?зін-?зі тану п?німен интеграциялан?ан физика саба?ыны? жоспары 8 сынып
Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған физика сабағының жоспары
Мектеп: №1 мектеп-гимназиясы
Мерзiм: 18.11.2015 Мұғалiм: Қабдолов Руслан
Сынып: 8 «а» Оқушылар саны: 11
Тақырып: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар
Құндылық: «Ақиқат»
Қасиеттер: сүйіспеншілік, сенімділік, қайырымдылық
Мақсаты: Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлар туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға айда және күн жүйесінің басқа да планеталардағы термодинамикалық жағдайлар туралы түсінік бере отырып, оқушылардың сүйіспеншілігін ояту
2.Дамытушылық: Оқушыларға күн жүйесін күн, планеталар және олардың серіктері құрайтындығын ұғындыру арқылы сенімділік қасиетінің мәнін түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушылардың күн жүйесіндегі аспан денелері туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік, сенімділік, қайырымдылыққа тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)
Слайд, интерактивті тақта, үнтаспа, үлестірмелі парақшалар.
1.Сабақ барысы:
Сыртқы интеграция (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
1. Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» сақтау)
Тыныштық сәті. Тыныс алуға зейін қою.
Сіздердің аяқ-қолдарыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз, демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Қане, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз, арқамызды тіктейміз, қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Дем ал... шығар.... (жаймен 9-10 рет)
Сабақ барысын талдау:
Үй тапсырмасын тексеру.
Бу және газ трубиналары реактивті қозғалтқыш.
Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициенті.
3.Ішкі интеграция (жалпыдамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
Жаңа сабақ түсіндіру:
1.Ай. Жердің серігі – ай туралы жалпы түсінік. Күн жүйесіндегі айдың орны.
Оқушылардың назарын айдың қасиетіне аудару. Ай барлығына ортақ. Риясыз.
«Ай жарығы әлемді тануда бірінші сәуле болды. Бұл сәуле ғасырлар ағымында барлық жұлдыздарды, шексіз әлемді өз билігіне алған ғылымның тууына және танылуына әсер еткен арайға ұласты». Н.К.Фламмарион.
Балалар, күн жүйесіндегі бірқатар аспан денелерінің
табиғаты туралы не білеміз? Күн жүйесіндегі аспан денелерін қандай жалпыдамзаттық құндылықтармен байланыста қарауымызға болады?
Оқушылардың жауаптары ортаға салынып талқыланады.
Ақиқатпен байланыстыруға болады. Себебі, ақиқат –
жалғыз. Ай жалғыз. Ай риясыз сүйіспеншілік көзі. Ақиқат – өмір қуатының өн бойынан өтетін парасатты барлық болмыстың бастапқы табиғаты.
Күн ақиқат, ай ақиқат. Шындық ақиқатта жатыр. Ақиқатсыз шындық жоқ.
Біздің айналамызда, әлемде күн мен ай, жұздыз сияқты адами қасиетін риясыз төгіп жүрген адамдар бар. Біздің өміріміз сондай адамдармен көрікті.
Слайд арқылы көрсете отырып, жаңа сабақ туралы мәлімет беру.
Айдың үстіңгі беті қатты шар тәрізді суық дене болып табылады. Ай – жердің табиғи серігі. Ай – әзірге адам аяғы басқан жалғыз ғарыштық дене. Оған американдық ғарышкерлердің жалпы 6 экспедиясы жасалды. Бірінші болып айға 1969ж. Н.Амстронг пен Э.Олдрин түсірілді. Айға кеңістік автоматты өздігінен жүретін лабораториялар да жіберілді. Жерге әкелінген ай топырағының үлгілеріне жасалған талдау, оның химиялық құрамы жағынан жер жыныстарымен ұқсас екенін көрсетті.
Балалар, ай жерге не үшін қажет, одан қандай пайда
түседі деп ойлайсыңдар?
