Г?л ж?не оны? ??рылысы


Пәні: Биология
Класы: 6 «а»
Мерзімі: 16.11.15 ж
Пән мұғалімі: Иманова М.Н.
Гүл құрылысы мен маңызы.
Мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің көбею мүшесі, гүлдің құрылысы туралы таныстырып және гүл бөліктерінің атқаратын қызметі туралы ұғымдар қалыптасиыру; ойынның түрлерін пайдалана отырып, оқушының ойлау  қабілетін, белсенділік және есте сақтау шапшандық қабілеттерін дамыту; оларға гүлдің құрылысын, гүл бөліктерінің қызметін түсіндіре отырып, гүлсеріктердің бөліктерін айыра білуге, солар арқылы өсімдіктерді анықтауға үйрету, сонымен бірге өсімдіктерді қорғауға, әсемдігін тамашалауға тәрбиелеу мақсаттары қойылды.
Оқыту нәтижесі Гүлдің бөліктерін, олардың қызметін, табиғаттағы маңызын түсіндіру
Әдіс-тәсілдері АКТ пайдалану, СТО, топтық жұмыстар, диалог, анықтау, талдау, ауызша баяндау, практикалық жұмыстар
Уақыты Ресурсы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1 минут Нұсқау жазылған интерактивті тақта, гүлдер Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу
10 минут Интеркативті тақта,карточкалар «Қыз қуу». Ойын шарты бойынша бұған бір ұл, бір қыз бала қатысады. Ортаға әр топтан  бір-бірден   шығады, олар карточкадағы берілген сұрақтарға жауап жазады. Берілген  уақыт ішінде кім жылдам жазады. Сол жеңіске жетеді.
Шырынды сабақтар өсімдікте қандай қызмет атқарады?
Жерасты өркендерін атаңдар, неліктен жерасты өркендері дейді, түрін өзгертуіне не себеп болған?
Тамырсабақтың тамырдан айырмашылығын түсіндер.
Тамырсабақтың қандай белгілеріне қарап өркен деп атайды?
Түйнектің және пиязшықтың құрылсын талдап беріңдер
Түбіртек деген не? Ол қандай қызмет атқарады?
«Бәйге жарыс». Біліміңді тексер.
Берілген сөйлемдерді зер салып оқып сабақтың қай қабатына тән екендігін анықтап, тұсындағы санын дәл келетін қабаттың астындағы бағанына жазыңдар.
Қабық Камбий Сүрек Өзек
4, 5,8 2,7 1 3,6
1. Сабақты жуандатып өсіреді. 2. Жылдық шеңбер (сақина) түзіледі. 3. Органикалық заттар қорға жиналады. 4. Су мен минералды заттар қозғалады. 5. Тін талшықтары орналасқан. 6. Сабақтың барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстырады. 7. Қабық пен сүректің арасында орналасады. 8. Сабақ тыныс алатын жасымықша жасушалары орналасады.
«Арқан тартыс»  №13 зертханалық жұмыс.
(Тамырсабақтың, түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау) .Үйге қорытындылауға берілген болатын. Бұған үш топтың оқушылары да қатысады. Қай топ зертханалық жұмысты толық бәрі орындап келсе, сол арқан тартыстан жеңіп шығады. Оқушылар берілге тапсырмаларды орындайды. Жауап беру арқылы диалогқа түседі.
2 минут Түрлі-түсті қағаздар Оқушылар гүл дегенде көз алдарыңа не келеді, ойларыңызға не түседі? Ойыңызға келген түсініктеріңізді түрлі-түсті қағаздарға жазыңдар. Түрлі-түсті қағаздарды таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді. Топқа бөлу. Оқушылар түрлі-түсті қағаздар өз ойларын жазады, бірдей түстер арқылы топқа бөлінеді. Түрлі – түсті гүлдер таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.
1 минут Интеркативті тақта, сөзжұмбақ Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу. (Гүл) Оқушылар жаңа тақырыппен таныс болады.
5 минут Интеркативті тақта, видео және слайд Қызығушылығын ояту. Гүлдер туралы видео және слайд көрсету. 10 минут Мәтін , оқулық, түрлі-түсті қағаздар Мағынаны ашу.
1-топ. Гүлдің құрылысы туралы сипаттама беру
2-топ. Аналықтың құрылысына сипаттама беру.
