?зін — ?зі тану 2 сынып Е?бек-б?рін женбек


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «Көкпекті орта мектебі» КММ Мерзiм 14.06.16ж Мұғалiм: Аяганова А.О.
Сынып 2 Оқушылар саны 17 Тақырып: «Еңбек – бәрін жеңбек»
Құндылық _Ақиқат Қасиеттер: Уақытты бағалау, еңбексүйгіштік, мейірімділік
Сабақ мақсаты: Адал еңбек, риясыз қызмет ету арқылы, оқушыларға ақиқат құндылықтарының негіздерін түсіндіру
Міндеттері:
Білімділік; еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
Дамытушылық; еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
Тәрбиелік: Уақытты бағалауға, еңбексүйгіштікке, мейірімді-лікке тәрбиелеу;
Ресурстар:
а) Оқулық,дәптер
ә)«Көңіл толқыны» күй
б)Интернет желісі
в) А 3, стикерлер, түрлі қарындаштар
г)
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi. – Балалар көңіл – күйлерің қалай?
Тыныштық сәтi.
Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.
Жәймен көзімізді жұмып, мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіздер. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындамыз. Тек қана сізді тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын, сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайраған дауысы мен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, барлық денеңізбен күннің нұрын сезінесіз. Сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бір қалыпты және қозғалусыз тұрсыз. Сіз ісіңізді, бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелерің тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алыңыз. Енді жайлап көзіңізді ашыңыз.
Осындай жақсы көңіл – күйімізбен сабағымызды бастайық.
Үй тапсырмасын тексеру
«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» мазмұндау
Тапсырма:
1-топ: Мысал әңгімедегі Қара пышақ қандай адамға ұқсады?
2-топ; Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
3-топ : «Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ескерту
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу
Тыныс алу
Балалар өзінің ішкі күйіне үңілуге, олардың ой саяхатынан алған әсерлерін сезінуге баяу әуен қосылады.
Әр топтан 3 оқушы ортаға шығып мазмұнын айту
Дәйексөз. «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап»
Ақын неліктен «еңбек қуаныш» деп айтып тұр?
Ал, «жалқаулық айырылмас азап» деп неге айтқан?
Адам,ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Себебі, жалқаулық, еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек еткең өз мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.
Тақтаға жазу: «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» Абай
Оқиғаларды әңгiмелеу Атасы он жасар немересімен далада келе жатып, баласынан сұрады:
Анау өрмекшіні көрермісің, не істеп жүр?
Көремін. Өрмек тоқып жүр.
Анау құмырсқаны көремісің?
Көремін. Аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
Жоғары қара. Аспанда нені көрдің?
Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр. Аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
Олай болса шырағым , ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге: Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа нанның уағын өзі жемей, үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен – деді.
Сұрақтар:
1. Атасы неліктен немересіне кішкентай жәндіктерді көрсетті?
2. Бұл әңгімеде атасы немересіне қандай өсиет айтты?
3.
«Атасы мен немересі »
әңгімесін айтып беру
Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.
Тапсырма:
1-топ: Өрмекшінің еңбегін суреттеп немесе тірек сызбамен көрсетіңдер
2-топ; Құмырсқаның еңбегін суреттеп немесе тірек сызбамен көрсетіңдер
3-топ : Қарлығаштың еңбегін суреттеп немесе тірек сызбамен көрсетіңдер
Міне сабақ басында айтылған «Еңбек – қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» деген дәйексөзімізге дәлел болып тұр.
Еңбек етуді, уақытымызды босқа өткізубеу, мейірімді болу керек екен.
Дәптермен жұмыс: Осы дәйексөзді дәптерімізге жазып алайық. А) сұрақ – жауап
Ә) Әр топ өз жұ-мыстарын қорғау
Дәптерге жазу.
Топпен ән айту. «Болайықшы осындай»
Сөзі мен әнін жазған: А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы: Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым – ай. 2 рет.
Таза бала мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы: Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым – ай. 2 рет.
Сонымен «Еңбекқор» деп қандай адамды айтамыз? Сыныппен әнді орындау
Үй тапсырмасы. « Еңбек – бақыт бастауы» тақырыбына әңгіме жазып келіңдер.
Шағын әңгіме жаздыру
Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
Өлең жолдарын бірге айтайық.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
Тыныштық бар жерде.
Тыныштық, тыныштық, тыныштық,
Тыныштық бүкіл әлемде.