Адамдардың соңғы уақыттағы шаруашылық әрекеттерінде басты мақсаттардың бірі болып отыр. Бұның бәрі энергия көзінің, пайдалы қазбалардың, таза және тұщы судың жетіспеушілігінен шығып отыр. Біздің планетамызда жоқ заттардың орнын алмастыру қажет. Сол себепті адамдар айға көз жүгіртеді. Бұл біздің ғарыш кеңістігіндегі көршіміз. Айдың жерге жақындығы және жаңа ғарыш техникасына қолайлы болуы оны жердегі проблемаларды шешуге пайдалануға әкеліп соғады. Ай ресурстарының мақсатқа сәйкес қолдану деген кезде, тек қана пайдалы қазбаларды іздеп, оларды өңдеу емес, табиғи серігімізді қажетті потенциалды ресурстарды ғарыш саласының дамуына сай қолдану болып табылады. Мыңдаған жылдар бұрын, жер бетінен алғаш рет мекендеген адамдар табиғатта өмір сүру үшін күресетін еді және табиғаттан қорқатын еді. Қазіргі жаһандық заманда, керісінше, табиғат адам баласынан қорқатын болды. Индустрия, транспорт, химия өнеркәсібі, атом энергетикасы мен транспорт – жердің экологиялық ахуалын ауыр жағдайға жеткізуде. Сондықтан, осы жұмыс барысында, жерді аса зиянды қалдықтардан тазарту, оларды айға орналастыру арқасында жерді тазалап, адамзаттың өмір сүріп отырған қоршаған ортасын көгалдандыру барша адамзатты дұрыс әрекет бағыттап отыр. Бар байлық жерден басталады, ал жер қамқорлықты ұнатады емес пе. Олай болса әрбір адам баласы өзінің табиғатқа, жерге деген риясыз сүйіспеншілігін арнауы тиіс.
2.Атақты орыс ғалымы М.В.Ломоносов XVIII ғ. екінші жартысының басында (1761ж.) Жер мен Күннің арасындағы Шолпан планетасын бақылай отырып, тамаша жаңалық ашты. Көптеген елдердің ғалымдары жерден күнге дейінгі қашықтықты өлшеуге мүмкіндік беретін өте сирек құбылыстың кездесетінін бақылаған. Тек М.В.Ломоносов қана Петербургтегі үйінде кішкене ғана түтік арқылы Шолпан планетасында атмосфераның бар екенін және ол жер планетасымен салыстырғанда әлдақайда тығыз болатынын байқады.
Балалар, әлемде осындай қаншама жаңалықтар ашып, ғылымға енгізді. Бұл жаңа технология ғасыры болып есептелді. Яғни осы жаңалықтар арқылы адам баласына көптеген жақсылықтар жасалды.
Жақсылық жасау әр адамның қолынан келетін асыл қасиеттердің бірі болып табылады.
Балалар, соңғы кезде тағы да қандай зерттеулер болып жатыр? Біздің Қазақстаннан соңғы ұшқан ғарышкер кім?
Балалардың жауаптарын тыңдау.
Ғалымдар зерттеулер арқылы ғаламға үлкен жаңалықтар мен қоса ізденістерді алып келді. Яғни барша адамзатқа қолдау жасалды. Қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады, адамды бақытқа, игілікке жеткізеді. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі.
Шолпан жұлдызы туралы аңыз. Шолпан аңызда емші қыз болып айтылады. Әрі мейлінше сұлу. Ол бар ғұмырын ауру-сырқауларды емдеп, жазуға арнамақшы болады. Бірақ оның бұл ойы жүзеге аспай қалады: өзі сұлу, өзі ақылды емші қызға жігіттер бірінен соң бірі сөз айтып, ақыры оның соңы үлкен дау-жанжалға айналады. Ел арасында іріткі туа бастайды. Мұның бәрі өзінің сұлулығы мен ақылдылығына байланысты болғанын сезген қыз елден алысқа кетіп, халыққа нұрын биіктен шашқысы келеді. Сөйтіп, таң қылаң бере ол аспанға ұшып шығып, таң жұлдызына айналады. Халық оны Шолпан жұлдызы деп атап кетеді.
3. Марс. Халқымыз қызыл жұлдыз деп атаған, себебі Марс топырағының түсі қызыл күрең болғандықтан оның бетінен көтерілген шаң-тозаң қызыл түсті. Марста күн тәуліктері жердегіден 39,5 мин-қа ұзақ. Марс жылы жердің 687 тәулігіне тең, яғни жердікінен екі есе ұзақ. Онда жыл мезгілдерінің алмасуы болып тұрады. Себебі, тәуліктік айналу осінің көлбеулігі дәл жердікіндей.
Қызыл планета – Марсты қазақ шарт аяздың хабаршысы деп есептеген. Өйткені ол шарықтағанда суық күшейетін болған. Қызыл шұнақ аязбен бірге шығыстан қызыл оттай жұлдыз көтеріледі. Текке көтерілмей өңменнен өтетін аязын әкеледі.