3-топ. Аталықтың құрылысына сипаттама беру. Мәтінмен танысады. Әр топ жұппен, кейін топпен талдап, ауысып, басқа топ мүшелеріне түсіндіреді.
2 минут Интеркативті тақта Сергіту сәті. Сауалнама
Сендер қандай түсті гүлді ұнатасындар?
Қызыл – белсенділік пен өмірлік күш қуаттың белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік жігерлі адамдар ұнатады. Олар қызба, әсершіл, қызу қанды келеді. Негізінен олар жетекшілер.
Қызғылт – жалынның түсі, негізінен ол адамдар ыстық қанды болып келеді. Олар жарқын, айрықша адамдар. Көптің ішінде ерекшеленіп тұрады. Жұрттың назарын өзіне аударып алады. Алға қойған мақсаттарына жету жолында өмірлерін қиюға әзір.
Сары – жылу мен жарықтың түсі. Бұл адамдар көпшіл, достыққа берік, еркіндікке талпынғыш. Ол бәрінен де өз еркіндігін биік қойып, әр түрлі шектеулерді жек көреді. Көңіл күй тез өзгергіш, оптимист адам.
Алқызыл – нәзік жанды ұяң жандардың түсі. Осындай адамдар туралы жұрт өмірдің тек жақсы, жарқын жақтарын ғана елеп ескеріп, қараңғы тұстарын ескергісі келмейді. Аузын ашса жүрегі көрінетін кіршіксіз, табиғи болмысты биязы және әдемі заттар мен жайлылықты сүйетін адам. Оған сезімталдық нық сенімділік қасиеттері де тән.
Ақ – шаттықтың түсі ақ түсті ұнататындар өте әсершіл қызба келеді, тез еліктегіш. Мұндай адамдар кейде өзінің ықпалында қалады, кейде ол өзгенің ықпалында да кетеді. Оларға өздерін демеп бағыттап отыратын сенімді достар ауадай қажет.
Көк – адамдар арасындағы жақсы қарым-қатынасты ең жоғары бағалайтын адамдар. Олар достықты бағалап, ал махаббатты бәрінен жоғары қояды. Олар зұлымдықты, салқынқандықты, араздықты ұнатпайтын ақтілекті жандар. 7 минут. Зертханалық құрал-жабдықтар №14 зертханалық жұмыс.
Гүлдің құрылысын қарау. Зертханалық жұмысты орындайды.
3 минут. Интеркативті тақта, дәптер «Көкпар» ойыны. Берілген сипаттамалар гүлдің қай бөлігіне тән екенін гүл бөлігінің бас әрпін қойып белгілеңдер (“ГС”-гүлсағақ; “ГТ”-гүлтабан; “Т”-тостағанша; 
1. Гүлдің дәл ортасына орналасқан. (Ж)2. Өркеннің түрі өзгерген жапырағы. (Г)3. Тозаң ұясы бар. (А)4. Гүлсеріктің ішкі бөлігі. (К.Т)5. Үлпекке айналған. (Т)6. Бунақденелілер қоректенеді. (К)7. Шірне бөледі. (К)8. Жабысқақ сұйықтық бөледі.(Ж)9. Ұшы ілмекке айналған. (Т)10. Екі қабат қабықшасы бар жасушалар жетіледі. (Ж)11. Хош иісті. (К)12. Мойны бар. (Ж) Проблемалық сұрақ қойылады, топ ішінде талқыланып, өз бағыттарын қайткенде де қорғап шығу үшін нақты дәлелдемелер даярлайды. Пікірталас кезінде жақтаушылар өзінің бағытын және дәлелін айтады, ал даттаушылар олардың дәлелін тыңдап, талқылап, оны басқаша түрде қайталап, өз бағытын қорғайтын дәлелді ұсынады. Осылайша екі жақ кезектесіп сөйлейді.
2 минут Интеркативті тақта, «Білгенге маржан» айдары
Кейбір өсімдіктер табиғи апаттардың жақындағанын сезеді екен. Ява аралында өсетін ханша жауқазын жанартау атқылайтынның алдында  жаппай гүлдейтін көрінеді.  Жер сілкінерден бірнеше күн бұрын акацияның жапырақтары мен гүлдерінің түсі өзгереді екен.
