Экономика п?нінен саба? жоспары та?ырыбы: Мемлекет туралы негізгі т?сініктер. Мемлекет пен ???ы?ты? негізгі белгілері.


Пән:Құқықтану негізі
Сабақ тақырыбы: Мемлекет туралы негізгі түсініктер. Мемлекет пен құқықтың негізгі белгілері.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты білімділік: студенттерге мемлекет ұғымы, түрлері, тарихи тұрпаттары жайында түсінік бере отырып, оның қоғамдық өмірге қатысы жайлы баяндау. Алғашқы қауымдастық, ежелгі адамдардың қарым-қатынастары туралы; Мемлекет пен құқықтың даму жолдары туралы.
дамытушылық: оқушылардың ой- пікірін айта білуге, олардың сабаққа деген белсенділігін арттыру. Мемлекет, құқық ұғымын:
Мемлекеттің пайда болу теорияларын
Құқықтың пада болу теорияларын
тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
Сабақты жүргізу кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут
1. Білім алушылармен амандасу;
2. Білім алушыларды түгендеу;
3. Зейіндерін сабаққа аударып, оқу-құралдарын тексеру;
Жаңа тақырыпты баяндау – 30 минут
Мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:
Мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;
Мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т.б.) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);
Мемлекеттің шекарасы, анық белгіленген аумағы болады;
Мемлекеттің ең маңызды белгісі – оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;
Мемлекет әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;
Мемлекет заңдар және басқа нормативтік – құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.
Мемлекеттер иелік етіп отырған жер көлеміне және тұрғындарының санына қарай көптеген түрлерге бөлінеді.Аумағы жағынан дүниежүзіндегі ең ірі мемлекет –Ресей Федератциясы,одан кейінгі орындарды тиісінше Канада,Қытай,АҚШ және т.б.
Мемлекеттер тұрпаты жағынан: аграрлық,индустриялдық және постиндустриялдық болып бөлінеді. Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.
Қоғамдық өмір аяларын тұтас жүйені құрайтын жүйешелер ретінде қарастыруға болады.Әдетте,қоғамдық өмір аяларын экономикалық,әлуметтік.саяси мәдени деп төртке бөліп қарастыруға қабылданған.
Мемлекет пен кұкық әлеуметтік институт, ұйым ретінде үнемі өмір сүріп келген жоқ, олар белгілері күрделене түсу арқылы біртіндеп қалыптасты. Ғылыми болжам бойынша, жер шары бұдан 4—5 миллиард, алғашқы адамдар мөлшермен 2 млн. жыл бұрын қалыптасқан. Қазақстанның аумағын ең ежелгі адамдар бұдан 1 млн. жыл бұрын коныстана бастаған деген деректер бар. Біздің заманымыздан 40 мың жыл бұрын қазіргі замандағы адамдардың, яғни біздің ата-бабамыз деп болжалатын «ақылды адам» (хомо сапиенс-homo sapiens) қалыптасуы аяқталды. Адамзат тарихындағы алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздан бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте, Вавилонда, Үңдістанда, Қытайда дүниеге келді. Сонда 35 мың жыл аралықта адамдар мемлекетсіз өмір сүрді деген болжам айтуға болады. Бұл дәуір ғылымда адамдардың қандык туысқандық белгілері мен бірігіп еңбек ету, өмір сүру әрекетінің негізіңде, тобыр, топ болып өмір сүрген, мемлекеттің пайда болуына дейінгі аралық алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңі деп аталады. Бұл кезеңде мемлекет пен құқық әлі қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан алғашқы қауымдық не рулық құрылыс кезеңінде адамдар арасындағы қоғамдық қатынас жасы үлкеңдердің, туысқаңдардың, көсемдердің, ру, тайпа басшыларының, ақсақалдар кеңесінің беделімен, ықпалымен реттеліп отырылды.
Мемлекеттің пайда болуы мен дамуы.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құрылымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:1)    Малшылық2)    Жер игеру3)    Өндірістік4)    Саудагерлер тобыБұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
         Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.         Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:
1.   Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типті елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:
         1) Ірі су каналдарын жасау;
         2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;         3) Құрғақшылықпен күресу.Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуніктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:-     ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
-     оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;
-      барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келді.
Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.Афины мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті таптар мен топтар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Еуропаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты. Құқықтың дамуы – адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды.
Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
         Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
         Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
         Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. (Форма Аквинский)
         Табиғи теория – бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.
         Тарихи теория – осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
         Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған.Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы – монарх. (Аристотель, Конфуций)
         Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар.
Шартты теория - халық пен оны басқарушылардың арасындағы азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, кауіпсіздігін қорғау, бірлікте,татулықта туру туралы келісім шарт жасасудың нәтижесінде пайда болды деп есептейді (Т,Гоббс,Ж.Ж.Руссо)
Марксистік теория б-ша мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, отбасының, жеке меншіктің және бір -біріне қарама қайшылықтағы таптардың шығуынан пайда болды дейді( К.Маркс, Ф.Энгельс)
Зорлық,күштеу теориясы б- ша мемлекет өзінің ішінде руларды, тайпаларды, тұрғындарды бір орталыққа біріктіру мақсатында мәжбүрлеу, күштеу әдістерін қолданады, сөйтіп күштеудің арқасында мемлекет пайда болады дейді(Л.Гумплович, Е.Дюринг)
Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі  “әдет”  заңына бағынып келген.
Құқықтық норма ұғымы. Норма дегеніміз – бір қатынасты ретеп, басқаратын ереже.
Құқықтық норма құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту – 30 минут
Әрбір студенттің алдына экономикалық қатынас жайлы мәліметтер толтыру үшін кестені сәйкесінше толықтыру
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері Мемлекеттер тұрпаты жағынанҚоғамдық еңбек күрделі тарауларын ата Мемлекеттің белгілері
ІV. Жаңа өтілген және бұрынғы өткен сабақты жүйелеу, қорыту – 20 минут
Теологиялық теория дегеніміз не?     
Табиғи теорияға не жатады?
 Тарихи теорияны ата?
Патриархалдық теория? 
Психологиялық теория ?
Шартты теория ?
Марксистік теория ?
V. Сабақты бағалау – 5 минут
- жалпылама сұрақтар қою;
- сабақ барысындағы белсенділігі мен тәртібіне қарай бағалау;
VІ. Үй тапсырмасы – 2 минут
4 бет оқу. Тірек конспектісі.