Аңыз әңгіме. Өзін мейлінше асқақ ұстайтын Асқар есімді жігіт тауда оңаша тұрады. Кейіннен далада адасып қалған Гүлдана есімді қызбен танысып, оның әке-шешесінің рұқсатымен жанұя құрады. Сол оңаша патшалықта он алты перзент сүйеді. Бірақ Гүлданадан кезінде айырылып қалған Қожабай есімді бай жігіт ұмыта алмай, бірде үйін тауып барып, ауласында Гүлдананы пышақтап өлтіреді. Асқар онан ақысын алады. Бірақ қайғы шыдатпайды. Он алты перзент шүпірлеп жанында қалады. Елден, жерден бөлек кету үшін ол аллаға күні-түні жалбарынып, көктен орын сұрайды. Өз алдына жеке патшалық құрғысы келеді. Алла ол тілегін қабыл алып, аспанға шығарып, бір бөлек жұлдыз жүйесі етеді. Жігіт алып ғаламшарға, перзенттері он алты серігіне айналады. Құйрықты жұлдыз аңызда белгілі бір мерзімде Күнге жақындап, жеріміздегі күллі тіршілікті бақылап, адамзаттың тілеуін тілеуші, Алланың көмекшісі, ақ сақалы тұла бойына шұбатылған қарт болып айтылады. Көктен кенеттен көзге шалынатын Ақпа жұлдыздарды көргенде «Өз жұлдызым жоғары болсын» деп бата жаса дейтін наным оны киелі деп санайтын ырымнан туған.
Күн, ай, жұлдыз өздерін қызмет ету жолында құрбан ете отырып, адамдарға өз жылуын беріп, оның орнына ешнәрсені талап етпей, шаршамастан адам үшін қызмет етеді. Күн өз жылуын, жарығын жер бетіндегілердің бәріне береді. Жер еш тынбастан, жыл мезгілдерін әкелуден шаршамай айналып тұрады. Өкінішке орай, қазіргі жаһандану заманындағы адамдар тек қана алуды ойлап, құрбандық шеңберінен шығып кететін жағдайлар кездеседі. Құрбандық шеңбері үзілген кезде, жер бетіндегі экологиялық мәселелердің пайда болуына себепші болады. Адамдардарға бұл туралы ойлану керек және өзінің өмірін адамдарға, табиғатқа қызмет етуге, қайырымды істер жасауға арнауы қажет.
Шығармашылық әрекет. Топтық жұмыс.
«Мен табиғаттан не үйрене аламын?»
Күннің, жердің, жұлдыздың суреттері бейнеленген карточкаларды таратамыз. Оқушылар бұл табиғаттың аталған әр бөлшегінен рухани-адамгершілік тұрғысынан жауап беруге ізденулері қажет. Мысалы, Күн – бұл риясыз сүйіспеншілік пен төзімділіктің белгісі. Күн барлығына бірдей, ешкімді түріне, түсіне, ұлтына қарап бөлмей, жарқырап өз жылуын төгеді. Адамдар үйлеріне кірген уақыттарда ол төзімділікпен, өзін қажет еткен жағдайда тез арада пайда бола қалу үшін есік сыртында күтіп қала береді. Біз күннен таза, риясыз сүйіспеншілікті үйренеміз. Таза махаббат барлығын бірдей сүйеді, оның ақысына ешнәрсе сұрамайды, ол төзімді, ол саған барлық уақытта Нұр сәулесін төгеді.
Жер – бұл өз міндетін мүлтіксіз, риясыз орындаудың үлгісі. Әр тәулік сайын жер өз білігін 3600С-қа айнала отырып, адамдарды күндіз жұмыс істеу үшін жарықпен, түнде демалу үшін қараңғылықпен қамтамасыз етіп отырады. Сол сияқты жер де күнді айнала отырып, жылдың әр мезгілін әкеледі, мысалы, күз мезгілін алсақ, ол адамдарды азықпен қамтамасыз ету үшін қажет. Біз жерден адамдар үшін риясыз, мүлтіксіз қызмет ету міндеттерін үйренеміз. Сергіту сәті. «Жұмыр қылыш» 7. Топпен ән айту.
«Желсіз түнде жарық ай»
А.Құнанбаев
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Ауылдың, жаны — терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп.
Қалың ағаш жапырағы
Сыбырласып өзді-өзі.
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі.
Тау жаңғырығып, ән қосып
Үрген ит пен айтаққа.
Келмеп пе едің жол тосып
Жолығуға аулаққа?
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып,
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Сөз айта алмай бөгелiп
Дүрсіл қағып жүрегі,
Тұрмап па еді сүйеніп,
Тамаққа кіріп иегі. Үй тапсырмасы.
Планеталардың адамзат өміріне қатынасы туралы қосымша мәліметтер жинақтап келу. Сабақтың қорытынды сәті.
Жер-Анаға арналған мейірімді тілек жолдау:
Жер Анам!
Сұлулықтың белгісі
Өміріміз табиғатпен бірлесті,
Жүрек нұры!
Күн шуақпен жылынып,
Баршаға бақытымен бөлісті...
Баяу музыка қойылады.
Балалар көздеріңді жұмыңдар.
Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттерді, жақсылықтарды бойымызға сіңіріп, жүрегімізге сақтап алайық.
Көздеріңді ашыңдар! Сабақ аяқталды, сау болыңыздар! Рахмет! Мұғалім: Құспанова Аңсағаным