Тұңғиықтың гүлі таңертең ерте ( жазда таңертеңгілік 5-6 –да) ашылатыны белгілі. Ал кешкі 7-8 –дерде гүлі жабылады. Осыған қарап сағатты білуге болады. Жаңбыр жауар алдында олардың гүлдері жабылып, түгелдей суға батады екен.
Дүние жүзі бойынша ең ірі гүл – раффлезия гүлі  тропикті орманда өседі. Оның диаметрі- 1м, салмағы – 14 кг. Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы жіпшеге айналған. Сондықтан гүлі ағаштың түбінде жатады. Ағаш шырынымен қоректеніп, ағашты зақымдап, өсірмей тастайды. Иісі шіріген еттің иісіндей болғандықтан шыбын, шіркей, қоңыздар  арқылы тозаңданады. Оқушылар өздеріне мәлімет алады.
2 минут. Плакат, түрлі-түсті қағаздар Бағалау. Өзін-өзі бағалау. Гүлдің түстері арқылы өздерін бағалайды.
Қызыл гүл -5 бағасы
Жасыл гүл-4 бағасы
Сары гүл-3 бағасы
Кері байланыс жасау.«Бір сөзбен» әдісі - Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық,*Қанағаттану, *Шабыт, *Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану. Гүлдердің түсіне қарай өздерінің түсін жапсыру арқылы бағалайды.
Үйге тапсырма Тақырыпты оқып келу. №14 Зертханалық жұмыс қорытындылау. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
«Эмоция аралдары» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алу.
Оқушылар флипчартқа сабақ соңындағы көңіл-күйіне сәйкес «Білімділер», «Шабыт», «Қуаныш» «Көңілсіздік», «Дымбілмес» т.б. аралдарға өз қайықшаларын әкеледі.(қағаз түріндегі аралдар картасы болса жапсырады немесе маркермен белгілейді).
Оқушылардың формативті бағала
Жаңа сабақты түсіндіру: Мұғалім: Балалар, біз сіздермен бүгінгі сабақтан өсімдіктердің генеративті мүшелерін қарастырамыз Оқушылар: Өсімдіктердің генеративті мүшелеріне не жатады? Олардың вегетативті мүшелерден айырмашылығы қандай? Мұғалім: Өсімдіктің мүшелері Вегетативті Генеративті өсімді көбею тамыр, сабақ, жапырақ гүл, жеміс, тұқымМұғалім: Дұрыс. Ал, мен бүгінгі сабағымды Сәтімбековтың мына өлең шумақтарымен жалғастырғым келіп отыр (Р.Сәтімбеков.) Дала көркі сан алуан гүлімен, Құстың көркі сайрайтұғын үнімен. Табиғаттың тарылтпайтын тынысын, Жердің көркі жарық сәуле Күнімен. Гүлді көрсек жадырайды жанымыз, Гүлдерменен салтанатты сәніміз. Қызыл, сары, көк гүлдер бар сан алуан, Сол гүлдерге арналады әніміз! Сонымен біздің бүгінгі сабағымыз өсімдіктің генеративті мүшесі – гүл туралы болмақ. Мұғалім: Гүл дегеніміз – бұтақтанбаған, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Гүл – тек гү.лді өсімдіктекрге ғана тән, одан жеміс пен тұқым дамид«Үндемес » ойыны 
1. Гүлдің сағаққа бекінген бөлімі –
Гүлдің кеңейген жері –
Гүлдің жыныс мүшелері –
Гүлдің жеміс түзуге қатысатын бөлімі –
Аналықтың ең негізгі бөлімі –
Аталықтың тозаң ұясы бар бөлімі –
 
Венн диаграммасы    Өсімді мүшелер        Ұқсастығы Көбею мүшелері
        тамырсабақжапырақ       Өсімдіктің мүшелері                  гүліжемістұқым
 
 
VІІ.  Қорытынды бөлім
Сабақты бекітуде « Гүл» сөзжұмбағының да маңызы зор болды.Г Ү Л 1. Ерте гүлдейтін ірі гүлді бөлме өсімдігі. (Қозыгүл)2. Гүлдің бір бөлігі. (Күлте)3. Гүлдің ең жіңішке бөлігі. (Гүлсағақ)