлу
1. Бүтін сан, бөлшек сандар,
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы
Оң, теріс сан бәрі осында (Рационал сандар)
2. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай.
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сан)
3. Ереже: Натурал сандар, оған қарама – қарсы сандар және 0 саны ... жиынын құрайды. (Бүтін сандар)
Тірек схемалары бойынша сұраққа жауап
- 12 + ( - 24 ) - 36
Кез-келген теріс сан оң саннан кіші
а кез - келген теріс сан нөльден a < 0
Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең
Координаталық түзу бойында -3,2 саны -3 тің Сол жағында
2. «Топтастыру стратегиясы»
Натурал сандар


Қарама-қарсы сандар
Оң сандар

Сандардың түрлері

Бүтін сандар
Теріс сандар


Рационал сандар

ІІ-кезең. Өткен тақырыпты пысықтау; (Балық қаңқасы әдісі)

1. Бір саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтқышқа қарама-қарсы санды қосу керек:
a-b=a+(-b).
2. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу үшін оның оң жақ шеткі нүктесінің координатасынан сол жақ шеткі нүктесінің координатасын азайту керек:
Егер А(-5) және В(9) болса, АВ кесіндісінің ұзындығы неге тең?
9-(-5) = 9+5= 14
IІІ-кезең. «Білімің – ұшар қанатың» (оқулықпен жұмыс)
№540, №541, №542
ІV-кезең. Табиғатпен байланыс “Ойлан, тап!” ойыны
1. Есептей отырып, белгісіз құс атауын табыңдар
- 379 + 948 =
- 0,81 + 0,66 =
- 7,6 + 19,2 =
- 2,6 – (- 1,4) =
3,2 – 6,28 =
- 1408,7 + 408 =
-817 + 817 =
- 13,25 – 11,05 =
569
- 0,15
11,6
-1,2
- 3,08
- 1000,7
0
- 24,3
Фламинго
V-кезең. «Сергіту сәті» (логикалық есеп)
Логикалық сұрақтар:
1+4=5
2+5=12
3+6=21
8+11=? 8*11+8=96
VІ-кезең «Шешуші сәт» (тест)
Тест тапсырмалары:
1. -29 + 50 =
А) 79 Б) 21 В) -21
2. -4,3 + 7,5 =
А) 11,8 Б) -3,2 В) 3,2
3. -1,8 – (-9,5) =
А) 7,7 Б) 10,3 В) -8,7
4. 3,8 + х = - 2,7
А) -6,5 Б) -1,1 В) 0
5. - 11,9 + (-6,7 +11,9)
А) 6,7 Б) 5,6 В) -6,7
6.- 9,1 – (7,6 – 9,1)
А) 7,6 Б) -6,7 В) -7,6
VII. Қорытындылау; Айналмақ арқылы сұрақ - жауап
Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма: № 544, 545 есептер