Ата-аналар жиналысы Жан?я-т?рбие мектебі
Жанұя-тәрбие мектебі
Мақсаты: бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру, Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындыру; халқымыз тәлім-тәрбиесі әкенің ақылымен, өнегесімен, ананың ақ сүтімен даритынын оқушы бойына сіңіру; отбасы мүшелерінің арасында бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,кішіге қамқорлық жасауға, сыпайы да инабатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекті жазылған сөздер: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады
Өтілу барысы:
Ұйымдастыру. оқушылар мен ата-аналар топтастырып отырғызады
Кіріспе сөз. Құрметті ата-аналар, оқушылар «Жанұя-тәрбие мектебі» атты тәрбие сағатымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Баланы жастан бақпасаң
Жамандықтан қақпасаң
Қадырден жұрдай қақса боп,
Кешкенің өмір босқа тек, - демекші баланың ыстық–суығына күймейтін, жақсылығына сүйсініп қуанбайтын ата-ана жоқ шығар. Отбасы- адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп ер жетеді. Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана , ол шешеге қарап өсіп бой түзейді. Балаға білім ,тәрбббие беруде басты тұлға ұстаз болса , оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана. МІНЕ, бүгінгі сабағымыз осы жайлы болмақ.
А.Ғасыр. Әке деген биік шыңы адамның,
Әке деген – тірегі ғой ғаламның .
Әке деген – бойыңда аққан қаның да ,
Шыққан тегің , ол негізің , жаның да,
Не десең де әке жолы бір бөлек
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Нағыз әке ақылгөй де асқақ жан ,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған
Қамқорсың , әке., өмірде ,
Қуатым сенсің көңілге
Бақытты бол ,жан әке,
Ұзақ болсын ғұмырың.
Ж.Меруерт. Ақ жаулығың қымбат маған, анашым
Тілегімсің , сүйенішім, панамсың.
Шапағатың сәуле болып төгілген,
Ақылы мол ,мейірімді данасың.
Өзгелерден мен үшін сен дарасың,
Береке отын шаңыраққа жағарсың
Ақ шашыңның әр талынан белгілі ,
Асыл ана сан ойлаған баласын.
Мейіріміңнен алтын сәуле шашылған
Жүрегіңнен жомарттық та табылған.
Көкірегің аппақ қардай тап-таза ,
Парасатты сен данышпан, асыл жан.
Ой қозғау .
Ата- аналарға сұрақ .
«Бала сіз үшін кім?:»
1топ. Балаңыздың қандай жағымсыз , жат қылықтан аулақ болғанын қалар
Едіңіз? Теріс қылықтары үшін қандай жаза қолданасыз ?
2 топ. Балаңыздың қандай жақсы істері мен әрекеттерін басқаларға үлгі етер едіңіз? Игі істерін қалай мадақтайсыздар?
3 топ. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
Оқушыларға сұрақ
Ата-анаң сен үшін кім?
I топ. Жанұя туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Мағынасын ашып беріңдер.
II топ. Ата-анаңның қандай жағымсыз, жат қылықтан аулақ болғанын қалар едің?
III топ. Ата-аналарыңның қандай жақсы істерін мақтан тұтасыңдар және басқаларға үлгі етер едіңдер?
Ата-аналар мен оқушылардың пікірлері топ ішінде талданып, талқыланып хабарланады.
«Анашым» әні. Орындайтын Асыл мен Сериктес
Міне осылайша өз баласының болашағына алаңдайтын, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата-ананың арманы бітер ме екен...
Ендігі кезекте ортаға жұмбақ кейіпкерді шақырайық. Жұмбақ кейіпкер сөз кезегі өзіңізде.
Мен 11 жастамын. Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөліскелі келіп отырмын. Менің ата анам жұмысбасты адамдар, жұмыс істеп жүріп маған көңіл бөлуге, менімен әңгімелесуге де уақыттары жоқ. Мен үнемі жалғызсырап жүремін. Сұраған ақшамды береді, барамын деген жерге жібереді. Маған ақшаның, байлықтың еш қажеті жоқ .Маған тек ата анамның аялы алақаны, мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Ал менің ата анам маған еш көңіл бөлмейді, өйткені олар жұмыстан басқа ештеңе ойламайды. Мен мұнда ата анамды жамандайын деп келген жоқпын. Ата анасына кім жамандық ойласын. Құрметті қауым, мен ата анамның өзіме деген жылы сезімдерін қалай оята аламын? Маған осы жағынан көмек берсеңіздер екен.
Ата аналар бұл жағдайда не айтасыздар ?
«Баламның қарны тоқ . көйлегі көк болса болды. Тәртібіне, оқуына қарайтын уақыт жоқ» дейтін ата аналарға көзқарастарың қандай?
Оқушылар жұмбақ орнында болсаңдар сендер не істер едіңдер ?
Жұмбақ кейіпкерді шығарып салғаннан кейін әнге кезек беріледі.
Келесі бөлімімізде ата ана мен оқушы арасындағы қарым қатынасқа арналған жағдайға беріледі .Ортаға оқушыларды шақырамыз.Оқушылар өздерінің басынан өткен әр түрлі жағдайды баяндайды. Ата аналардың сол сәттегі әрекеті тыңдалады.
1- Оқушы. Анашым, менің бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген өлеңді жаттаған жоқпын, текке 2-лік алып қалармын. Апайға телефон соғып «Ауырып жатыр» деп айта салыңызшы...
2-оқушы. Әке, мен бүгін мектептің терезесін сындырып алдым...
3-оқушы. Әке, мен бүгін мектепте жарысқа қатысып мақтау қағазын алдым...
4-оқушы. Анашым мен бүгін мектепте тарих сабағынан «2» алдым.Мұғалім сұрақтарына жауап бере алмадым...
Құрметті ата-аналар және оқушылар осымен сынып сағатымыз аяқталды.Қатысқандарыңыз үшін рахмет!